Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Күзембайұлы А. Тарихтану теориясы. Оқу құралы. – Қостанай, 2012. –
21 б.
249
Қожаберген жырау – 350
2. Дулати М.Х. Тарих-и Рашиди. – Алматы: М.Х. Дулати қоғамдық қоры,
2003. – 616 б.
3. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. –Алматы, 1977. – 128-б.
4. Қашғари М. Түрік тілінің сөздігі. – Алматы, 1997. Т. 1. – 591-б.
5. В.Санчиров Этнический состав ойратов ХҮ-ХҮІІІ вв. По данным «
Илэтхэл шастир. // Из истории докапиталистических и капиталистических от-
ношений в Калмыкии, Элиста, 1977. – 3-30-бб.
6. Бұлда сонда.
7. Лувсанданзан. Алтын шежіре. Моңғол тілінен ауд. А. Мауқараұлы. –
Алматы: Өнер, 1998. – 224-б.
8. Моңғолдың құпия шежіресі (ХІІ – ХІІІ ғасырлардағы көшпелілер
шежіресі) Ауд. М.Сұлтанияұлы. – Алматы: Өнер, 1998. – 224-б.
9. Өтеміс Қажы. Шыңғыс-нама. – А., 2005. 400-б.
10. Әбубәкір Диваев. Тарту.
11. Құрбанғали Хали. Тауарих Хамса Шарқи (Бес тарих). – Алматы, 1992.
12. Көпеев М. Ж. Қазақтың осы күнгі әңгімесі. – Қазан. 1907. 24 б., Қазақ
шежіресі. – Алматы, 1993. 76-б.
13. Наушабаев Н. Манзумад қазақия. – Қазан, 1903.
14. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі. – Орын-
бор, 1911.
15. Тынышпаев М. Материалы к истории киргиз-казахского народа. – Таш-
кент, 1925. – С. 64.
16. Мұқанов С. «Халық мұрасы». Алматы, «Қазақстан», 1974 ж.
17. Бекмаханов Е. Фольклорные источники о восстании Кенесары Касымо-
ва. – в кн. Бекмаханов Е. –Павлодар, 2005. – С. 266.
18. Алпысбес М. Қазақ шежірелері – тарихи дерек ретінде докторлық
дәреже алу үшін орындалған автореферат. – Алматы: Шығыстану институты,
2007.
19. Байтұрсынов А. «Ақ жол» өлеңдер мен тәржімелер, публ. мақалалар
және әдеби зерттеу. Құраст. Р. Нұрғалиев. – Алматы: Жалын, 1991. – 398 б.
20. Әбуталиев Н. «Ордабасы Қожаберген». –Алматы: Жеті Жарғы, 1995 ж.
21. Қожаберген Толыбайұлы. Елім-ай. Құрастырған және алғы сөзін жазған
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы Мәдина Да-
станова. Қазақ заң академиясының Солтүстік Қазақстан филиалы. – Петро-
павл, 2000.
22. Қозыбаев М. Тұлғалар тұғыры. – Алматы. «Қазақпарат», 2009. – 120
бет.
250
Қожаберген жырау – 350
23. Муканов М. С. Из исторического прошлого (родословная племен керей
и уак). – Алматы: Қазақстан, 1998. – С. 160.
24. Жетеев Т. Ауыл арайы. – 2009.
25. Ораз Нұрғожа. Талқандалған тарихат (Тарихымызға тәуелсіздік
тұғырынан қарасақ)». – Астана: Фолиант, 2003. – 488-б.
26. «Ашамайлы – керей Танаш баба шежіресі». Құрастырған: Аманжол
Күзембайұлы. Қостанай: Центрум, 2011. – 732-б.
27. Бернгейм Э. Учебник исторического метода. – СПб., 1889; Ланглуа Ш.,
Сеньобос Ш. Введение в изучение истории. – СПб., 1889.
28. Муканов М. С. Из исторического прошлого (родословная племен керей
и уак). – Алматы: Қазақстан, 1998. – 160 с.
29. Мұқанов Қ, Жұмабаев С. Бір әулеттің тарихы. Солтүстік Қазақстан
өлкетану мұражайы. «Асыл мұра» орталығы. – Петропавл, 2003. –265 б.
30. Бұл да сонда. 44-б.
31. Ашамайлы – керей Танаш баба шежіресі. Құрастырған: Аманжол
Күзембайұлы. – Қостанай: Центрум, 2011. – 732-б.
32. Бұл да сонда. – 159 б.
33. Масанов Н. Э., Абылгожин Ж.Б., Ерофеева И. В. «Научные значение
и мифотворчество современной историографии Казахстана». – Алматы, 2007.
34. Байтұрсынов А. «Ақ жол» өлеңдер мен тәржімелер. публ. мақалалар
және әдеби зерттеу». Құраст. Р. Нұрғалиев. – Алматы: Жалын, 1991. – 398- б.
35. Хамидуллин О. Х. Қазақтың біртұтас шежіресі. Керей. – Алматы. 2005.
344 б.
36. Абиль Е. «Керей: Проблемы этнической и политической истории». –
Костанай: Центрум, 2012. – С. 192.
37. Қозыбаев М.Қ. Тұлғалар тұғыры. – Алматы: Қазақпарат, 2009.
38. Бұл да сонда. – 120-б.
251
Қожаберген жырау – 350
ҚОЖАБЕРГЕН БАБА – ХАЛЫҚ
ҚАМҚОРШЫСЫ, ЕЛ ҚОРҒАУШЫСЫ
(Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әскери ғылымдарының
докторы, профессор Ким СЕРІКБАЙҰЛЫНЫҢ сөзі)
Тарих XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың басы еліміздің,
халқымыздың басына қайғылы, ауыр күндер, жағдайлар түскенін дәлелдеп еске
алдырады.
Сол жылдары қазақ елінің ханы Тәуке ерекше күш салып ішкі саясат-
ты уақытша болса да жөнге келтірді. Бірақ, сұлтандар мен ру, жүз басқарған
атқамінерлердің алауыздығын, бақталастығын пайдаланып, қазақ халқының
кең байтақ жеріне, айдын көлдері мен өзендеріне қызыққандар зұлымдықпен
басқыншылық жасады. Оңтүстік батыстан Жайық казактарының қолдауымен
қалмақтар маза бермеді. Солтүстіктен Сібір казактары, Жайық өзенінің жайла-
уына қызығатын башқұрттар шабуыл жасады.
Оңтүстіктен Бұқара және Хиуа хандықтары жерге таласып халқымызды
ығыстырды. Ал, қазақ халқына негізгі қауіп, әлімжеттік әскери қару жарақталған
сол замандағы Жоңғар хандығынан болды.
Сол қиын-қыстау жылдарыТолыбай сыншы бабамыз (1603-1680) қазақ,
ноғай, қарақалпақ халықтарының біріккен әскерін басқарып, жауға аттанған.
Толыбай сыншының кенже баласы Қожаберген бабамыз 1663 жылы наурыз
айының басында қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы
Благовещенск селосы орналасқан жерде бұрынғы «Толыбай сыншы қарағайы»
деген орманның қойнауында дүниеге келіп, сол туған жерінде 1763 жылы қазан
айында жүз бір жасқа қараған шағында ауырып қайтыс болыпты.
Қожаберген баба – әнші, күйші-сазгерлерінің, ақын-жырауларының және
халық батырларының бірі. Қожаберген – тек жай ғана батыр емес, кезінде қазақ
халқының әскерін басқарған ұлы қолбасшы, әйгілі ғұлама, шежіреші. Оған оның
өз шығармасы «Елім-ай» жыр-дастанының бірінші бөліміндегі мына шумақтар
да айғақ бола алады.
252
Қожаберген жырау – 350
Алла өзі алсын бізді панасына,
Дұшпанның қол жеткізсін жағасына.
Майданда ерлеріне қуат беріп,
Көрші елдің қалдырмасын табасына.
Алаштың алты ұлының бірі – қазақ,
Жұрт еді қайырымды салты ғажап,
Тілеймін жалбарынып жаратқаннан
Халқымды еткізбе деп жауға мазақ.
Қожаберген – кең-байтақ жерімізді, бытырай қонған елімізді қызғыштай
қорғаған ер тұлға. «Елім-ай» жырының авторы, елші, мемлекет қайраткері,
«Жеті Жарғы» заңнамасын жасауға қатысқан қазақ тарихындағы өте ірі дара
ғұлама, зиялы адам екендігін қазіргі ғалымдар айтып жүр.
Қожаберген ақынның «Елім-ай» дастанын дұрыс та жоғары бағалаған
көрнекті білгір адамдардың бірі – халқымыздың әскери қайраткері, білімпаз да
аса дарынды, қадірлі жазушысы, қазақтың хас батыры, есімі әлемге әйгілі Ба-
уыржан Момышұлы: «Керей Қожаберген жыраудай бұрын-соңды өмір сүрген
қазақ ақындарының бірде-біреуі қазақ жұрты жерінің көлемін, шекарасын
айқындап берген емес. Ол кісінің «Елім-ай» жыры – әскери дастан. Жас бала
кезімде оны әншілердің аузынан талай рет естіп едім. Шіркін, сол әскери дастан
қайда бар екен?!» – деген екен.
Қожаберген батыр 1683-1688 жылдары Әз Тәуке ханның елшілік
қызме тінде бес жыл басшылық етіп, сонан кейін немерелес туысы Бөгенбай
Малбайұлының ордабасы ауыр жараланған соң соның орнына Әз Тәукенің
ұсынысы бойынша құрылтайда Толыбай сыншы ұлы батырды «боз биенің
сүтіне шомылдырып, үстіне ақ киім кигізіп, ақ киізге отырғызып көтеріп»
халық 1688 жылы ордабасы сайлайды. Сол күннен бастап Қожаберген ба-
тыр өзінің немере ағасы Бөгенбай баhадүрдің қызметін ақсатпай әрі қарай
жалғастырып үш жүздің жасағына бас қолбасшы болыпты, ол қазақ әскеріне
қоса ноғайдың маңғыт, қара ағаш руларының, сібір татарының, қарақалпақ
халқының жасақтарына да қолбасшы болған.
Қожаберген сардар – 1688-1710 жылдар бойында қазақ, ноғай, қарақалпақ
халықтарының біріккен қолына әскербасы болып, екі жақты қалмақ
шапқыншылығына қарсы ұзақ жылдарға созылған соғыстарда талай рет үлкен
шайқастарға қатысып, ордабасы тархан атағын алған үлкен баһадүр, әскери
қайраткер. Оның жиырма үш жыл әскер басқарғаны туралы өзінің «Үш биі»
атты өлеңіндегі мына шумақтар дәлел.
253
Қожаберген жырау – 350
Басқарып үш жүз қолын жиырма үш жыл,
Орнымды Бөгенбайға бердім биыл.
Еш сардар қайт қылған жоқ жарлығымды
Кезінде ұзақ соғыс күндер қиын.
Бабамыз 1710 жылы жаздың аяғында өз шәкірттерінің бірі жас батыр
Қанжығалы Бөгенбай Ақшаұлына ерекше ықыласы түсіп, өзінің орта жасқа
толып қалғанын, ұзақ жылдарға созылған ауыр соғыстарға үздіксіз қатысып,
қартайғанын мойындап, Әз Тәуке ханға өзін ордабасы қызметінен босату ту-
ралы өтінішін айтады. Әз Тәуке келісімін бермесе де, өз орнына қоятын кісі
барын айтып, Қожаберген баһадүр ақ батасын беріп, ұсыныс жасап, өз орны-
на Бөгенбай батыр Ақшаұлын қазақ, ноғай, қарақалпақ жұрттарының біріккен
әскерін басқаратын бас қолбасшы етіп сайлатады.
Қожабергеннің ғұлама ордабасы, әскербасы батыр екендігіне оның шәкірті
Бұқар жыраудың «Ұстазым» атты дастанындағы мына шумақтар дәлел:
Қиын-қыстау кезеңде
Намысын қозғап өлеңмен,
Батыр, ақын ұстазым
Қалың қолға дем берген.
Қожаберген батыр әрі жырау, ерекше дана екені елге белгілі. Ал бірақ,
бабамыздың есімі неге аталмай келді деген заңды сұрақ туады. Бұл сұраққа
кезінде тарихшы, академик Манаш Қозыбаев жауап берген. Бірінші –
Қожаберген баба орыс империясының саясатына ашық қарсылық білдірді. Орыс
империясы қалмақтарға қару сатты, қолдады деп өз пікірін ашық айтты.
Торғауыт, жоңғар, ойрат бәрі қалмақ,
Орыстар мен ноғайлар қойған жалдап, –
деп «Елім-ай» жырына қосса, тағы бір жерінде:
Жолығып көп мылтықты дүлей күшке,
Айналды жақсы тұрмыс көрген түске.
Ресей, қытай, қалмақ ақылдасып,
Алмақшы қазақ жерін бөліп үшке, –
дейді.
Ал, оның ізбасар мұрагері Сегіз сері – ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі,
орыс отаршылдары баба Қожабергеннің қонысына Преснов селосын орнат-
254
Қожаберген жырау – 350
ты, ата-мекеннің қара шекпенділер жайлап, казактар Горькая линияны қазақ
мемлекетінің тірегі болған өлкені баса-көктеп салды. Отаршылық өтті, бірақ
кешегі совет заманында Сәбит Мұқанов та, Ғабит Мүсірепов те бұл тақырыпқа
белсеніп кірісе алмағаны осыдан болса керек деген ойлар бар.
Екіншісі – «Елім-ай» жырында бабамыз қазақ хандарының тек қана төре
тұқымынан сайлануына қарсылық білдірген. Ал, төрелер әулеті қазақ қоғамына
еңдеп, бойлап, араласып-құраласып кеткен-ді.
Қорыта келгенде, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» дегендей,
Қожаберген Толыбайұлының қазақ тарихынанда, қазақ әдебиетінен де өз орнын
алатын уақыты жетті дегеніміз жөн.
Абай атамыздың
«Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?»
дегендей, қазақ халқының үш ғасырлық жүрекжарды жыры «Елім-айдың» ав-
торы – Қожаберген жырау өз халқымен мәңгі бірге жасайды.
Қожаберген есімі Әз Тәуке хан, Әбілқайыр хан, Абылай хан, Бұқар жырау,
Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би сияқты ұлтымыздың ұлыларының қатарында
Отан тарихында сақталады. Сөзімді Қожаберген жыраудың мына өлеңімен
аяқтағым келеді.
Жырыма құлағың сал, азаматым,
Ұнаса менің айтқан насихатым.
Кеудеңде шыбын жанын болса егер,
Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «Қазақстан-2050»
стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын-
да жаңа қазақстандық патриотизмнің біздің көпұлтты және көпконфессиялы
қоғамымыздың табысының негізі екенін атап көрсеткен. Олай болса, жастарға
тәрбие берудің негізгі саласы халқымыздың тарихы, бабаларымыздың елге
атқарған ерлігі мен еңбегі деп есептеймін. Бүгінгі ғылыми конференциядағы
талқыланып отырған Қожаберген бабамыздың бейнесі – тек қана бүгінгі
жастарға емес, келешектегі ұрпаққа үлгі.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)», III том. (121-147-б.).
255
Қожаберген жырау – 350
2. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
3. «Қожаберген жырау». – Алматы, 2007.
4. Қожаберген жырау. «Елім-ай» дастаны. – Петропавл, 2009.
5. Қожаберген жырау. «Баба тілі». – Петропавл, 2010.
ХАЛҚЫНА ҚАМАЛ БОЛҒАН ЕР ҚАБАНБАЙ
(Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Шығыстану кафедрасының профессоры,
тарих ғылымдарының докторы Тұрсынхан ҚАЙЫРКЕННІҢ сөзі)
XVIII ғасыр – Қазақ жері мен елінің тарихы тайталасқа түскен, тағдырдың
сын сағатының соққан кезі. Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастанында
айтылғандай, қазақ халқы ең әуелі көрші жатқан қалың ойраттың шабуылына
ұшырап «ақ табан шұбырынды» болды. Бұл Қытайды билеп тұрған Манжу-
Цин империясы күшіне мінген кезі еді. Қазақтар оларды бұрынғы атымен
шүршіттер деп атайтын. Тегі жүржіт, баяғы XIII ғасырда моңғолдар олардың
мемлекетін (Цзинь-Алтын патшалығын) жойып (1234), сол арқылы Қытайды
бағындыруға жол ашқан болатын. Сол беті еңсесі түскен шүршіттер кейін
монғолдар қытайдан айырылып, өздерінің Моңғол даласына шегініп, Моңғол
мемлекетін қайта орнықтырған кезде, олардан жалғасты қысым көрді. Бірақ
кейін келе, моңғол да, қытайлық Мин мемлекеті де әлсіреген тұста (бұл кез-
де монғолдардың ең күшті жауынгер тайпасы ойраттар Жоңғарияға көшіп
кеткен болатын) 1616 жылы шүршіттер өз мемлекетін қайта құрды. Құрып,
жаңа мемлекетін Манжу деп атады. Бұрынғы шүршіт деген аттан баз кешті. Сол
кезде Қиыр Шығыстың ауқымды бөлігі олардың қоластына қарап тұрды. Бұл
жерлер кейін келе Манжурия деп аталды. Манжулар 1644 жылы Қытайдағы
Мин әулетіне қарсы шаруалар соғысы кезінде Ұлы Қорғаннан өтіп, Бейжіңді
басып алды. 1662 жылы тұтас Қытайды жаулап алды. Император Канси
кезінде геодезиялық зерттеулер жүргізіп, «Хуанюй цуанланту» (皇與全覽
圖
– Императорлық үлкен сызба) атты карта жасап, сол бойынша Қытайдың
батысында жатқан жерлерді игеруге, ол жерлерді Манжу-Цин империясының
256
Қожаберген жырау – 350
құзырына қаратуға әрекеттенді. Сол мақсатта алдымен Моңғолияны, Тибетті
жаулады. Артынан Жоңғарияға ауыз салды. Бірақ жауынгер ойраттарды
бағындыру оңайға түспеді. Екі ірі империяның аралығында бұрыннан жау екі
күш – ойраттар енді ымыраға келуге мәжбүр болды. Ойрат моңғолдары Абы-
лайды өздеріне одақтас ретінде тартқысы келсе, Абылай ойраттарды Ресейге
қарсы күресте пайдаланбақ болды. Бірақ ойраттардың артында оларға ата-ба-
басынан өш Манжу империясы тұрды. Қазақ үшін нағыз қиын-қыстау кезең
басталды.
1757 жылы манжулар ойраттарды қанға бөктіре қырған соң, Қазақ хандығы
Манжу-Цин империясымен бетпе-бет келді. Олармен бұрыннан өш-қасы жоқ
қазақтар үшін Манжу-Цин империясымен бейбіт қатынас орнатудан басқа
жол жоқ еді. Өздерін «аспан астының егесі» деп есептейтін тарихтағы Қытай
патшалықтары өздерімен тікелей қарым-қатынаста болған елдерді әманда
өздеріне «тәуелді» және «сырттай тәуелді» деп екі түрге айырып келген. Импе-
ратор Цянь Лун қазақтар туралы «олар ел болды, біз қабыл алдық, бұл дегеніміз
оларды бейне Въетнам, Тайланд елдері секілді жанамалай баурау үшін керек.
