І.Кіріспе 1.1 М.Әуезов университеті туралы
ІІ.Негізгі бөлім 2.1 Көлік тасымалдауды және қозғалысты ұйымдастыру кафедрасының тарихы
2.2 Көлік құралдарының құрылымдық құрылысының жіктемесі
2.3 Қозғалтқыштың иінді-шатунды механизмі
2.4 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
2.5 Қоршаған ортаны қорғау
ІІІ.Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер І. Кіріспе
Әр адамның өзіне ғана белгілі құпия-сырлары, тарихы бар. Ал адамдар бір-бірімен араласа отырып ортақ тарих қалыптастырады. Адам қысқа ғана өмірінде әлемді өзгерте алатын оқиғаларда, тарихи оқиғаларда өз ізін қалдырады немесе олардың куәгері болады. Кез-келген үлкен ұйымның тереңге тамыр жайған тарихы болады. Мен білім алып жүрген университет М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің де тарихы бар. Оқу практикасының тақырыптарының бірі осы университеттің тарихын білу болғандықтан ол туралы ақпараттар іздеп университеттің ресми сайтындағы ақпаратқа жүгіндім (Тарихы (auezov.edu.kz)). бұл сайтта университет тарихы толық көрсетілген екен.
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне келген әрбір адам бас ғимараттың жанындағы алеяға кірген болса, одан өзге жерлерде де мұқият болса «1943» санын көреді. Бұл университеттің ашылған уақыты, яғни 1943 жыл. Бұл уақыт Ұлы Отан соғысының қайнап тұрған кезеңі болатын. Университеттің ашылуындағы алғашқы мақсаты Құрылыс материалдарын дайындайтын мамандарды оқытып шығару, сол уақыттағы өзекті мәселе соғыс салдарынан қираған қалаларды қалпына келтіру болатын. Әрине күн тәртібіндегі алғашқы мәселе жеңіске жету, бірақ болашақты болжай білу, соған орай алдын ала әрекет жасау мемлекеттің басты назарында екені анық. 1943 жылдың 19 маусымында КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің №679 қаулысымен Құрылыс материалдары технологиялық институтын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Осы жылдың 29 маусымында КСРО Халкомы жанындағы жоғары мектеп істері жөніндегі Бүкілодақтық Комитет пен КСРО құрылыс материалдары өнеркәсібі комисарының «Қазақ КСР-і Шымкент қаласында Құрылыс материалдары технологиялық институтын ұйымдастыру туралы» білескен бұйрығы шықты. Бұл ел басына күн туған сол бір ауыр кезде ертеңгі жеңіске деген нық сенімнің көрінісі еді. Алғашында оқу ғимараты ретінде қазіргі Қазыбек би көшесіндегі педучилищесінің ғимараты берілген болатын. Ал университет басшылығына Харьковтен келген Константин Деляур Александрович бекітілді. Шындығында бұл тұлға осы оқу орнының ашылуында үлкен роль ойнаған фигуралардың бірі болатын. Алғашқы оқу жылында институт құрамында екі факультет: технологиялық және тау-кен факультеттері және 7 кафедра болды. Институтта небары 18 оқытушы, олардың ішінде 2 профессор және 5 доцент болды. Ал алғашқы студенттер саны мен құрамына келетін болсақ, алғашқы жылы 240-қа жуық студент білім алды. Олардың 108-і орыс, 87-і еврей, 30-ы украин және бір ғана қазақ баласы. Жаңадан ашылған университеттің құрамында жергілікті ұлт өкілдерінің аз болмауына себеп, олардың негізінен Украинадан эвакуацияландырылғандардан құрылған болатын.