Практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ы


ОҚЫТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ МЕН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА



Pdf көрінісі
бет14/45
Дата07.02.2017
өлшемі2,79 Mb.
#3575
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45

 
ОҚЫТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ МЕН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА 
ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
НҰРСЕИТОВА Г.Б.  
Қазақстан инновациялық университеті, Семей қаласы     
Педагогика және психология мамандығының ІІ курс магистранты 
 
Оқытудың  белсенді  әдістері-оқу  материалын  меңгеру  үдерісіндегі  студенттердің 
танымдық іс-әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері. 
   Белсенді оқыту әдістерінің жіктемесі: 
-
 
жартылай кәсіби іс-әрекетті модельдейтін және іскерлік, дағдыны қалыптастыруға 
бағытталған  тәсілдер:    проблемалық  сұрақтар,  іскерлік  ойындар,  кәсіптік  жағдаятты 
талдау, тренинг; 
-
 
 білім,  іскерлік,  дағдыларын  қалыптастыруға  бағытталған  тәсілдер:  проблемалық 
есептер,  жағдаяттар,  «дөңгелек  үстел»,  эвристикалық  әңгіме,  «миға  шабуыл»,  оқу 
пікірталасы,  «кейс-стади»,  өзіндік  жұмыс.  Аталған  әдіс  бірыңғай  жоғары  деңгейде  оқу 
материалын  меңгерген,  бір-бірімен  іс-әрекет  стилі  өте  ұқсас  бола  тұра  өздерінің  жеке 
қасиеттері:  дауыс  ырғағы,  үндестілік,  сөйлеу  екпіні,  қимыл-қозғалыстары,  мимикасы 
және т.б. арқылы ерекшеленетін пікірлес әріптестер арасында қолдау тапты. 
Оқытушы  өз  ассистентімен  (бұл  оның  әріптесі,  оқытушы-тәлімгер,  жақсы 
даярланған студент те болуы мүмкін) бірлесіп дәріс оқиды. 
Студенттер  аталған  әдістің  қолданылуымен  өткен  сабақты  жоғары  бағалайтынын 
практика  жүзінен  көруге  болады.  Біріншіден,  оқу  материалы  дайын  күйінде  берілмей, 
проблемаларды  оқытушымен  бірлесе  шешу  арқылы  диалог  құру  нәтижесінде 
меңгеріледі.  Сонымен  қатар,  көп  көлемдегі  ақпаратты  азайтады,  тек  нақтылы  фактілер 
келтіріліп, нақтылы теориялық материал беріледі. 
Екіншіден, студенттердің аяқ астынан дәрістік сабаққа екінші оқытушы араласқан 
сәтте  еріксіз  түрде  өз  назарын  бір  субьектіден  екінші  субьектіге  аударуы  сияқты 
психологиялық аспектілері өте құнды. Студенттер назары бақылау, салыстыру, оның іс-
әрекетін  талдауға  ауады.  Осылайша  назарын  басқаға  аударудың  психологиялық 
механизмі студенттің өз пайдасына жұмыс істей бастайды. 
Енді  педагогиканы  оқытуда  жиі  қолданылатын  белсенді  оқыту  әдістерінің 
кейбіріне тоқталып өтейік. 
«Жұптасқан  дәріс»  әдісі  –  бұл  өн  бойына  оқу  материалын  репродуктивтік, 
проблемалық,  интеграциялық,  және  диaлогтік  баяндау  элементтерін  жинақтаған  оқыту 
тәсілі.  Жұптасқан  дәріс  әдісін  қолдану  арқылы  өткізілетін  оқу  сабағына  даярлықты 
қарастырайық: 

105 
 
-
 
 бір  проблемаға  ғалымдардың  әр  түрлі  пікірлері  қалыптасқан,  мазмұнында 
қарама-қайшылықтары бар тақырыпты таңдап алу; 
-
 
дәрісті оқу сценарийін құру (негізгі сұрақтар, көрнекі құралдарды дайындау, оқу 
материалын уақытқа бөлу және т.б.); 
-
 
 оқу тобының сабаққа даярлық деңгейін есепке алу. 
Оқытушылардың  міндеті  оқытылып  жатқан  тақырып  төңірегінде  пікірталас 
тудыру, сонымен қатар айтылған пікірлер, ұсыныстар шындыққа сай келмеуі де мүмкін, 
ал студенттер міндеті шындыққа жетудің тиімді жолдарын табу. 
Әдістің өз «артықшылығы» мен «кемшілігі» бар, соларды қарастырайық. 
Әдістің «артықшылығы»: 
-
 
студенттердің танымдық іс-әрекетін арттырады; 
-
 
студенттердің эмоционалды және ынталану сезімдерін жетілдіреді; 
-
 
оқу материалын интеграциялау жүйелі  ойлау  мен жүйелі  білімнің қалыптасуына 
себепкер болады. 
Әдістің «кемшілігі»: 
-
 
алдын ала дайындық үшін уақыт пен арнайы жағдайларды қажет етеді [2]. 
«Пікірталасәдісі»  –  оқытудың  сөздік  әдістерінің  ішінде  елеулі  орын  алады.  Оның 
оқыту  процесіндегі  ең  басты  қызметі  -  танымдық  қызығушылықты  ынталандыру, 
оқушыларды  қандай  да  мәселе  бойынша  түрлі  ғылыми  көзқарастарды  белсенді  түрде 
талдауға  қатыстыру,  басқа  жеке  тұлғанық  және  өзінің  көзқарастарының  негіздерін 
түсінуге  жағдай  жасау.  Пікір-сайыс  өткізу  үшін  оқушылардың  дайындығы,  талданатын 
мәселе  бойынша  кем  дегенде  екі  қарама-қарсы  көзқарас  болу  керек.  Білімсіз  өткен 
пікірсайыс  жүйесіз  мәселеден  ауытқып,  нәтижесіз  өтеді.  Оқу  пікірсайыстары 
оқушылардың  өз  ойларын  анық  және  дәл  тұжырымдау  іскерлігінің  болуын,  дәйекті 
дәлелдерді  құрастыра  білуін  талап  етіп,  оларды  ойлауға,  өз  пікірінің  дұрыстығын 
дәлелдеуге,  ой  жарыстыруға  үйретеді.  Оқытушы  сөз  мәнерінің  үлгісі  болып, 
оқушылардың  ой-пікірлерін  тыңдап,  оған  әдепті  түрде  түзетулер  енгізіп,  өз  пікірінің 
ақиқаттығына таласпай, соңғы сөзді айтуға құқығы бар екендігін студенттердің естеріне 
салуы қажет. 
Оқу  пікірталасы  негізгі,  ішінара,  жоғарғы  оқу  орындарында  гуманитарлық 
бағыттағы  пәндерінде  қолданылады.    Жақсы  өткізілген  пікірсайыс  студенттерге  білім 
және тәрбие береді, мәселені терең түсінуге, өз пікірін қорғауға, басқалардың пікірімен 
санасуға үйретеді. Кітаппен және оқулықтармен жұмыс – оқытудың маңызды әдісі.  
«Дөңгелек  үстел»  -  әдісі.  Бұл  форма  қазіргі  өндірістегі  кәсіби  қарым-қатынастың 
ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл әдісте ынтымақтастықпен жұмыстану және өзара көмекке 
келу жүзеге асырылады. Әрбір білім алушының интеллектуалдық белсенділікке құқығы 
бар,  семинардың  жалпы  мақсатына  бағытталған,  ұжымдық  шешім  қабылдау  және 
қорытындылар  жасауға  қатысады.  Біріккен  жұмыста  білім  алушы  белсенді  позицияға 
иеленеді. «Дөңгелек үстел» принципі, әсіресе пікірталас-семинарда толық сипатталады. 
«Шағын  топтар»  әдісі  –  оқу  материалының  жалпы  сұрақтары  жекелеген  өзіндік 
сұрақтарға  ажыратылатын  және  білім  алушылар  топтары  арасына  бөлініп  берілетін, 
студенттер өздігінен немесе оқытушының көмегімен хабарлама әзірлейтін оқыту тәсілі. 
Аталған  әдісті  қолдану  топтың  ішінде  жұмыс  істей  алу  іскерліктерін  дамытады, 
студенттердің  шығармашылық  қасиеттерімен  қоса  бастамашылықтарын,  өздігінен 
жұмыс істей алу қабілеттерін де жетілдіре түседі. 
Бұл  әдісті  семинар  сабақтарында  қолданған  орынды.  «Шағын  топтар»  әдісін 
қолданып өткізген сабақ үзіндісін келтіріп көрейік: 
1) Студенттер  3-5  адамнан  шағын  топтарға  бөлінеді  (студенттер  тілегі  бойынша 
немесе  олардың  дайындық  деңгейі,  «күшті-әлсіз»  студент  позициясынан  оқытушы  өзі 
топтарға бөлуіне болады). 
2) Әр топтың басшысы тағайындалады. 

106 
 
3) Әр  топ  өздерінің  рөлдерін  бөліп  алады:  «Баяндамашылар»  тобы,  «Оппонент-
сыншы»  тобы,  «Қорғаушы»  тобы.  «Баяндамашылар»  тобы  дәрісхана  алдында  негізгі 
ережелер,  қағидалар  мен  концепцияларды  нақтылы  мысалдармен,  көрнекіліктермен 
баяндап  береді.  «Оппонент-сыншы»  тобы  «Баяндамашы»  тобына  сұрақтар  қояды, 
баяндамаларын,  оның  мазмұнын,  дәлелдемелерін  сынға  алады.  «Қорғаушы»  тобы  жаңа 
фактілер келтіріп, ойларды толықтырады, мысалдар келтіреді. 
4)  Жұмыстың  тиімді  болуына  «Баяндамашы»  тобының  өз  баяндамаларымен 
аудиторияны  алдын-ала  таныстырулары  да  ықпал  етеді.  Топтың  әрбір  мүшесі  кем 
дегенде  бір  тапсырманы  орындаулары  керек:  иллюстрация  дайындау,  мысалдарды 
таңдап алу, баяндама жасау, қосымша әдебиетті іріктеу және т.б. [4]. 
Миға  шабуыл.  Шығармашылық  белсенділікті  және  жаңа  идеяларды  тез  жасау 
іскерлігін дамытудың әдісі. Қолданылу уақыты: проблеманың шешімін табу үшін; жаңа 
тақырыпты ұсыну және студенттердің іс-әрекетін өзектілеу, берілген проблемаға топтың 
зейінін  шоғырландыру  үшін.  Әдістің  басты  міндеті  –  танымдық  іс-әрекетті 
белсендендіру  және  студенттерді  өнімді  оқыту  процесіне  қатыстыру.  Технологиясы: 
сипаты  бойынша  әртүрлі  сұрақтарды  пайдалана  отырып  берілген  сұрақ  немесе 
зерттелетін  проблема  бойынша  көп  идеялар  жинақтау.  Идеялар  сыналмайды  және 
комментарий берілмейді. 
Миға шабуылды ұйымдастыру ережелері: 
1.Миға шабуыл уақытында топтың барлық студенттері қатысады. 
2.Ұсынылған идеяларларға пікір берілмейді және сынға алынбайды. 
3. Идеяны нақтылау және дамыту мақсатында сұрақ қоюға болады. 
4. Миға шабуыл барысында аралық бағалар қойылмайды. 
5. Проблеманы талқылау деңгейінде ұсынылатын барлық идеялар қабылданады. 
6.Ойлар нақты және қысқа болуы керек. 
«Іскерлік  ойындар»  әдісі  -  бастапқыда  білім  саласында  емес,  басқарудың 
практикалық  сферасында  пайда  болған.  Қазіргі  таңда  түрлі  практикалық  салада 
қолданылуда:  зерттеу  жұмыстарында,  жобалау  жұмыстары  барысында,  өндірістік 
жағдайларда,  ұжымдық  шешім  қабылдауда,  сондай-ақ,  әскери  істерде  қолданылады. 
Қазіргі іскерлік ойындар ерте замандарда әскери ойындар әдісі ретінде соғыс тәсілдерін 
меңгеру  үшін  қолданылған.  Яғни,  командирлерді  соғыстағы  басқару  әдістеріне, 
әскерлерді  кескілескен  майдан  даласында  өзін  қорғауға  үйретеді.  Жоғарғы  оқу 
орындарында  іскерлік  ойындар  басқару  әрекеттерін  оқытуда  қолданылады.  Сондықтан 
да, бұл әдіс «басқарудың іскери ойындары» деп те аталады. 
Әлеуметтік–психологиялық тренинг- қарапайым түсініктегі жаттығу ғана емес, бұл 
нақты бір дағдыларды игеру ғана емес, тұлғаның адамдармен қарым-қатынас жасаудағы 
бағыттылығын  белсенділігін,  құзыреттілігін  қалыптастыру,  топтың  әлеуметтік-
психологиялық нысана ретінде даму деңгейін арттыру мақсатын көздейді. 
Студенттер педагогикадағы оқытудың белсенді  әдістерін қолдану  арқылы, өзіндік 
бағасының  дамуы  оның  әлеуметтік  дамуына,  болашақта  қажетті  дағдыларды 
жинақтауына, еңбекке бейімделуіне, өз бетінше өмір сүруге дайындықтарының артуына 
жағдай жасайды. 
Әдебиеттер тізімі 
1.
 
Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері.–А., 1991 
2.
 
Валиева  М.  Білім  беру  технологиялары  және  оларды  оқу–тәрбие  үрдісіне  енгізу 
жолдары.2002 
3.
 
 Валиева  М.  Білім  беру  технологияларының  нәтижеге  бағдарланған  білім  берудегі 
ерекшеліктері. –А., 2005 
4.
 
Шардарбеков Д. Қазірігі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары. 2006 
5.
 
Қабдықайырұлы Қ., Монаханов В.М. ˝Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы˝ 
А., 1999. 

107 
 
 
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БИЛИНГВАЛДІ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ 
 
ОРЫНБАСАРОВА Ж.У. 
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 3 курс студенті, Е.А.Бөкетов 
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ. 
Ғылыми жетекшіcі: БЕЛГІБАЕВА Г.Қ. 
п.ғ.к, доцент, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ. 
 
Tілдің  пайда  болуының,  дамуы  мен  қызметінің  сипаты,  қоғамның  таптарға, 
топтарға  бөлінуіне  сәйкес  тілдің  әлеуметтік  жіктелісі,  тілге  қоғамның  әсер  етуімен 
байланысты туған қостілділік, көптілділік, шет тілдердің халықаралық сипат алуы т.б. – 
бәрі  де  тілдің  қоғамдық  табиғатымен  байланысты.  Көптілділік,  ұлттың  құрамы  мен 
ұлтаралық  қатынастардың  ерекшелігі,  қоғам  өмірінде  жеке  тілдердің  рөлі  сияқты 
факторлар көп тілді мемлекетте тіл саясатын аса күрделі мәселеге айналдырады. Тіл – ең 
алдымен қарым-қатынас құралы. Нейролингвистика деректеріне сүйенсек, адам миының 
сол жақ бөлігі негізгі тілмен байланысты болса, оң жақ бөлігі басқа тілмен байланысты 
болады  екен.  Көрші  халықтардың  тілдік  байланысы  заңды,  мысалы  орыс  тілінде  батыс 
тілдерінің, қазақ тілінің сөздері, қазақ тіліндегі орыс, араб, парсы, моңғол сөздері көптеп 
кездеседі.  Араласатын  халықтардың  әлеуметтік-мәдени  даму  деңгейі  бір  болмайды, 
сондықтан қай салада кірме сөздер көп кездессе, сол салада бөтен тілдің, яғни халқтың 
ықпалы  күшті  болғакнын  байқауға  болады.  Кеңінен  таралған  жағдаят  территориялық 
қостілділік,  яғни  көршілес  отырған  халықтардың  араласуы  нәтижесінде  орын  алады.  
Бүгінгі  таңда  еліміздің    қоғамындағы  қостілділіктің  қалыптасуы  қоғамдық  өмірдің  ең 
күрделі  проблемаларының  бірі  болып  табыла  отырып,  отандық  саяси  ғылымда  әлі  де 
зерттеуді  талап  етеді.  Қазақстан  көпұлтты
 
