Қорытынды.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуды жалпы білім беру жүйесінде ұйымдастырудың соңғы мақсаты жоғары сапалы білім және барлығын оқытуға ыңғайлы жағдайлар болуы тиіс.Күтілетін нәтижелерге жету инклюзивті білім берудің үш тең дәрежелі құраушысын:білім беруді ары қарай дамытуға қажетті ойлау векторларын көрсететін инклюзивті мәдениет, инклюзивті тәжірибе,инклюзивті саясатты дамытумен қамтамасыз етіледі.«Инклюзивті мәдениет» құраушысы мектептегі өзгерістердің негізі болып саналады. Ол мектеп қауымдастығын құруды және инклюзивті құндылықтарды қабылдауды қарастырады. Инклюзивті білім беру сүйенетін құндылықтар қатарына жатады:
- әрбір бала-тұлға;
- барлығы оқи алады-оқытылмайтын бала жоқ;
- әрбір баланың өзіне тән ерекшеліктері,қызығушылықтары,қабілеттері мен оқудағы қажеттіліктері бар;
- кез келген түрдегі шеттетуге тыйым салу;
- қоғам өміріне қатысу әр адамның құқығы;
- бір-біріне төзімділік:бірге,бір әлемде бір бірімен тұруға дайын болу; ----------адамдарды барлық кемістіктерімен қабылдау;
- «алуан түрлілік үндестігі» ретінде түсінілетін толеранттылық бағытында тәрбиелеу» .
Инклюзивті тәжірибені дамыту оқыту процесін басқару мен ресурстарды жинақтауды қарастырады.Сабақтарда оқушылардың біркелкі емес мүмкіндіктері ескеріледі,өз біліміндегі белсенділік,өзінің практикалық және өмірлік тәжірибесін қолдану марапатталады.Оған:
- білім беру ресурстарына физикалық қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- педагогтарды даярлау;
- оқушыларға қажеттіліктеріне сәйкес жеке және қосымша көмек көрсету; - жеке бадарламалар бойынша оқуға мүмкіндік беру;
- жеке бағдарламалармен оқитын оқушыларды аттестаттау және бағалаудың рәсімдері мен қағидаларын өзгерту жатады.
Білім беру ортасын бейімдеу ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды оқыту жолындағы кедергілерді жеңу үшін білім беруді басқару органдары тарапынан маңызды шешімдер қабылдауды талап етеді.Мектеп әкімшілігінде мектепті инклюзия бағытында дамыту жоғарыда аталған барлық үш құраушыда іске асырылуы керектігі туралы нақты түсінік болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |