Практикалық жұмыс №6 Python-дағы математикалық амалдар



бет4/5
Дата09.02.2023
өлшемі326,15 Kb.
#66447
түріПрограмма
1   2   3   4   5
Байланысты:
Практикалық жұмыс №6 Python-дағы математикалық амалдар (1)

math.cos(x)

Х санының cos мәнін қайтарады

math.sin(x)

Х санының  sin мәнін қайтарады

math.tan(x)

Х санының  tan мәнін қайтарады

math.acos(x)

Х санының  acos мәнін қайтарады

math.asin(x)

Х санының  asin мәнін қайтарады

math.atan(x)

Х санының  atan мәнін қайтарады



Жоғарыда сипатталған функцияларды сандарға қолдану мысалы
Программада бүтін саннан тұратын х айнымалысы анықталған.
Х айнымалысының мәні print() командасы арқылы экранға шығарылады. z айнымалысына math модуліне кіретін тригонометриялық функциялар нәтижесі қайтарылады. Ары қарай, print() командасымен қолданылған функция мен оның нәтижесі туралы хабарлама шығады.

Нәтижесі:



Тұрақтылар:

  • math.pi - Pi саны.

  • math.e -  е (экспонента) саны.

МЫСАЛ
Төмендегі математикалық өрнекті есептеуге арналған программа құрыңдар. Айнымалылардың мінң пернатақта арқылы енгізіледі. Нәтижесі үтірден кейін екі орын алатындай етіп шығарылсын.
0 Нұсқа 

x=10; t=1


Шешімі
1. Алдымен math модулін импорттаймыз. Ол үшін import math командасын қолданамыз.
2. Ары қарай бүтін типті x және t екі айнымалыны енгіземіз. Оларды енгізу үшін input командасын қолданамыз. Алайда алдымен олардың типін анықтап алу керек: x=int(), t=int().
Айнымалылардың типі анықталғаннан кейін int() командасынан кейін input() командасын енгіземіз.
3. x айнымалысы үшін: x=int(input("х айнымалысына мән бер")), t айнымалысы үшін: t=int(input("t айнымалысына мән бер")) қатарларын енгіземіз.
4. Келесі қадам - арифметикалық өрнекті құру. Алдымен бөлшектің алымын жазып алайық:
9*math.pi*t+10*math.cos(x).
5. Бөлшектің бөлімін құратынкезде бөлшек берілген кезде алымы оның бөлңмңне толық бөлінетіндігін ескеру керек, сондықтан да бөлімді жақшаға алып жазамыз:
math.sqrt(t)-math.fabs(math.sin(t))).
6. Арифметикалық өрнекті толық жазу үшін алымы мен бөлімінің арасына / бөлу белгісін қоямыз:

9*math.pi*t+10*math.cos(x))/(math.sqrt(t)-math.fabs(math.sin(t))).


7. Соңғы қадамда бөлшекті х дәрежесіндегі экспонентаға көбейтеміз: math.pow(math.e,x).


8. Нәтижесінде арифметикалық өрнектің толық түрі мна түрде болады:


z=((9*math.pi*t+10*math.cos(x))/(math.sqrt(t)-math.fabs(math.sin(t))))*math.pow(math.e,x).


Арифметикалық өрнекті жазу барысында ашылған жақшалар мен жабылған жақшалар санына назар аудару керек. print() командасы арқылы айнымалылардың мәндерін шығарып, format командасы арқылы нәтижені форматтаймыз.


Форматтың өзі апостроф пен {} фигуралық жақшаларға алынып жазылады..
Есептің шарты бойынша үтірден кейінгі екі орындық дәлдікпен шығару керек. Олай болса, форматымыз келесі түрде болады: {0:.2f}, мұндағы 2 - үтірден кейінгі орын саны, ал f нақты санның форматталып жатқандығын көрсетеді.Оның ішінде 2 санының алдына нүкте қойылады, ол нақты санды форматтап жатқандығымызды көрсетеді.



import math


x=int(input('x-ke man ber:'))
t=int(input('t-ga man ber:'))
z=((9*math.pi*t+10*math.cos(x))/(math.sqrt(t)-math.fabs(math.sin(t))))*math.pow(math.e,x)
print('z={0:.2f}'.fomat(z))




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет