негізгі ұғымдар. болжамды тексерудің жалпы схемасы Статистикалық болжам деп кездейсоқ шаманың үлестірімінің түрі немесе үлестірім параметрлері туралы алдын-ала жасалатын болжамды айтады. Статистикалық болжам таңдаманың көмегімен тексеріледі.
Алдымен нөлдік болжам деп аталатын, тексерілуге тиіс Но болжамы қарастырылады. Бұл болжамға қарсы болжамды альтернативті деп атап, Нәріпімен белгілейміз. Мысалы:үлестірімнің белгісіз параметрі Ө туралы нөлдік болжам былай болса Но: Ө=Өо, онда Н
Бірінші текті қате – Но болжамы жоққа шығарылып Н болжамы қабылданады, Бірақ негізінде Но дұрыс.
Екінші текті қате – Но болжамын қабылдаймыз, бірақ негізінде Н болжамы дұрыс.
Анықтама 2. Бірінші текті қате жіберу ықтималдығын маңыздылық деңгейі дейміз де, әріпімен белгілейміз.
Болжамды тексерудің жалпы схемасы:
1) үлестірімі белгілі статистикалық критерий деп аталатын F кездейсоқ шамасы енгізіледі. Бұл шаманың әртүрлі еркіндік дәрежелері болып, ал үлестірімі қалыпты, хи-квадрат, Стьюдент, Фишер-Снедекор үлестірімдерімен берілуі мүмкін;
2) таңдамалық (эмпирикалық) белгілі деректерге сүйене отырып , критерийдің бақыланатын мәні F, анықталады;
Берілген маңыздылық деңгейінде F үлестірімнің сын нүктелері кестесі арқылы, критерийдің сындық мәні - F анықталады;
Егер F болса, онда Но болжамын жоққа шығаруға негіз жоқ, ал егер F болса, онда Но болжамы қабылданбайды.