Мұнымыз оларға тек Тәңір патшалығының лебізін білдіріп қою» дейді. Шын
мәнінде, бұл жердегі «ел болу» тек формалды түрде болған.
1757 жылдың қазан айында алғашқы қазақ елшілері Цин патшалық орда-
сына жетеді. Осы алғашқы дипломатиялық миссияның құрамында Қабанбай
батырдың өкілі болған. Оған дәлел – жаңадан табылған Цин патшалығы
Цянь Лун патша кезіне тән мұрағат құжаты. Онда осы реткі Бейжіңге жет-
кен 7 адамның бірін «орынбасар елші Танаш, ол – Қаракерей найман руының
зайсаны Қабанбайдың немере інісі» деп көрсеткен [1, 18-б.]. Осы тарихи
құжатта Қабанбайдың өкілі Абылай мен Әбілпейіздің атынан барған бас елші
Кенжеқарадан кейін тұрғанына қарағанда, Қабанбай батырдың орны сол кезде
қазақ қоғамында шынымен жоғары болған дейді зерттеуші Б. Еженханұлы [1, 3-б.].
Цян Лун патшаның орда естелігінде (Цинь Гаоцзун шилу) көрсетілген Цин
патшасының 1758 жылы 3 наурыздағы бір жарлығында мынадай мәліметтер
бар: «Шундене маған мынадай мазмұндағы бір мәлімдемесін жолдапты —
Қазақ Дәулетбай батыр маған: естісек Батур-Обаш шешектен өліпті. Ал
Қасақшира басқаратын ел түгел махачин (таудағы кезбе, босқын – авт.) болып
кетіпті. Тек Церен ғана Чечен Қараның жерінен Сарыбелге
1
қашыпты. Қазақ
Сарыбел (Манжу құжаттарында «Шарабел») – Б. Еженхан Абылай ханның 1760 жылы
Цин патшасына жолдаған хатында елімнің оңтүстік шеті Шарабел деп көрсеткенін тілге тиек
етіп, бұл жерді қазіргі қазақ-қырғыз шекарасындағы Қастек және Қордай асуларының төңірегі
деп тұжырымдайды.
257
Қожаберген жырау – 350
кіші жүз ханы Нұралы інісі екеуі қол бастап екі жолмен олардың ізіне түсіпті
деді. Ол мәлімдемесінде тағы былай деді: Қазақ Әбілпейіз маған мен қол бастап
Іледегі Самынға барғанымда тұтқындардан сұрап мына жайды білдім – Церенге
қазір бір түменнен аса түтін қарағанымен, олардың көбінің ішерге асы жоқ, аш-
арық жүрген көрінеді. Әйткенмен, күні қиындаған екен деп біз оларды бейжай
қалдыра алмаймыз. Себебі, оларды түбегейлі құртпасақ, елімізге түбі тыныштық
бермейді. Оларды түп-тұқиянымен құртып жібермесек те, Жәркен, Қашқар
және Қырғыз асырып жіберсек іс аяғына жетер еді. Сондықтан, біз бірлесе оты-
рып былай деп келістік: кіші жүзден Ералы сұлтан бастаған бір түмен қол Шуға
барса, орта жүзден Сары-Төкен батыр Ақтау-Үктаудан аттанып Кербұлаққа
барып, Қабанбаймен қосылып, одан ары Церенді қуалап, көктемде қар кете
қайта оралатын болды. Артынан біз улеттердің қай жерге барып тиянақтағанын
сіздерге, ұлы армияға, айтармыз деді» [2, 17-19], – делінеді. Бұл деректен Қазақ
ордасының жоңғар қалмақтарының қалдық күшін ел шетінен ысыра қуып шығу
үшін Ералы сұлтан, Сары-Төкен және Қабанбай батырлардың Қазақ даласының
оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс шебіне жібергені, олардың басты мақсаты Це-
рен, Қасақшира және Батур-Обаши бастаған жоңғарларды Тәңіртаудың арғы
бетіне – Қашқар, Жәркенге қарай асыра қуу болған. Деректен осы операцияның
бел ортасында Қабанбайдың жүргенін, тіпті, оның осы мақсатта Жетісуға күні
бұрын жеткенін байқауға болады.
Осы деректің шынайылығын Цин орда құжаттарындағы мынадай дерек
нақтылай түседі. 1758 жылы наурыз айының соңында қалмақтарды қуа соққылап
Ертіс бойын шарлап бара жатқан Цин ұлықтары Хошоци мен Таңкалуга жол-
жөнекей Қаламбай деген қазақты кездестіріп, одан Қабанбайдың 3 мың әскер
бастап Сарыбел жеріне барып, Батыр-Обашы мен Қасақсиранды тонағалы
кет кенін естиді [3, 60]. Бұдан соң Қабанбайдың қазіргі Боратала өңіріндегі
Буке Шаханмен соғысқаны туралы дерек кездеседі. Онда былай делінеді:
«Әскери құпиялық амбандарына: Хэцуйши, Тагғырулардың мәлімдеуінше,
Қазақ (ханы) Абылай өзінің Бораталаға шеру тартып, Шырын, Буке Шахан-
дармен соғысқанын, Төгіс Қашқа бастаған жүз шақты түтінді қолға түсіргенін,
қазақ жасақтарынан да бірталай шығын болғанын елші арқылы хабарлапты.
Шырындардың мыңдай түтінінің қайда кеткені белгісіз көрінеді... Абылай
ақпанда аттандырған қолының наурыздың орта тұсында Қоңырөлеңге ат басын
тірейтіндігін айтып жолдама жіберді. Бұл хабар Чжао Хуэйларға да айтылсын»
[4, 46]. Бұл жолғы қосынға Қабанбайдың бас болғанын Цян Лунның 23 жылы
9 айдың 23 күні (жаңаша 1758 жылдың 24 қазаны) қатталған төмендегі дерек
растайды. Онда: «Бұдан алдын қазақ батыры Қабанбайдың жіберген өз ба-
17-254
258
Қожаберген жырау – 350
ласы Едіге Буке Шаханның ұлын айдап әкелді. Олар осы келісінде сауда ма-
лын айдап ала келген болса олармен лайығында сауда жасасайық. Қазақтарға
жіберілген (елші) Науандар Абылаймен жүздескеннен кейін, қазақтардан
саудаға келетіндердің көп екені белгілі болса дереу мәлімдейміз деген сөздер жа-
зыпты» делінеді. Демек, бұл арада Буке Шаханды Қабанбайдың ұстағаны және
оның ұлын кепіл үшін өз ұлы Едігеден айдатып жібергені мәлім. Өйткені, Буке
Шахан ойраттар жойылғаннан кейінгі кезде әлі де болса Циннің Жоңғариядағы
үстемдігіне қауіп төндіруші күш есептелетін. Демек, Қабанбай батыр Са-
рыбелден 1758 жылдың көктемінде «қар кете» қайтып, сол беті қол бастап
жоңғарлардың Боратала өңіріндегі Буке Шахан, Шырын, Төгіс Қашқа бастаған
қосындарымен соғысып, олардың біраз елін бағындырып, Буке Шаханның
ұлын айғақ әрі кепіл ретінде Цин ордасына жөнелткен. Осы соғыстан кейін Цин
патшалығының қазақтармен сауда жасасуға ниетті болғаны байқалады. Демек,
Қазақ-Цин мемлекеттері арасындағы қарым-қатынас осы кезден бастап бейбіт,
тату көршілік сипат алған. Цин мұрағатынан табылған келесі бір құжатта (Цян
Лунның 23 жылы 1 ай, жаңаша 1758 жылдың жыл басы) Қабанбай батырдың
сол кезде найманның қаракерей руының бірнеше мың түтінін басқаратыны ту-
ралы жазады (Қаракерей Байжігіт Найманның он мың отбасы Қабанбай батыр
мен Дәулетбай батырдың (?) билігінде [1, 24-б.]).
Осы кезден бастап қазақтар Цин үкіметімен арадағы сыйластықты пай-
даланып сонау ойрат басқыншылығы кезінде (XV ғасыр) қолдан кеткен Іле,
Алтай, Тарбағатай өлкесіне біртіндеп қоныс аударуды ойлады. Ол өлкелерге
қайтып барып қоныстану, және ол жерлерді түбегейлі қайтару туралы
қазақтар сонау 1757 жылы Цин патшалығына өтініш білдіреді. Сол кезге тән
Цин патшалығының дерегінде (Цянлунның 22 жылы 10 айдың 22 күні, жаңаша
1758 жылдың 16 қарашасы): «Елшілеріңіз ежелгі қонысымыз еді деп сұраған
Тарбағатайға келсек, ол жер енді ғана тынышталды. Қазірше иен жатыр. Ол
жерлерді былайда берер едім, бірақ сіздер бізбен енді ғана байланысып, еңбек
көрсетуге үлгірмедіңіздер. Мұндай жағдайда оны сыйға беру мемлекетіміздің
тәртібіне үйлеспейді. Тіпті, оған өздеріңіз де іштей қынжыласыздар. Ал егер
қашқын Әмірсананы ұстап берер болсаңыздар, оны сыйға беруге әбден бола-
ды» [4, 36-37-бб.], – делінеді. Бірақ Абылай Әмірсананы ұстап бермейді.
Оны Ресейге қашып кетті деп мәлімет береді. Цин мұрағаттарында бұл сөзге
тым сенбестік танытқан сөз-сөйлемдер кездеспейді. Соған қарағанда, манжу
билеушілері Абылайдың берген жауабына сенген секілді.
Бұдан соң 1760 жылы Әбілмәмбет пен Абылайдың екі мәрте жіберген
ел шілігі кезінде (Құттыбай мен Аталайдың елшілігі) де, Орыс сұлтан бастаған
259
Қожаберген жырау – 350
елшілікте де қазақтар Цин императоры Цянь Лунға: «Іле жері қазақтардың
қонысы болса» деп талап қояды [2, 548 ц.]. Бірақ бұл жолы да император жар-
тымды жауап бермейді. Цин патшалығынан (Ежен ханнан) күдер үзген қазақтар,
енді шығыстағы жерлерге өз беттерімен жаппай қоныс аударуды бастады. Бұл
ретте олар Цин патшалығының әскери сесінен қорыққан жоқ. Осы көштің ал-
дында Қабанбай, Көкжал Барақ, керей Жәнібек батырлар жүрді. Көкжал Барақ
батырдың Ертістің жоғарғы жағындағы ұраңқайлармен соғысы Цин империясын
түршіктіргені сонша, император оны ұстап беру туралы Абылайға үзілді-кесілді
талап қояды. «Әбілмәмбет, Абылай, Әбілпейіз, Қабанбай секілді ел ағаларына:
былтыр сіздердің елден кейбір адамдар ұраңқайлардың жылқы және басқа
малдарын барымталап кеткеннен кейін, генерал, амбандарымыз аттаныс жа-
сап оларды ұстамақ болған еді, арамызда қарым-қатынас жасап тұрғанымызға
біраз уақыт болып қалғандықтан, сол істің шын-өтірігіне көз жеткізуді ойладым.
Оның үстіне, сіздерден келген керуеншілердің мәлімдеуінше, ұраңқайларды
талауға салған сіздердің елдегі Барақ батыр екен... Егер Барақ батырды ұстап
берсеңіздер, адалдықтарыңызды тіпті де әйгілеген болар едіңіздер». Бірақ
Цин армиясы Абылай көпке дейін үндемеген соң, Монғолия бағытынан әскер
аттандырмақ болады. Осы кезде барып Абылай кешірім сұрап хат жазады.
Император көктің ұлымын деп кешірім береді [4, 62]. Бірақ жер дауы мұнымен
тоқтаған жоқ. Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек батырлар елді байырғы мекендеріне
қарай арт-артынан көшіре берді. Ол кезде Алтайды иелеп жатқан жеті тайпа
ұраңқай мен дөрбіттердің, Тарбағатай жағына жаңадан келіп орныға бастаған
торғауыттардың күші мығым еді [6, 249]. Өр Алтай мен Тарбағатайға
1767 жылдан басталған көш ең әуелі Цин ұлықтары мен қарауылдарының
шектеуіне ұшырады.
Тағы бір құжатта былай делінген: «Елшілеріңіз Іледен қоныс беріп
жарылқасын дегенді айтады. Тарбағатай бұрыннан Жоңғарға тән қоныстар әрі
қосынымыз тыныштандырған жер... Қазақтың жері аса кең. Жүйеге жүгінер
болсаңыздар, сол бұрынғы шекараларыңызды сақтағандарыңыз жөн. Қоныс
кеңейту ойында болмаңыздар... Абылай, сіздің Тарбағатайдан қоныс сұраған
өтінішіңізді де мақұлдамаған едім. Солай бола тұра, енді мына бассыздыққа қалай
барып отырсыздар (елді неге көшіресіздер демекші – авт.)?! Жоңғарлардың та-
науынан құрты түсіп тұрғанда шегімізге маңайлай алмаушы едіңдер. Біз Ілені
тыныштандырғаннан кейін ғана бейбіт тұрмысқа қолдарыңыз жеткендей болды.
Бұған да шүкірлік етпейсіздер ме?» [4,60-б.].
Осылай деу арқылы император қазақтардың шығыстағы атамекендеріне
өз беттерімен көшіп барып жатқанына қатаң наразылық білдіреді. Бұларыңыз
260
Қожаберген жырау – 350
шектен асқандық деп ренжиді. Бірақ, тарихи фактілер қазақтардың қытай
қарауылдарының тосқындығына қарамай байырғы мекендеріне тоқтаусыз
көшіп, біртіндеп қоныстанғанын көрсетеді. Бұл үрдіс ХVIII ғасырдың соңына
дейін жалғасты. Ақыр аяғында Цин үкіметі онда көшіп барған қазақтарды өз
бұқарасы ретінде қабылдауға мәжбүр болды.
