Практикалық жұмыс №3 Тақырып: Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын нормалау Бақылау сұрақтары



бет2/3
Дата25.09.2022
өлшемі23,02 Kb.
#40153
1   2   3
Байланысты:
ПС 3

Өлшеу құралдарын тексеру - өлшеу техникаларын мемлекеттік тексерудің маңызды түрі.
Тексеру деп өлшеу құралдарьшың қате жіберушілігін экспериментальды түрде анықтау және олардың әріқарай қолданылуға жарамсыздығын анықтауды айтады.
Өлшеу кұралдары мен приборлары - өлшенетін шамаларды тік немесе жанама өлшеу бірлігімен салыстыратын кұрылымдар. Өлшеу құралдары приборлар мен сайдтарға бөлу шартты түрде болады, яғни жай өлшем құралдарын өлшеу аспаптарына, ал күрделілерін өлшеу приборларына жатқызады. Өлшеу кұралдарын қолдану сипаттамасына қарай әмбебапқа және арнаулыға бөледі.
Әмбебап өлшеу құралдары конструкциясы және әсер етуіне байланысты келесі топтарға бөлінеді:
- жай өлшеу құралдары (сызғыш, кронциркульдер, ішкі өлшегіштер және т.б.);
- сызғышты конусты штрихты аспаптар (штанген аспаптар, әмбебап бұрыш өлшегіштері);
- микрометрлік аспаптар (микрометрлер, микро-тереңдік және ішкі өлшегіштер);
- рычагты-механикалық приборлар (индикаторлар, микрокаторлар);
- рычагты-оптикалық және оптикалық приборлар (оптиметрлер, аспапты микроскоп, өлшеу микроскоптары);
- пневматикалық (төмен қысымды, жоғары қысымды ротаметрлер);
- электрифицирленген приборлар, қондырғылар және жүйелер.
Арнайы қолдануға арналған құралдар келесі топтарға бөлінеді: жазықты, түзу сызықтылықты және көлбеулікті бақылау кұралдары (деңгейлер, плиталар, тексеру сызғыштары); бет кедір бұдырлығын өлшеу құралдары (профилометрлер, профилографтар, қосақталған микроскоп, интерферометрлер); бұранда өлшеу құралдары (бұранда микрометрлер, қадам өлшегіштер); цилиндрлі және конусты тісті дөңгелектердің элементтерін өлшеу құралдары (штанген тіс өлшегіш, тангенциальды тіс өлшегіш).
Өлшеу қондырғылары - ол функциональды біріктірілген өлшеу құралдары мен көмекші құралымдар, олар бір жерде орналасады және өлшеу ақпарат сигналын өлшеушіге ыңғайлы түрде айналдыру қызметін атқарады.
Өлшеу жүйелерінің - өлшеу кондырғыдан айырмашылығы өлшеу ақпарат сигналын өлшеушіге ыңғайлы түрде айналдыру ғана емес, сонымен қатар өлшеу нәтижелерін автоматты өңдеу және оны қашықтыққа беру немесе басқарудың автоматты жүйелерінде қолдану.
Өлшеу құралдарын таңдаудың ең маңызды мағыналы метрологиялық көрсеткіштеріне жататындар: өлшеу және көрсету өрісі, шкала бөлігінін нарқы мен аралығы, санау дәлдігі, өлшеу дәлсіздігімен өлшеу күші.
Көрсету өрісі. Шкалалы есептеу құрылымды өлшеу приборы көрсеткіш диапазоны - ол бастапқы және соңғы шамалармен шектелген шкала бойынша мән саласы. Кез келген жағдайда тетіктерді бақылауда ол өңдеуге берілген дәлдік шектерден аз болмауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет