Сулы қолмен ток көзіне қоспау/суырмау. Жұмыс ақяталған соң ток көзінен суырып қою
Шыны ыдыстар (химиялық ыдыстар)
Орташа
Тиіс орнына қою. Ұқыптылықты сақтау
Жұмыс барысы
1-тәжірибе. Альбумин нәруызына әр түрлі рН әсері Үш сынауықты алып маркермен «3», «7» және «14» деп белгілеңіз. Оларға алдын-ала дайындалған 2 мл жұмыртқа альбуминін құйыңыз.
рН буферін сәйкес сынауықтарына 2 мл мөлшерде қосыңыз және 10 минутқа қалдырыңыз.
Уақыт аяқталған соң сынауықтардағы ерітінділерді салыстырыңыз. Қандай процесс жүрді?
Мәліметтерді кестеге түсіріңіз.
2- тәжжірибе. Альбумин нәруызына әр түрлі температураның әсері 1. Үш түрлі (20/40/45/80 °С) су моншасын дайындаңыз. Сулы моншаны бүкіл сынып үшін алдын-ала дайындап қою қажет! 2. Үш сынауық алып оларды маркермен «20», «40», «45», «80» сандармен белгілеңіз. Олардың әрқайсысына алдын-ала дайындалған 2 мл мөлшерде жұмыртқа альбуминін құйыңыз.
3. Су моншалары дайын болғаннан кейін, сынауықтарды сәйкес су моншаларына 10 минутқа қалдырыңыз.
4. Уақыт аяқталған соң сынауықтардағы ерітінділерді салыстарыңыз. Нәтижесін кестеге жазып алыңыз.