Қабанбай батыр өз халқын сыртқы жаудың басқыншылығынан құтқарумен
бірге башқұрт, қарақалпақ сияқты қазақпен бір туысқан бауырларына да жа-
нашыр болып, оларды да қанатының астына алып отырған. 1751 жылы Барақ
сұлтанның үлкен ұлы Ханбабамен бірге оңтүстікке жасаған жорығында жиыр-
ма мың адамдық үлкен қолға бас болған Қабанбай Сыр бойын, Сайрам, Таш-
кент қалаларын жоңғардан тазартып, Тәшкентте Төле бидің билікке келуіне
көмектескен. Шыршық өңірінде Жоңғарияға айдалып бара жатқан бірнеше мың
қарақалпақты құтқарып қалған. Артынан Ресейге қарсы Башқұрт көтерілісін
ұйымдастырушы Қарасақалдың қазақ даласынан, оның ішінде наймандарға келіп
пана табуына байланысты, Қаракерей Қабанбайдың есімі орыс деректерінде
ұшыраса бастады. Қазақ билеушілерінің кейбірі Қарасақалды Ресейге, енді
бірі Жоңғар хандығына ұстап беруге тырысады. Бірақ олардың барлығы оны
Қабанбайдың соңында тұрған қалың найманнан тартып алуға әрекеттенбеді. Ре-
сей деректері де оны Қабанбайдың қорғаштап отырғанын жазады [5,568 б.].
Қытай деректерінің кей жерлерінде Қабанбаймен қатарлас Қожаберген
жыраудың да аты аталады. Қазақ мемлекетінің ірі саяси қайраткері ретінде ол
Цин патшалығына баратын дипломатиялық миссияның жағдайын ақылдасуға,
оларды жіберуге қатысып отырған. «Бұрын біздің Чжао Хуэй есімді генера-
лымыз сіздердің Абылай, Ханбаба, Қабанбай, Қожаберген және Дәулетбай
қатарлы адамдарыңызбен ақылдасқаннан кейін барып, Үрімжіде сауда базарын
ашу жөнінде патшамызға мәлімдеме жазған еді» [1, 41-б.] делінеді деректе (1759
ж.). Демек, Қабанбай батыр да Қазақ хандығының аса ірі саяси қайраткері, ба-
тыры Қожаберген жырау секілді тек қару алып ел шетінде жүрмей, мемлекет ісіне
де араласып отырған. Бұған оның қарақалпақтар атынан Бейжіңге жолданған
бір хатқа өз мөрін басқаны дәлел болады. Бұл мөрдің қағазға басылған көшірмесі
жақында Бейжіңдегі Қытайдың бірінші тарихи мұрағатындағы «Әскери
басқармаға жолданған ұлықтардың мәнжу тіліндегі мәлімдемелерінің көшірмесі»
атты Цин патшалығының мұрағат құжаттары қорынан, ондағы құжаттардың
микрофильмдері арасынан сақталу нөмірі 1736-03 және микрофильм бойынша
051-001761 нөмірлі «шағатай» жазба тілінде хатталған тарихи құжаттан алынды
[7, 11-б.]. Қожаберген жыраудың:
261
Қожаберген жырау – 350
Қолбасшы батыр болмасам,
Көбелі сауыт кимеймін.
Ту ұстайтын болмасам,
Арабы ақбоз мінбеймін.
Талапты жігіт болмасам,
Ұрандап жауға тимеймін.
Қару-жарақ соқпасам,
Зергер де болып жүрмеймін.
Майданда жауды жеңбесем,
Қызықты дәурен сүрмеймін.
Дулығамның төбесі,
Буылмаса маржанмен,
Басыма оны кимеймін! –
деп апайтөстенгені секілді, Қабанбай батыр да жоңғарға қарсы күресте бірде
елінің ол шетінен, бірде бұл шетінен шығып, ел іргесін кеңейтіп, батырлықты
ту еткен, елдің алыс келешегін ойлаған айтулы тұлға. Оның бір басының қадір-
қасиетін, қазақ үшін қаншалықты керек екенін өз замандастары да айтып кетті.
Қабанбай батыр науқастанып жатқанда оған келіп көңілін сұраған Сарышуаш
жыраудың:
Уа, Қабанбай, көзелім,
Ескіден қалған көз едің.
Бұл науқастан сауықсаң,
Еркелігін кешірген,
Ақ сүтін беріп өсірген,
Қуанатын өз елің.
Бұл науқастан оңалмай,
Бақиға қарай бет бұрсаң,
Жау тиді десе жата алмай,
О шетіне бір шыққан,
Бұ шетіне бір шыққан,
Көкіректі кек кернеп,
Көз жасыңды мың сыққан,
Жылайтын тағы өз елің! [8, 235-236-бб.] –
деп толғауы оның қиын-қыстау кезде нағыз еліне қамал, қорған болған ер екенін
дәлелдейді.
262
Қожаберген жырау – 350
Достарыңызбен бөлісу: |