3. Кататумбо найзағайы – бұл таңғажайып құбылыс жарқырауды бірде-бір дыбыссыз шығарады. Найзағай шамамен жерден 5 километр биіктікте пайда болады.
4.Аталған найзағай сағатына 280 рет, күніне 10 сағат бойы, жылына 140-160 рет түседі. Бұл құбылыс Кататумбо өзені, Венесуэладағы Маракайбо көліне құйылатын жерінде, дәл өзеннің сағасында байқалады. (100 сөз)
1. Мәтін формасы мен түрін анықтау.
2. Жоспарын құру.
3. Кататумбо найзағайы неге таңғажайып құбылыс деп саналады?
A) биіктікте болғандықтан
B) қатты жел болғандықтан
C) өзен жанында болғандықтан
D) дыбыссыз болғандықтан
E) қатты дыбыс шыққандықтан
4. Мәтіннің 4- бөлімнің мәтінге қатысы қандай?
A) суреттейді
B) сипаттайды
C) баяндайды
D) қорытындылайды
E) әңгімелейді
Дескрипторы:
мәтін формасы мен түрін анықтайды;
жоспарын жасақтайды;
сұрақтарға жауап береді.
3- мәтін
1.Бразилия елінде жылына екі рет, дәлірек айтқанда, ақпан және наурыз айлары аралығында Амазона өзені сағасында Атлантикалық мұхиттан ащы, анағұрлым ауыр судың келгені байқалады. Мұхит суы өзен ағымымен кездесіп, өзен суын ығыстыра бастайды. Соның нәтижесінде, биіктігі 6 метрге жететін алып толқындар пайда болады.
2.Көктем кезінде Дания елінде таңғажайып құбылыс болады: Барлық аймақтардан ұшып келген миллионнан астам еуропалық қараторғай күн батпай тұрып үлкен топқа жиналады екен. Оңтүстіктен ұшып келген қараторғайлар күні бойы көк шалғында болып, кешкісін аспан төрінде топтық би билейді екен.
3.Даттықтар бұл құбылысты "Қара Күн" деп атаса керек. Аталған құбылысты наурыз айынан бастап, сәуір айының ортасына дейін тамашалауға болады. (99 сөз)
1. Мәтін стилі мен жанрын анықтау.
2. Мәтіннің алғашқы бөліміне сай тақырыпты белгілеңіз
A) Дания еліндегі таңғажайып
B) Бразилия елінде
C) Мұхит суы
D)Алып толқындар
E) Амазона өзені
3. Қараторғайлар күн батпай тұрып неге топқа жиналады?
A) алыстан ұшып келгендіктен
B) барлық аймақтан келгендіктен
C) көктем болғандықтан
D) аспанға қалықтау үшін
E) топтық би билеу үшін
Дескрипторы:
мәтін стилін белгілейді;
жанрын табады;
мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
4- мәтін
Ағайынды Райттарға дейін мыңдаған жылдар бұрын ұшатын аппарат ойлап табу идеясы мұсылман ақыны, астроном және инженері Аббас ибн Фирнастың (Abbas ibn Firnas) басына келеді. 852 жылы ол мешіттің төбесінен еркін желбірейтін плащқа ағаш тақтайшаларды жабыстырып секіреді. Фирнас құс сияқты қалықтап ұшамын деп ойлағанымен бұл ойы іске аспайды. Плащ ғалымның құлауын біршама баяулатқаны болмаса, толыққанды парашюттің міндетін атқара алмады. Осылайша ғалым кішкене қорқыныш пен болмашы жарақатпен құтылды. 70 жасында аппаратын жетілдірген Фирнас бұл жолы таудан секіруді жөн көреді. Ол ауада 10 минут қалықтап тұрады, бірақ нәтижесінде сәтсіз құлап, бақилық болады: бар мәселе аппаратқа құйрық жасамауында еді. (97 сөз)
1.Мәтін мақсаты мен көзделген аудиториясын анықтау.
2. Мәтін мазмұнына сай келетін тақырыпты көрсетіңіз
A) ұшатын плащ
B) ағайында Райттар
C) ұшатын аппарат
D)өнертапқыш ғалым
E) инженер Фирнас
3. Фирнастың апатқа ұшырауына не себеп болды?
A) Фирнастың 70 жасы
B) аппараттағы ақаулық
C) сәтсіз құлауы
D) таудан секіруі
E) қорқыныштың болуы
Дескрипторы:
мәтін мақсатын анықтайды;
аудиториясын белгілейді;
мәтінге сай тақырыпты қояды;
Фирнастың апатқа ұшырау себебін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |