Практикалық бөлім
1-мәтін
Бірінші дүние жүзілік соғыс уақытында Германияда ұсақ ақша жетіспеушілігі бастау алады және соның есебінен гиперинфляция басталған. Сол үшін Рейхсбанк жергілікті ақша нотгельді шығарады. Ол басқа Еуропа елдерінде де қолданыста болғанымен, негізінен Германияда кең тарқалған еді. Неміс нотгельдтері жергілікті үкімет және бірнеше өнім өндірушілер тәрепінен қағаз, шыны және пресстелген көмірден жасалған. Олардың бірінде есек, екіншісінде ақсиған тісін көрсетіп тұрған мақұлық бейнеленген. Қағаз ақшалар 1923–1924 жылдары ақырындап қолданыстан шығарыла бастаған.
(70 сөз)
1. Мәтінмен танысып, негізгі тақырыбы мен идеясын ашу.
2.Мәтінге қандай тақырып қояр едіңіз?
A) Есек және мақұлық бейнеленген неміс нотгельді
B) Неміс нотгельді және қағаз ақшалар
C) Неміс нотгельді және жергілікті үкімет
D)Есек және мақұлық бейнеленген банкноттар
E) Жергілікті ақша нотгельді және банкноттар
3.Мәтінді қорытындылап тұрған мақал- мәтелді белгілеңіз
A) Әлін білмеген әлек.
B) Еңбегіңмен жиған ақшаң дәмді болады.
C) Қазаншының өз еркінде, қайдан құлақ шығарса да
D) Байлықпен жиған ақшаң қанды болады.
E) Суға кеткен тал қармайды.
Дескрипторы:
мәтінмен танысады;
негізгі тақырыбын ашады;
идеясын анықтайды;
мәтінге сәйкес тақырып таңдайды;
мәтін мазмұнына сай мақалды табады.
2- мәтін
1. Жануарлардан тұратын жаңбыр – әлемнің көптеген елдерінде тіркелген болса да, өте сирек кездесетін метеорологиялық феномен.Алайда Гондурас халқы үшін бұл үйреншікті құбылыс ретінде қалыптасқан. Әр жылдың мамыр, шілде айларында аспанда қара бұлттар пайда болып, найзағай жарқырап, күн күркіреп, қатты жел соғып, 2-3 сағат жаңбыр жауады...
2.Жаңбыр аяқталысымен, жерде жүздеген тірі балық денелері жатады. Кейін халық оны жинап, қуырып жейді.
Достарыңызбен бөлісу: |