Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Қожаберген жырау (шығармалар жинағы)» /Құрастырғандар Б. Тұр-
ғараев, С. Жұмабаев. – Петропавл: «Жеті жарғы және Қожаберген» ҚҚ, 2010.
– 294-б.
2. Жолдасбеков М.Ж., Шалахметов Г.М.,Аубакир Д.А. «Философия ин-
формационной цивилизации и глобальная концепция УР» // Устойчивое разви-
тие. «Наука и практика» (журн.). – М.: ВНИИГеосистем, №1. 2002. – Стр.
57-66.
3. Әубәкір Д.Ә. «Өлеңнен өрдім поэма, арқаннан естім тәсілді». Инновация
инновации рознь. – Семей: Printmaster, 2006. – 250 б.
4. «Алаш» қозғалысы / Құрастырғандар Е. Тілешов, Д. Қамзабекұлы,
И. Нұрахмет. – Алматы: Сардар, 2008. 324 б.
5. Азаттықтың өшпес рухы (Нұрғожай батырдың естеліктері және Оспан
батыр). Тарихи баян. – Алматы: Сардар, 2008. – 388 б.
6. Момышұлы Бауыржан. Соғыс психологиясы. – Семей, 2010. – 400 б.
ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ
ӨЛЕҢ-ТОЛҒАУЛАРЫНЫҢ
ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ
(Филология ғылымдарының докторы,
профессор Зұфар СЕЙІТЖАНОВТЫҢ сөзі)
Тәуелсіздік ұлттық намысымызды оятып, еркін санаға ие етті. Белгілі бір
шеңберден шықпай сөйлейтін тілге тиек қойылған заман келмеске кетті. Жау-
ырды жаба тоқуды қойып, жалтақтамай айтуға мүмкіндік берді. Тәуелсіздіктің
арқасында төрт құбыламызды түгелдей бастадық. Осы ретте «Мәдени мұра»
бағдарламасының аясында қаншама игі істер атқарылды. Қазақ халқының
бостандығы жолында күрескен арыстар мн көзден көшкенмен көңілден өшпей
18-254
274
Қожаберген жырау – 350
жүрген ақтаңдақтарды ашып, халықпен қайта қауыштырдық. Солардың бірі –
Қожаберген жырау.
Осы тұрғыдан келгенде, сегіз қырлы, бір сырлы өмір кешкен баһадүр-батыр,
суырыпсалма ақын Қожаберген Толыбайұлының артында қалған мұраларын
жан-жақты танып-білудің мәні зор. Бұл – әдебиеттану ғылымының да басты
міндетінің бірі.
Қожаберген жыраудың «Жастық» атты толғауын оқығанда оның ғұ-
мырнамасынан біраз хабар табамыз. Елдікті, ерлікті мақсат еткен жыраудың
жансыры айтылғандай әсер қалдырады. Бұл толғауда ешқандай әсірелей айту
жоқ. Қайта қай кезде де елдің еркіндігі мен тыныштығы үшін белді бекем буған
адамның тәуекелін танығандай боламыз.
Саналы болып тумасам,
Ата жолын қумаспын.
Қолыма найза алмасам,
Елдікке белді бумаспын.
Не:
Білекті жігіт болмасам,
Жауға өрт боп тимеспін.
Жүректі жігіт болмасам,
Көбелі сауыт кимеспін.
Алып жігіт болмасам,
Еменнен садақ имеспін.
Сардар жігіт болмасам,
Ұрандап жауға тимеспін.
Ел мен жердің бүтіндігі, амандығы үшін сардар болып, садақ алу міндет деп
біледі. Ер – азаматтардың жауынгерлік рухын көтере суреттеп, ерлікті олардың
басты белгісіне балайды.
Қолыма ту алмасам,
Арабы ақбаз мінбеспін.
Дұшпанды дәлдеп атпасам
Қарыма садақ ілмеспін [1, 126-127 б.], –
дейді.
275
Қожаберген жырау – 350
Батырлық, ерлік сарын басым туындысы көпке айтқан антындай естіледі.
Бұл жеңіл айтыла салған сөз емес. Өйткені, төгілте айтқан жыр жолдары-
нан өршілдік, өзінде, өзгені де жігерлендіре сөйлеу аңғарылады. «Қазақ –
қалмақ соғыстары ХІV ғасырда басталып, 1771 жылға дейін созылды. Үздік-
создық, бірде шабысып, бірде алысып, түрік тектес екі халық үш жүз алпыс-
жетпіс жыл шамасы өзара қырқысты» [2,5-б.]. Осындай қиын-қыспақ за-
манда қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының біріккен жасағына қолбасы
болған батырдың өз тұлғасы көз алдымызға келеді. Ерлікті ту етіп, ел на-
мысын бәрінен жоғары қойған өз заманының дана жырауы жаугершілік за-
ман суретін шынайы бейнелеген. Дүбірлі дәуірде жат жұрттың озбырлығына
қайратымен де, айбатымен де қарсы тұрып, қалың қауымға қажетті жырын
да арнайды.
Қожаберген жырау шығармаларының басты тақырыбының бірі – ел
тағдыры. Өмірінің қырық бес жылында қол бастап сардар болған батырдың
өлең-толғауларында жорық-жортуыл үнемі айтылып отырады. Аумалы-төкпелі
заманда баһадүр-батыр болып та, көсем де шешен болып та іс-қимыл жасаған.
Қару мен қаламды қатар ұстаған. Жауынгерлік рухтағы поэзиясы жігерді жа-
нып, намысты қайрап отырады. «Ақсауыт» атты өлеңінде:
Ер жігіт деген сол болар,
Жасқанбай жауға беттесе.
Жан жолдас деген сол болар,
Жалғыз тастап кетпесе.
...Ерлердің ісі еленбес,
Халық үшін терін төкпесе
[3, 223 б.], –
дейді.
Елдің, жердің ерлік рухына қанып өскен ақын ел намысынан, жердің
бүтіндігінен мәнді ештеңе жоғын ұғындырады. «Ерлердің ісі еленбес, халқы
үшін терін төкпесе». Ата-баба салтын сақтайтын намыскерлікке үндеп, оны сырт
көздің сұғынан қорғауды перзенттік парыз санайды.
Қожаберген жыраудың «Жеті Жарғы» өлеңінде оның тағы бір қыры
көрі неді. Ол биік парасат-пайым иесі болғандықтан Әз Тәуке хандық құрған
(1680-1718 жж.) тұста дүниеге келген «Жеті Жарғыны» жазуға қатысып,
қазақ елінің әдет-ғұрып заңдарын қалыптастыруға атсалысқан. Себебі, бұл
елдің ішкі мәселесін реттейтін заң – түзім болатын. Мұндай белгілі заң нор-
276
Қожаберген жырау – 350
маларын басшылыққа алғанда ғана халықтың бірлігі артады, мемлекет нығая
түседі. Осыны ескерген Әз Тәуке елді басқарудың қалыптасқан ережесіне
сүйенуді мақсат еткен. Ал Қожаберген жырау хан тапсырмасын орындаған.
Әз Тәукеге қызмет қып,
Жаздым «Жеті Жарғыны».
Салыстырып талдадым
Бергі менен арғыны, –
деп түсінік береді.
Жырау жас кезінде Үргеніш, Бұхара, Самарқанд медреселерінде білім
алған. Араб, парсы, шағатай тілдерін жақсы білген. Ендеше өз заманының
білімді азаматы халық үшін аса мәнді құжатты жазуға қатысқаны ешқандай
күмән туғызбайды. «Салыстырып қарадым бергі менен арғыны» деуінің мәні
жоқ емес. Заң, ережені жазарда «Есім ханның ескі жолы мен» «Қасым ханның
қасқа жолын» қараған, қайта реттеген. Өз кезінің әлеуметтік ортасына
лайықтап тереңдете қайта жазған. Мұны ақынның өзі де растайды. Тағы оқып
көрейік:
Көмектесті біздерге
Қазыбек, Төле, Әйтеке,
Қазақтың заңын нығайтып,
Тыйым салды тентекке.
«Жеті Жарғыны» жазуда,
Іс тындырдым бір талай
Деген жоқ ешкім бұл қалай? (4, 112-б.)
[4], –
деген жолдардан «бір талай іс тындырғанын» білеміз.
Бұған қарағанда қазақ елінің қоғамдық-әлеуметтік қажеттігінен туған заң –
түзім жинағын жазуға кемеңгер үш бидің (Төле, Қазыбек, Әйтеке) қа тысқа-
нын көреміз. Дала даналығын бойына сіңірген айтулы тұлғалардың «Жеті
Жарғыны» жазуға қатысуы олардың қайраткерлік қырларын көрсетері хақ.
Ақынның «Білерсің» деген толғауында өмір құбылысынан көрген-білген,
түйгендерінен сыр тарқатады. Тіршілік мәніне немқұрайды қарайтын кейбір
самарқау жандарға ой салғандай болады. Параллел салыстырулар арқылы
түйін-тұжырым жасайды.
277
Қожаберген жырау – 350
Жігіттіктің қадірін
Қартайғанда білерсің.
Дәулетіңнің қадірін
Бақ тайғанда білерсің.
Немесе:
Қызыл тілдің қадірін
Байланғанда білерсің.
Жақсы туыс қадірін
Айырылғанда білерсің.
Өз заманының терең ойлы азаматы ретінде өмір заңдылықтарын тереңнен
тарта ғибрат айтады. Мұны келелі кеңес десек те болады. Толғау дыбыс үндестігі
жағынан да айшықты. Мұндай ерекшелік жыраудың өлең-толғауларында мол.
Бұл сипат та арыдан тамыр тартар көркемдік дәстүр десек артық болмайды.
Қожаберген жыраудың бір өлеңі «Кәрілік» деп аталады. Кәрілік – дауасыз
құбылыс, одан ешкім де сырт қала алмайды. Қарттықтың өз заңы бар. Жа-
лынды жастық өткен соң бойдағы күш-қайрат азаяды. «Аузымда тіс қалмады
суырылмаған» деп өкінгендей болады. Ал енді осы қарттықтың қарымтасын
қалай қайтаруға болады? Ол үшін жастықты бағалай білу керек. Өкінбейтіндей
өмір өткізіп, байлыққа да, бақытқа да өз күшімен жетуді кеңес етеді. Бір сәт
«тілеуін мұсылманның бер, жасаған» деп аталық ақ тілегін айтады. Жырау
өлеңінің соңын:
Жылқыда ұстатпайды сұр ат маған,
Сөзімді кей адамдар ұнатпаған.
Жүзіне бұл фәнидің көз тастасам,
Пенде жоқ мәңгі қалып тұрақтаған, –
деп бітіреді.
«Жазмыштан озмыш жоғын» мойындағандай болады. Осы арқылы көпке
ой салады. Тағы да тәубеге шақырғандай болады. Дана жыраудың өлеңінің осы-
лай аяқталуы да шындыққа жанасымды. Өйткені, қартаймау үшін қандай әрекет
етсең де одан нәтиже шықпақ емес. Сондықтан жастықтың да, қарттықтың
да барлық адамға ортақ екенін ұмытпаған жөн. Осы арқылы адам өмірі әр
кезеңінің сыр-сипатына қанықтырады.
278
Қожаберген жырау – 350
Жыраудың «Едіге биге айтқаны» толғауында қарттық пен жастық салысты-
рыла сөз етіледі. Толғау сәлем бере келген нағашысы Едіге бимен амандасу-
дан басталады. Одан кейін өткен өмір жолдарынан хабардар етеді. Қарт жырау
жүзінен ажар, көзінен нұр кетіп, бір дәрменсіз күйге түскенін мойындайды.
Есімнен ұмытылды өнер-білім,
Қарлықты кәрілік жеңіп асқақ үнім.
Көзімнен осы күнде бір-бір ұшты.
Ту ұстап, тұлпар мінген қайран күнім [5, 88 б.].
Бұл кезде 97 жасқа келген жырау «ту ұстап, тұлпар мінген қайран күнім»
деп жастық шағының алыс қалғанына налиды. Баяғы жастықтың алымы мен
шалымы жоқ, кәрілік әбден меңдеткен. Қатар құрбыларының бәрі кеткен.
Жалғыздық жанына батады.
Қазақтың көрдім талай жарлы, байын,
Көмейден ағылтуға жырым дайын.
Кәрілік иығымнан мықтап басып.
Меңдетіп әлім кетті күн-күн сайын.
Кәрілік иығынан мықтап басып, еңесін көтертпейді. Бұрынғы күш-қуат жоқ,
жаны жүдеу тартқан. Үйден ұзап шыға алмайтын күйге түскен. Сыр айтып, мұң
шағар пенде жоқ. «Қор болды, күн өткен соң ғазиз басым» деп кәрілікті дауа-
сыз дертке балайды.
Бұдан соң жастарға қайрыла толғайды. «Жігіттер алды-артыңды ерте
ойла, тірлікте күн түспесін надан-насқа» деп ойлы болуға шақырады. Қысқа
ғұмырда қапы қалмауды өсиет етеді. Енді бірде басқа әуенге ауысады. Көпті
көрген, аузы дуалы жырау бірлікті, елдікті сақтайтын ақыл-өсиет сөздерді
айшықтайды.
Өрлей түс қыран құстай көкте қалқып,
Үш жүзді соңына ерт, түгел қамтып.
Дұшпанға тіршілікте басыңды име,
Жайнай бер жанып тұрған отша шалқып, –
деп ақтық аманаттай асқақ сөз айтады.
279
Қожаберген жырау – 350
Бұл толғауда адам өмірінің бір кезеңі – кәрілік жайында ғана айтып қоймай,
өмір-тіршілік туралы философиялық түйіндеулер жасап отырады. Әлеумет-
тік мәнді мәселелер көрініс табады. Сонмен бірге әділдік, қанағат, сабыр-
лық, сыйластық, т.б. тәрізді адам арасындағы моральдық-этикалық қарым-
қатынастарды көлденең тартып отырады. Бұдан Қожаберген өз заманының
маңызды мәселелері мен өмірді мағыналы-мазмұнды өткізудің жолдарын үзбей
толғаған айтулы ақын болғанын білуге болады.
Ақынның «Қайран жастық» толғауы – әсерлі туынды. Бұл шығармасы
жастық шақпен қоштасу сипатында жазылған. Бойыңды күш-жігер, ойың
да арман-үміт кернеп, ешнәрседен тайсалмайтын жалыны мол жастыққа
не жетсін! Жастық – ойын-сауықпен өтетін думанды шақ, aдам өмірінің
қызықты кезі. Бірақ жастық та «жел-құйындай тез өте шығады» екен.
Сондықтан:
Өттің бе, есіл жастық көрген түстей,
Тойыппыз қызығыңа жемей-ішпей.
немесе:
Шынында өткен дәурен түс секілді,
Жастық шақ бір жарамды іс секілді, –
дейді жырау. «Есіл жастықтың көрген түстей» қас-қағым сәтте өткеніне
торық қан сыңай танытады. Ақын-жыраулар мұрасынан сабақтасып үзілмей
келе жатқан бір дәстүр бар. Олар адамның өмір белестері арқылы танымдық-
тәрбиелік ой толғайды. Біз мұны Қожаберген жыраудың жастық, қарттық
жайындағы өлең-толғауларынан байқаймыз. Талабы таудай, той-думан десе
делебесі қозатын жастық шақ өткен соң не болмақ?
Жастықта жігіт кісі озады екен,
Ду десе делебесі қозады екен.
Жас жетіп, уақыты өткен сайын
Матадай өңі оңған тозады екен.
Базарға балаған жастық шағы өткен адамның ажарын «Матадай өңі оңған
тозады екен» дегендегі салыстыру ерекше мағыналық сипат танытып, ақынның
айтар ойын әрлендіре түскен.
280
Қожаберген жырау – 350
Қожаберген жыраудың «Жас шаңырақ иелеріне», «Жас келіндерге», «Жас
жігіттерге» тәрізді арнау өлеңдерінде үлкенге құрмет ету, адамгершілік, әдеп-
ізетті бұзбау сияқты жастарға моральдық қасиеттерді өлең өзегіне айналдырған.
Ата-ананың жағдайына қарау – қалыптасқан әдеп нормасы. Мұны бұзбаған
жас шаңырақ Алланың сүйген құлы болмақ. «Атаңа не істесең, алдыңа сол
келеді» деген даналық сөзді естеріне салады.
Аялап күтсең кәріңді,
Сыйлайды сені жат адам.
Тірлікте зиян көрмейсің
Үлкендер берген батадан.
Ата салған жолды, ана тіккен тонды ұмытпауды естеріне салады. Құлықты
ұл, әдепті келін болуды өсиет етеді. Дәстүр бұзылмаса отбасының бірлігі де
бекем болмақ. Бұрыннан келе жатқан жөн-жосықты сақтау – жастардың па-
рызы.
Шайпау болса алғаның,
Бәрінен де сол жаман.
Аяуды еш білмейді
Сезімі жоқ хас надан.
немесе:
Пайдасын халқы көрмесе,
Батырмын деген ер жаман.
Өз жақсысын бұқтыртса,
Бірлігі кеткен ел жаман [142-б.].
Бұл жолдар да үлкен түйіндеу бары хақ. Шайпаулық ақылдылықтың
белгісі емес. Адам әдеп-ізет шеңберін бұзатын ашу-ызаға жол беруге болмай-
ды. Айналасына, үлкен-кішіге ілтипатпен қарап, жақсы әсер ету – кісілік
белгісі. Осы өлеңнің соңғы шумағында да салмақты ой жатыр. Халқына
пайдасы тимеген батырлықтың не қажеті бар? «Өз жақсысын тұқыртса»
ол – күншілдік. Біреудің бақытын, жетістігін, артықшылығын көре алмау
тіршіліктің шырқын бұзуға да себепкер болуы ғажап емес. Мұндай іс елдің
281
Қожаберген жырау – 350
де береке бірлігінің бұзылуына әсер етеді. Ақын осындай жамандықтың бол-
мауын қалайды.
Қожаберген жырау жеті өлеңнен тұратын «Насихат» топтамасында не
жақсы, не жаман деген мәселе төңірегінде ой өрбітеді. Адам бойында кездесетін
аңқаулық та, шайпаулық та, жалқаулық та жақсы қасиет емес екенін атап
көрсетеді. Батыр аңқаулықтан ұтылуы мүмкін. Әйел адамның шайпаулығы
да жамандыққа жол ашуы ғажап емес. Ол күйдірмесе де күйелейді. Ал күллі
адамның хас жауы жалқаулық деп біледі. Жырау адам болмысына үңіледі. Онда
адам бойындағы адамгершілік қасиет оның «көкірек тазалығымен» өлшенбек.
«Жаны таза» болмаса деп отырғаны жүрек екені белгілі. Өйткені, жүрек –
адамның сана-сезімін басқарушы. Мәселен:
Көкірек таза болмаса,
Көз тазасы не керек?
Жаны таза болмаса,
Тіл тазасы не керек? –
деуі осыны аңғартады.
Насихат – ежелден келе жатқан өлең түрі. Адамның жаратылыс –
болмысының тазалығы – бір сәт күн тәртібінен түспеген мәселе. Сондықтан
адам, кісілік жайында ілгерінді-кейінді өмір кешкен жыраулардың бәрі де
қалам тербеген. Солардың бірі Қожаберген жырау да ақыл-нақылға жақын
өлең жолдары арқылы өнегелік ой түйіп отырады.
Адал адам би болса,
Бұзылмас сөзге арадан.
Харам кісі би болса,
Аузы кетпес парадан, –
деп екі түрлі бидің кейіп-кеспірін қатар алып көрсету, салыстыра жырлау
арқылы жақсы, жаманның аражігін ашады. Жамандықтан сақтандырып, адам
ниетінің тазалығына ден қояды. Өйткені, адалдық – тіршіліктің мәні мен сәнін
биіктетіп тұратын асыл қасиет.
Аға деген кісіні
Жаным десе болады.
282
Қожаберген жырау – 350
Қатар өскен ұл-қызды
Сәнім десе болады.
Сусап ішкен сусынды
Балым десе болады.
Ақылы дара ерлерді
Ғалым десе болады.
Қатар өскен ұл, қызды сәнге баласа, шөлдегенде ішкен сусынды балға теңей
келіп, ақылы асқандарды қадір тұтуға шақырады. Жырау жақсы, жаманның
мәнін ашып, әр нәрсеге сын көзбен қарауды жөн санайды, ақылды адамды үлгі
етеді, азаматтықты насихат етеді.
Жырау кейде ұқсас жайларды тізбектеп айтып, енді бірде қарама-қарсы
ұғымдарды қатар алып шендестіре жырлайды. Кейде адам мінезіндегі міндерді
шенейді. Әрине, пенде болған соң артық-кем болуы мүмкін. Барлық адам ақыл-
парасат биігінен көріне алмауы да ықтимал.
Көрінгенге ұрынса,
Ожар демей не дейміз?
Айналасын жалмаса.
Тажал демей не дейміз?
Үлгісін жұрт үйренсе,
Даңғыл демей не дейміз? [145-б.]
Өзінің іс-әрекетімен көпке өнеге көрсететін адамдар қай кезде де болған.
Жырау озбырлық пен ожарлықты шенеп, ибалы-тәрбиелі жандарды алға
тартуының тағылымдық мәні үлкен. Жырау өмірлік мән-маңызын жоғалтпай-
тын шындықтарды ақыл-нақыл түрінде ғибрат етсе, жамандықты жасындай
қиып отырады, өшпес өнеге ұсынады.
Жыраудың «насихат өлеңдерінің» бәрінде адам жайында толғанады.
Оның өлең-толғаулары қанатты сөз-шешендік ойға бой ұратындықтан, онда
дидактикалық сарын басым болып отырады. «Түнді қанша мақтасаң» өлеңінде
былай дейді:
Көргенсізге айтқан сөз
Босқа кетер, ем болмас.
283
Қожаберген жырау – 350
Жиналса да жамандар
Данышпанмен тең болмас.
немесе:
Тұлпар аттар жарысар
Баптаулы тұрған күйімен.
Іс тетігі табылар
Ерлердің үлкен миымен.
Дүние-дәурен, өмір құбылыстары жайында төгілте айтып, түйіндеп отырады.
Қожаберген поэзиясына тән тақпақ-терме, сипатындағы афоризмге айналған сөз
нақыштары баршылық. Өзіндік өрнек танытар әсерлі туындылар мол. Сонымен
бірге, қайталаулар да жиі ұшырасып отырады. Мәселен 108 тармақтан тұратын
«Білерсің» толғауында бір сөз елу төрт рет қайталанады. Мұндай ерекшелік –
жыраулар поэзиясына тән сипат. Басқаша айтқанда, көркемдік тәсіл. Оның
мұрасында дәстүрлі қолданыстар мен қатар өзіне тән ажарлы айшықтар да
баршылық.
Өмір құбылысының сан қырын өлеңмен өрнектеген Қожаберген жырау
азаматттың орнын елмен, жермен байланысты бағалайды. Сыртқы жаулардан
қапы қалмауды үнемі еске салып, ел амандығын тілейді.
Ер айтса – ел айтқаны,
Елдің қамын жеп айтқаны.
Ері даңқты болса,
Елі айтты болады.
Аруағы артып жүреді,
Жау аяғын тартып жүреді.
Самалы ерде сауыт бар,
Санасызда қауіп бар [149-б.]
Белгілі бір тарихи дәуірдің ерекшелігіне қарай оның идеалы болады.
Жаугершілік заманда (ХVІІІ ғ.) елдің тыныштық, бүтіндігін сақтау басты
мәселенің бірі болды. Сыртқы жауларға қарсы жорықтар да сардарлық
міндет атқарып, басты орын алуы табиғи қажеттілік. Сондықтан жырау
ер-азаматтарға ерекше салмақ сала сөйлейді. «Ері даңқты болса, аруағы
артып жүреді, жау аяғын тартып жүреді». Ол азаматтардың еліне қорған
284
Қожаберген жырау – 350
болуын қалады. «Саналы ерде сауыт болмақ». Сонау Асан, Қазтуғандардан
басталған елдік, ерлік мәселесі жырау шығармасында жалғастық тапқан.
Қожаберген – ерлік пен жыраулық дәстүрді ұштастыра дамытып, оның
кемелденуіне үлес қосқан тұлға. Оның поэзиясын елдің тарихи тағдырынан
бөле қарауға болмайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қожаберген жырау. Баба тілі. – Петропавл, 2010. – 156 б.
2. Қозыбаев М. Дауылпаз баба – Қожаберген. – Алматы, 2007. – 272 б.
3. Сонда, 223 б.
4. Сонда, 88 б.
5. Қожаберген жырау. Баба тіл. – Петропавл, 2010.
ҮШІНШІ БӨЛІМ
Жыр арнадық өзіңе,
жырау баба!
287
Қожаберген жырау – 350
ДАУЫЛПАЗ БАБАМ ТАБЫЛДЫ
Жайнатты тағдыр таңымды,
Жақсылық хабар ағылды:
Абылай хан барып бата алған,
Бұқарға ұстаз атанған
Қожаберген жырау табылды.
Аспанда жұлдыз жағылды,
Әлемге қоңырау қағылды.
Ақтаңдақ бетін ашқандай
Тойладық еркін жасқанбай,
Дауылпаз бабам табылды.
Жаңа өмір ашты сағымды,
Тулады Есіл ағынды.
«Жеті Жарғыны» нұрлаған,
Халықтың зарын жырлаған
«Елім-айдың» иесі табылды.
Жоғалтқан таптық барымды,
Шаттықтан жүрек жарылды.
Шындықты таза айта алған,
Айқаста жауын қайтарған
Ордабасы бабам табылды.
Ескерткіш сәтті салынды,
Орнаттық тозбас тағыңды,
Риза бол туған жеріңе,
Бақұл бол, баба, еліңе,
Алдыңа халқың ағылды.
Қызылжар, 2010 жыл.
288
Қожаберген жырау – 350
«ЖЕТІ ЖАРҒЫ» АШЫПСЫҢ ЖАРҚЫН
МӘНІН
(Жыраудың мүсінін ашу салтанатында оқылған өлең)
Ерен тұлға бабамыз Қожаберген,
Ер екенсің уақыттан оза желген.
Ел жаңарды, ақталды ақ сенімің,
Болашаққа қолыңды соза берген.
Ойран салған жан едің ойраттарға,
Ел шебінде тұрғанда ойлантты Алла.
Ойлы сазға орадың жырларыңды,
Зар заманда зобалаң толғантқанда.
Сегіз қырлы, бір сырлы байқағаным,
Үлгі болды ұрпаққа бай талабың.
Әз Тәукенің әйгілі заманында
Тайдырыпсың сан рет жау табанын.
Тарих сырын кең аштың, асыл бабам,
Жау қалмапты қазақты басынбаған.
«Елім-аймен» жеткіздің мұңға бөлеп,
Қазағымның көл-көсір жасын маған.
Бар қазаққа ерекше жақын адам,
Ұстаздығың ешқашан басылмаған:
Қаршадайдан жабыссам домбыраға,
«Елім-айдан» бастатты ақын ағам.
Ұстаз болып Бұқарға қарқындадың,
«Жеті Жарғы» ашыпсың жарқын мәнін.
Бұрын өткен Шыңғысхан жорығынан,
Алаша ханын қазақтың айқындадың.
289
Қожаберген жырау – 350
Кім сыйламас сендей зор ғұламаны,
Терең жаздың «Алқакөл сұламаны».
Бүгін басқа күн туды – дербес елміз,
Басқан ізің болардай жыр алаңы.
Біз қуансақ ескерткіш қойып алып,
Сені атадық тарихтан ойып алып.
Шырт ұйқыдан, Қожеке, аунап түсші,
Болып жатыр бір үлкен тойың анық.
Достарыңызбен бөлісу: |