мен  этникалық  топтардан    тұратын 
боғандықтан,  біздің  қоғам  қостілділіктің,  тіпті,  көп  тілділіктің  мәселелеріне  бейжай 
қарай алмайтындығы кездейсоқтық емес. Әрбір адам өз ана тілінде сөйлегенді қалайды. 
Алайда,  көптілділік  жағдаятында  өзінің  қалаған  тілінде  ғана  сөйлеу  мүмкін  бола 
бермейді. Сондықтан адам күнделікті қарым-қатынаста көптілділік факторының әсерінен 
немесе  кеңінен  қолданылатын  тілді  үйрену  арқылы  оны  халықтармен  қатынас  үшін 
екінші  тіл  ретінде  қолданыла  алады.  Көптілділік  қоғамда,  әсіресе  азшылық  болып 
саналатын тіл иелері ондай тілді үйренуге мәжбүр болады. Адам келесі бір тілді екі түрлі 
жолмен үйренеді, бірі тілдік орта арқылы, екіншісі мақсатты түрде үйрену арқылы.[1] 
  Бүгінде Қазақстанның білім беру жүйесіндегі басым бағыттарының бірі – жаңаша 
инновациялық  көптілді  білім  беру  моделін  құру.  Көптілді  оқытуды  енгізудің  идеялық 
негізіне Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың:  «Бізге кейбір пәндерді  мектепте оқыту бір мезгілде 
қазақ тілінде де, орыс тілінде де жүргізілуі туралы ойласу керек. Бұл – біздің бүкіл білім 
беру  жүйеміз  үшін  жаңа  міндет»,  -  деген  сөздері  басшылыққа  алынған.  [1]  Сонымен 
бірге  көп  тілді  оқыту  ана  тілге  зиянын  тигізбеуі  керек.  Осы  мәселе  ескеріліп,  көптілді 
оқытуды  қазірд  балабақшадан  бастап,яғни,  3жастан  бастап  орыс  тілі  және  ағылшын 
тілдері  өткізілуде.  Бұл  тұрғыдан  алғанда,  әр  тілдің  атқаратын  қызметін    де  естен 
шығармауымыз  қажет.  Атап  айтар  болсақ,  қазақ  тілі  –  бұл  мемлекеттік  тіл,  еліміздің 
ұлттық  бірлігінің  тілі,  орыс  тілі  –  ұлтаралық  қатынас  тілі,  ал  ағылшын  тілі  –  заман 
талабынан  туындайтын  ақпарат  алу  тілі,  өйткені  әлемдегі  ғылымға  қатысты  барша 
жаңалық  ең  бірінші  кезекте  осы  ағылшын  тілінде  жарық  көреді.  Ендеше,  мұндай 
қағидатты  мәселелерді  ескере  келе,  балаларға  тіл  тек  қана  меңгеріп  шығу  үшін  емес, 
керісінше, нақты көрсеткіштерге, алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажет екенін 
түсіндіруіміз керек. Жалпы алғанда, білім берудегі көптілді ортаны қалыптастыру үшін 
пәндердің  мазмұнын,  оқыту  технологиясын,  әдістері  мен  тәсілдерін  толық  қайта 
қарастыруды  қажет  етеді.  Бір  сөзбен  айтқанда,  оқушыға  білім  пәннің  мазмұнын  және 

108 
 
білім берудің тәрбиелік әлеуетін күшейту, көпмәдениетті ортаға бейімдеу, құзіреттілігін 
дамыту арқылы берілуі тиіс. 
Тілдердің  өзара  байланысуына,  екі  тілде  сөйлеуіне  байланысты  қостілділік  құбылысы 
пайда  болады.Қостілділік  екі  түсіндірілуде  біріншісі  екі  немесе  бірнеше  тілді  әр  түрлі 
деңгейде  білу,  ал  екіншісі  екі  немесе  бірнеше  тілді  ана  тілін  білу  деңгейінде  меңгеруі. 
Қостілділікті қалыптастыру - өмір талабынан туған мәселе.Екінші тілді білу біріншіден, 
еңбек  ету  аясында  өте  қажет,  өйткені  бүгінгі  таңда  өндірістік  байланыстар  ұлттық 
шеңберден  шығып,  республикада  көпұлтты  еңбек  ұжымдары  басым.  Тілдердің  дамуы 
мен қызметінде қостілділік үлкен рөл атқарады.[2]
 
Көпшілік  әдебиеттерде  қостілділік  (билингвизм–  лат.  bi–  екі,  lingua–  тіл)  деп  айтылса, 
Б.Хасановтың  зерттеуінде  оны  қостілділік  емес  биречье,  двуречье  деп  қарастырады. 
Олар – жалпы халыққа ортақ қарым-қатынас құралы, білім мен ғылымның, ақпарат пен 
баспасөздің,  әдебиет  пен  мәдениеттің  тілі.Көптілділік  билингвизмнен  (қостілділіктен) 
бастау алады. Көптілділік сирек кездеседі. 1989 ж. мәлімет бойынша, бұрынғы Кеңестер 
Одағындағы 73 млн. қос тілділердің (23,4%), 61 млн-ының екінші тілі орыс тілі болған.  
Сонымен қатар қостілділіктің рецептивті (өзге тілде сөйлеуді  түсіну) және продуктивті 
(өзге тілде сөйлей білу) түрлері де бар. Негізінен екі тілде еркін сөйлеп, түсінісе алатын 
адамдарды билингв атайды. [6] 
       Қостілділіктің  қалыптасуын  зерттей  келе,  алғашқыда  кірме  сөздердің  тілге  енуі 
түрінде,  кейін  көбейіп,  жинақталып,  өздігінше  жүйе  құрай  алатындай  деңгейге  жетіп, 
сіңісе береді екен. 
Халықтардың  ұзақ  уақыт  қарқынды  қарым-қатынаста  болуы  екі  тілділік  жағдайға 
әкеледі.  
Тілдік  одақтар  –  әлемдегі  тілдердің  жақындасуына  (конвергенция)  апарады. 
Қостілділікті  ғылымда  б
илингвизм  деп  атаймыз.  Билингвизм —  қостілділік,  дербес  екі 
тілде  бірдей  ойлап,  жаза  білетін 
өнер
 адамдарының  психологиясын  зерттейтін  тіл 
білімінің
 әлеуметтік
 саласы 
Жасанды билингвизм - егде жаста екінші тілді бір тілдік ортада немесе екі тілдік ортада 
ұйрену мәтижесінде қос тілді бірдей жетік меңгеру[3] 
Қазақстанда Конституцияның 7-бабына сәйкес, мемлекеттік тіл қазақ тілі ал, орыс 
тілі ресми тіл болып табылады және қазақ тілімен тең дәрежеде қолданыладыҚазақстан 
Республикасында мемлекеттiк тiлде, ал ұлт топтары жинақы тұратын жерлерде солардың 
тiлдерiнде  жұмыс  iстейтiн  мектепке  дейiнгi  балалар  ұйымдарын  құру  қамтамасыз 
етiледi. [3] 
Қазақстан Республикасы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, 
орта  білімнен  кейінгі,  жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  бiлiмдi  мемлекеттiк 
тiлде, орыс тiлiнде, ал қажетiне қарай және мүмкiндiгi болған жағдайда басқа да тiлдерде 
алуды қамтамасыз етедi. Білім беру ұйымдарында мемлекеттiк тiл мен орыс тiлi мiндеттi 
оқу пәнi болып табылады және бiлiм туралы құжатқа енгiзiлетiн пәндер тiзбесiне кiредi.
 
Қостілділік  –  кәсіби  маманданудың  негізгі  кілті.  Маманның  потенциалын  көтеру  мен 
нарықтық қатынаста жұмыс жасауы үшін қостілділіктің қажеттілікке айналуы. Сонымен 
қатар ХХІ ғасыр мамандардың өзара алмасу процесі орын алғандықтан, тіл білушілік бұл 
үдерістің негізгі ферменті болып отыр.[4]
 
Қостілділді адамның екінші тілде сөйлеу кезінде бірінші тілдің әсерінен нормадан 
ауытқуын интерференция десе, ал оның бірінші тілде сөйлеу кезінде тілдің әсерінен қате 
жіберуін  интеркаляция  дейді.Қостілділділік  компоненттерінің  арасында  құрылыстық 
айырмашылықтар  неғұрлым  көп  болса,  билингтің  сөйлеу  кезінде  соғұрлым 
интерференция мен интеркаляция құбылысы көп болуы мүмкін, немесе керісінше. 
Қостілді қазақтардың тілінде интеркаляция мына төмендегі жағдайда кездеседі: 
1)     қазақ тілінде баламасы бола тұра орыс тілі бөлшектерінің қолданылуы; 
2)     орыс тілінде сөйлегенде, қазақ сөздерін орысша айту; 

109 
 
3)     қазақ тілінде сөйлегенде, екі тілдің сөздерін қатар қолдану; 
4)     сөзбе-сөз аударудың әсерінен интеркаляцияның жасырын қолдануы. 
Қазақ  және  орыс  тілдерін  меңгеруіне  қарай  қостілді  қазақтарды  4  топқа  бөлуге 
болады: 
1)     орыс  тілімен  салыстырғанда,  ана  тілін  жақсы  мергенгендер.  Бұл  –  көпшілік 
қостілді қазақтарға тән; 
2)     қазақ тіліне қарағанда орыс тілін өте жақсы меңгергендер. Бұл құбылыс қала 
жастарының арасында кездеседі; 
3)     екі  тілде  интерференттік  дәрежеде  сөйлеп,  жазатындар,  яғни  екі  тілдің 
бөлшектерін араластырып сөйлеу; 
4)     екі  тілде  өте  жоғары,  интерферентсіз  дәрежеде  сөйлейтіндер  (мұғалімдер, 
оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, қостілді жазушылар және т.б.) [5] 
Сонымен  қатар,  қазақ  балабақшасында  немесе  қазақ  тобында  орын 
болмағандықтан  балаларын  амалсыздан  орыс  тобына  беріп  отыр.  Аралас  балабақшада, 
мысалы, барлығы 10 топ болса, оның 2-і немесе  1-і ғана қазақ тобы болады. Айта берсек 
сөз  көп.  Қазіргі  уақытта  үнсіз  ашылып  жатқан  орыс  мектептерін  көруге  болады. 
Қысқартып  айтайын,  Астанада  бір  қазақ  мектебі  ашылса,  екі  орыс  мектебі  ашылады. 
Алматыда да солай. Мысалы, № 54 қазақ мектебі ашылғанда сол ауданнан № 31, № 5 екі 
орыс  мектебі,  №  56  қазақ  мектеп  ашылып  еді,  жарыса  №  35,  №  60  екі  орыс  мектебі 
ашылды.  Қазақ  мектебінде  1400  бала  оқып,  екі  орыс  мектебінде  400-ден  және  600-дан 
бала  оқиды.  Сонда  қазақ  және  орыс  мектептері  мұғалімдерінің  жүктемелері  жер  мен 
көктей. Ал, алатын айлығы бірдей. Аралас балабақшаларда, мектептерде қазақ тобында, 
сыныбында  бала  көп.  Сондықтан  қазақтар  балаларын  орыс  тобына,  сыныбына  береді. 
Өйткені  сыныпта  адам  көбейген  сайын  оқу  сапасы  төмендейді  дейтіні  түсінікті.  
Мектептерде  ағылшын  тілі,  орыс  тілі  2,  3  топқа  бөлініп  оқытылады,  ал,  қазақ  тілі 
сабағында оқушылар сыныпта 30-35 оқушы болса да топқа бөлініп оқытылмайды.[6] 
Tіл мен қоғамынаң байланысы – екіжақты байланыс. Тіл  - адамзат қоғамының өмір 
сүруінің  және  дамуының  қажетті  шарты,  қоғам  –  тілдің  өмір  сүруі  үшін,  адамдардың 
бірлесіп  еңбек  етуі  үшін  керек.  Мемлекет  -  әлеуметтік  жанды  организм.  Оның  жаны  – 
тілінде.  Ана  тілін  шұбарлау  -  әлеуметтік  дерт.  Мемлекеттің  кез  келген  азаматы  сол 
мемлекеттің  көркеюіне,  өсіп-өркендеуіне,  өрениетті  елдер  қатарына  қосылуына  аянбай 
қызмет етуі жолында аянбай қызмет ету керек. Осы бағытта cоңғы кездердегі зерттеулер 
бірнеше  тіл  білетіндердің  басқаларға  қарағанда  ұқыптырақ,  ойын  тез  жинақтап  айтуға 
қабілеттірек  келетіндігін   анықтап  жатыр.  Оның  басты  себебі,  адам  бір  тілден  екінші 
тілге ойлауға көшкенде, оның миы ақпараттарды шапшаң реттеп, ең маңыздыларын тез 
іріктеп алуға машықтанады екенСондықтан да, көп тілділік мәселесіне ғылыми тұрғыдан 
келіп,  оның  жақсы  жақтарын  да,  теріс  тұстарын  да  әрдәйім  ескеріп  отырған  жөн.  Осы 
мәселені  арнайы  зерттеген  бірсыпыра  ғалымдар  қостілділіктің  жас  баланың  ойлау 
қабілетінің дамуына кері  әсерін тигізетінін анықтаған. Ойлау барысында екі  тілдің бір-
біріне  кедергі  келтіріп,  тежеу  тудыратындығы,  сөйтіп  баланың  ойлау  жүйесінің 
қалыптасуындағы айтарлықтай кері әсер ететіндігін алға тартады. [6] 
Екінші шет тілін үйрену өмір қажеттілігінен туындап, еркіндік, теңдік, ізгілік ниет-
терімен жүрсе ғана ол – пайдалы. Б. Хасановтың пайымдауынша, қостілділік екі жақты 
(қазақша-орысша,  орысша-қазақша)  болғанда  ғана  пайдалы.  Негізінен,  солай  болуы 
тиіс.Бірнеше тілде сөйлеудің артықшылықтары бар: жаңа зерттеу бойынша, біртілділерге 
қарағанда,  қостілділердіңзейін  ауысымы жылдам  жүзеге  асады  екен.Зейін  ауысымы  - 
жаңа объектіге ойша “зейін қою” және назар аудару қабілеттілігі. Мысалы, сіз қозғалыс 
кезінде зейініңізді дөңгелектен жолға аударасыз немесе топтық ойын кезінде қорғанудан 
шабуылға  аударасыз.  Қостілділік  когнитивті  артықшылықтар  қатарымен   байланысты 
болып келеді, ал 2010 жылы “Тіл және таным” зерттеулері бойынша,  жасөспірімдердің 
зейін  ауысымы  қабілетін  жақсартуға  қостілділіктің  қалай  ықпал  ететіндігі 

110 
 
қарастырылған  болатын.2010  жылғы  зерттеу  көрсеткіші  бойынша,  қостілділер 
біртілділерге  қарағанда  атқарушы  бақылаудың  күшеюін  көбірек  ұнатты.  Атқарушы 
бақылау -  когнитивті қабілеттілік комбинациясымен байланысты. Мұның ішінде шешім 
қабылдауды,  импульс  бақылауын,  ойлау  қызметін  реттейтін  зейін  ауысымы  бар.   Екі 
тілді әрдайым бақылау - атқарушы бақылауды жақсартады деген пікір талас тудырарлық. 
Бұл зерттеуді Карнеги Меллон жақтайды.[7]
 
Қорыта  келе,  әрбір  адам  белгілі  бір  қоғамда  өмір  сүре  отырып,  сол  қоғамның 
сұраныстарына, талаптарына сай өмір сүретіндігі белгілі. Демек, қостілділік те адамның 
қоғамдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында туындайтын табиғи құбылыс екен. 
Бұл  –  қостілділіктің,  көптілділіктің  пайдалы  жағы.  Мәжбүрлі  түрдегі  қостілділік  ұлт-
аралық  алауыздықтарды  қоздырып,  оның  қайнар  көзіне  айналады.Әрбір  бала  оның 
бойында  ана  тілі  негізінде  ұлттық  ойлау  жүйесі  қалыптасқанша,  алдымен,  отбасында, 
сосын мектептің бастауыш сыныптарында міндетті түрде ана тілінде тәрбиеленіп, содан 
кейін барып шет тілдерін үйрену пайдалы болмақ.Қостілділік екі тілдің теңдігі жайында 
жүрсе ғана екі тілдің де қатар дамып, байи түсуіне игі әсерін тигізе алады.
  Тіл  білудің, 
яғни лингвистикалық сапаның бүгінгі дәуірде білім бағалаудағы негізгі шкалаға айналуы 
және  қоғамда  тіл  білушіліктің  кең  компетенцияға  бағаланылуы,  сауаттылықтың  басты 
кепілі  ретінде  қаралуы  адамдар  арасында  үлкен  тұлғалық  мотивацияны  тудырды.  Әрі 
кәсіби  өлшем,  әрі  өзге  елді,  мәдениетті  тануда  қанағаттандырушы  құрал  болып 
табылатын  тіл  білушілік  қасиет  жеке  тұлғалардың  прагматикалық  мақсатына  айналды. 
Демократиялық  құндылықтар  мен  мемлекет  қолдап  отырған  тілдік  саясат  бұл 
адамдардың  мақсатын  еркін  жүзеге  асырып  отыр.  Әлем  мемлекеттерінің  бір  тілді 
универсал  тіл  ретінде  қабылдауға  деген  құлшынысы  (әсіресе,  ағылшын  тілін),  түптеп 
келгенде,  қостілділіктің  (билингвизмнің)  дамуына,  орнығуына  әкелді.  Жаһандану 
құбылысы әлемдік деңгейде үлкен тілдік төңкерісті, тілдік тенденцияны тудырды, бұл – 
қостілділік
.   Болашақта   бәсекеге  қабілетті  дамыған  мем.лекет  болу  үшін  біз 
сауаттылығы жоғары және көптілді меңгерген тұлғалар дайындауымыз керек
 [7]
 
 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 
 
1.  Қазақстандағы  ұлтаралық  қатынастар  және  қостілділік  мәселесі  [Мәтін]  /  Ә. 
Бисенова // Ақиқат : ұлттық қоғамдық-саяси журнал. - 2010. - N 6. - Б. 95-96.  
 
2.  Әлеуметтік  лингвистика.  Әдістемелік  талдау.  Құрастырушылар:  Мажитаева 
Ш.М., Шадыкенова Ә.Қ. – Қарағанды, 2006. - 66 б. 
 
3. Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 ж. 11 шiлдедегі  № 151-I  
 
4.Қазақстан Республикасының Заңы  2008.21.11. 
 
5. Саяси түсіндірме сөздік. - Алматы, 2007. - 616 б. 
 
6.Жәлелұлы, Бейбіт. Тіл басымдығы, пәрменділігі және қоғамдық қызметі [Мәтін] 
/ Б. Жәлелұлы // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2012. - №6. - Б. 11-16. 
 
7.Педагогический  тезаурус  полиязычного  образования  //  Этнопедагогика  в 
системе образования. – 2008. – № 5. – С. 12-15. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет