1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
БҚМУ ХАБАРШЫСЫ
Жылына 4 рет шығады
№ 3 (67) - 2017
ВЕСТНИК ЗКГУ
Выходит 4 раза в год
Орал-Уральск
М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКИЙ
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ
УНИВЕРСИТЕТ
им. М. УТЕМИСОВА
2
ӘОЖ 377.35:37.01
Кривирадева Б.И. – PhD доктор,
Святой Климент Охридски атындағы София университеті
Фейзулдаева С.А. – І.Жансүгіров атындағы
мемлекеттік университетінің PhD докторанты
E-mail: Salta7172@mail.ru
БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІН САБАҚТАСТЫҚ ҰСТАНЫМЫ АРҚЫЛЫ
КӘСІПТІК-ТҰЛҒАЛЫҚ ДАЯРЛАУ
Аңдатпа. Мақалада жоғары оқу орнында бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби даярлау жүйесінде
сабақтастық ұстанымы арқылы оларды кәсіптік-тұлғалық қалыптастырудың теориялық және
практикалық мәселелері қарастырылады. Мұғалімдерді кәсіби даярлауда сабақтастықтың алатын
орны, оны қолдану мүмкіндіктері көрсетілген.
Тірек сөздер: Бастауыш мектеп мұғалімі, сабақтастық ұстаным, кәсіптік-тұлғалық даярлау.
«Қазақстанның
үшінші
жаңғыруы:
жаһандық
бәсекеге
қабілеттілік»
атты
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында экономиканың
жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, адами капитал сапасын жақсарту басымдықтары белгіленді
[1]. Мұндай ауқымды міндеттерді шешуде мектептің, ондағы педагогикалық ұжымның ролі зор. Себебі
бүгін мектеп партасында отырған ұрпақтарды жаңа жағдайда өмір сүруге және жұмыс істеуге даярлауға
тура келеді.
Адам өзі өмір сүргеннен бері әрдайым оқып-білуге – өз тәжірибесін саналы, мақсаткерлік тұрғыда
меңгеруге талпынады. Осы істі жүйелі түрде атқарып отырған мұғалімдердің мамандығына айрықша
ілтипат білдіріледі, олардың еңбегінің жетілдірілуіне көп мән беріледі.
Аса талантты педагог, ағартушы Ы.Алтынсарин қазақ баларына арналған мектеп ашумен бірге
онда қызмет істейтін, балаларды оқытып, тәрбиелейтін кадрларға, атап айтқанда, мұғалімдерді
дайындауға аса зор мән берген. Ол мектептегі ең басты тұлға – мұғалім деп есептеген. Жақсылап
салынған мектеп үйі болуы мүмкін, тамаша жазылған оқу құралдарын да табуға болады. Бірақ бұлардың
бәрі білікті мұғалімсіз берері шамалы деп есептеген [2].
Ахмет Байтұрсынов өзі басқарып отырған «Қазақ» газетінің бетінде «Мектеп керектері» атты
мақаласында: «... ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, әдістемеден хабардар оқыта білетін
мұғалім» деп жазған [3].
Мағжан Жұмабаев өзінің «Педагогика» оқулығында мұғалім мамандығын былайша бағалады:
«Қазақтың қані бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру
үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдікі» [4, 9 б.].
Ағартушы педагогтардың ғылыми-педагогикалық мұрасы қазақ педагогика ғылымының алтын
қорына қосылған ерекше үлес және оларды болашақ ұрпақты тәрбиелеу жүйесінде пайдаланудың
қажеттігі бар.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасының талаптарына сәйкес мұғалімнің жеке басын жетілдіру міндеті ерекше
3
маңызды болып отыр, өйткені мектептегі бүкіл оқу-тәрбие процесі тиімділігінің табысты болуы көбінесе
соған байланысты [5].
Бүгінгі күн – білім беру мазмұнына, оқушы мен педагог тұлғасына және қызметіне деген
көзқарастардың түбегейлі өзгеріске бет бұрып отырған кезеңі. Қазақстанның әлемдік үрдістерге енуі,
дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту
қажеттілігін арттыруда.
Осыған орай, қазіргі кезде білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформалар барлық
деңгейлердегі білім мазмұнын жаңартуға және өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған.
Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы
адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру Елбасымыздың жыл сайынғы
Қазақстан халқына Жолдауларында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы [5], Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары [6] және басқа да білім саласындағы
стратегиялық бағдарламалық құжаттар негізінде жүзеге асырылып келеді.
Қазақстанда мектептегі білім беру жаңа кезеңнің алдында тұр. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
саласы жаңа тәсілдер аясында кеңеюде. Ол – пәнаралық және жобалық қызмет, оқыту мен басқаруда
ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану, дамуында ерекше қажеттіліктері бар
балаларды интеграциялау және ата-аналарды консультациялық сүйемелдеу.
Қазіргі кезеңдегі педагогиканың дамуында кәсіптік-тұлғалық даярлығының мазмұнында
интегративті байланыстар өзі өзінен білімді, іскерліктерді, дағдыларды, тұлғаның сапаларының
мәнділігін баса көрсетіп қоймай, олардың негізінде қалыптасатын әрекеттің жалпыланған тәсілдерін,
яғни солардың негізінде қазіргі қоғамда тиімді қызмет ете алатын түйінді құзыреттерді және
құзыреттіліктерді қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында бастауыш
оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша білім бакалаврының құзыретіне қойылатын
талаптар белгіленген. Ол бойынша түйінді құзыреттерге жататындары: қалыптастырушы, жүйелеуші,
зерттеушілік; пәндік құзыреттерге: коммуникативті, технологиялық, бақылаушы; арнайы құзыреттерге:
бағдарламалық, пәнаралық, әлеуметтік, дамытушы, креативтік, ұйымдастырушы-әдістемелік. Пәнаралық
құзырет бойынша мыналар қалыптастырылуы қажет: педагогикалық интеграция теориясы саласындағы
білімдерді меңгеру, педагогикалық міндеттерді шешуде түрлі пәндер салаларындағы білімдерді біріктіру
біліктері мен дағдыларын меңгеру, әлеуметтік серіктестікке және педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті
болу [7, 9 б.].
Сонымен бірге 21 ғасырдың жаңа жаһандық талаптарын ескере отырып, барлық балалар үшін
сапалы білім беру мәселесі өзектендірілуде.
Педагогикалық білім беруді жаңғырту шеңберінде педагогикалық мамандықтарға түсу, атап
айтқанда, ЖОО-ға педагогикалық мамандықтарға түсу кезінде жаңа өлшемшарттар енгізудің тетігі
әзірленетін болады, талапкерлердің педагогикалық қызметке бейімділігін анықтауға арналған арнайы
емтихан енгізіледі.
Педагог кәсібі беделінің болмауы үлгерімі төмен талапкерлерді оқу орнына қабылдауға әкеледі.
Педагогикалық мамандықтарға қабылдауға қойылатын арнайы талаптар жоқ. Педагогикалық
мамандықты бітірушілер оқу практикасында оқытудың жаңа технологияларын пайдалануға
бағдарланбаған.
4
Өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру педагог портфолиосында көрінетін педагог қызметінің
ажырамас бөлігіне айналады. Бірінші және жоғары санаттарды алу үшін жағдай жасау мақсатында
педагогтың біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар қайта қаралатын болады.
2019 жылдан бастап педагог кадрларды тәуелсіз сертификаттауға дайындық және оған көшу
мәселесі пысықталатын болады
Қазақстандық мұғалімдер TALIS зерттеулеріне қатысады, оның нәтижелері бойынша еліміздегі
мұғалімдер корпусының сапалық құрамын жақсарту бойынша ұсынымдар әзірленетін болады.
Жаңартылған білім беруге көшуді ескере отырып, педагогикалық колледждердің және жоғары оқу
орындарының білім беру бағдарламаларының мазмұны жаңғыртылады. Жаңғыртылған білім беру
мазмұнының стандарт жиынтығы функционалдық сауаттылықты қамтамасыз ететін дағдылардың кең
спектрін дамыту бойынша үздік халықаралық тәжірибеге бағытталатын болды.
Оқу бағдарламалары жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық
модельдеуді дамытуға бағытталған STEM – элементтерді (ғылым) қамтитын болады.
Білім беру деңгейлері бойынша оқулықтар мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз етуге
бірыңғай әдіснамалық тәсілдеме әзірленетін болады.
«Жас қыран» (7-9 жас, 2-4 сыныптар) балалар ұйымының жұмысы жандандырылатын болады.
Қазіргі кезде-ақ бастауыш мектепте оқытудың әдістемелік жүйесі заманауи технологияларды
пайдалануға негізделген.
2016-2017 оқу жылында мектептерде жаңартылған білім мазмұнына көшу аясында бастауыш
мектептің үлгілік оқу жоспарына 14 пән енгізілген. Ал оның үшуі жаңадан қосылған пәндер. Атап
айтқанда, «Жаратылыстану» (1 сынып), «Көркем еңбек» (1 сынып), «Ақпараттық-коммуникативтік
технологиялар» (3 сынып).
Шағын жинақты мектептер жалпы орта білім беру ұйымдарының жалпы санының 44%-ын
құрайды. Ондағы оқушылардың білім сапасын арттыру үшін білім беру үдерісі барысында цифрлық
оқыту ресурстарын қолдану мақсатында шағын жинақты мектептерді техникалық құралдармен
жинақтау басталды.
Болашақ түлектерді жедел өзгерісті дүниеде өмір сүруге дайындаудың іргетасы, бала тәрбиесінің
қайнар көзі бастауыш мектепке тәуелді болатынын теориялық және практикалық жағынан дәлелденген.
Адамға табиғаттан берілген ізгілікті мүмкіндіктердің 80% осы бастапқы оқу кезеңінде қалыптасатынын
ғылым дәлелдеп отыр [8, 3 б.].
Бастауыш мектептің мұғалімі мынадай курделі және ауқымды кәсіби қызмет түрлерін орындауға
тиісті:
-диагностикалық – оқушы тұлғасын, оқыту, тәрбиелеу және даму нәтижелерін зерттеу;
-ұйымдастырушылық-технологиялық (педагогикалық технологиялар негізінде оқу-тәрбие үдерісін
ұйымдастыру);
-педагогикалық басқару («субъект – субъектінің» өзара әрекеті, білім беру менеджменті);
-жобалау (бастауыш мектептегі білім беруді модельдеу);
-ғылыми-зерттеу (білім беру мекемелеріндегі мәселелерді шешудегі шығармашылық ізденіс,
педагогикалық тәжірибені зерттеу, рефлексия).
5
Осы аталған кәсіби қызмет түрлерін нәтижелі орындау үшін болашақ бастауыш мектебінің
мұғалімі кәсіби құзыреттерді меңгеруге тиісті. Бітіруші білімдік қызмет саласында бастауыш мектепте
оқушыларға сапалы білім беру үшін кәсіптік қызметті жоғары деңгейде меңгеруі тиіс. Бастауыш
мектептегі оқу-тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастырудың және іске асырудың білімдеріне,
іскерліктеріне және дағдыларына ие болуы керек. Оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуде және талапқа
сай білім беруде педагогикалық және ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану шеберлігін жоғары
мектепте меңгеруі тиісті. Бұған қол жеткізудің ең бір тиімді тәсілі ол – оқыту-тәрбиелеу процесіндегі
сабақтастық.
Сабақтастық–педагогикада заңдылық, жалпыдидактикалық ұстаным, шарт, тәсіл, құрал, үдеріс
ретінде қарастырылатын көп салалы ұғым. Оны қазақстандық ғалымдар төмендегідей бағытта
қарастырады: жастарға бастауыш кәсіби және технологиялық білім беру мазмұнындағы сабақтастықты
(К.Ө.Өстеміров); әртүрлі оқыту кезеңіндегі политехникалық білім беру сабақтастығы мәселесі
(К.Р.Исаева); студенттердің оқу белсенділігін қалыптастырудағы сабақтастық (М.А.Кененбаева); мектеп
пен техникалық ЖОО-ның оқу үдерісіндегі сабақтастығы (С.Смайлов); әртүрлі жастағы балалардың
шығармашылық қабілетін дамытудағы сабақтастық мәселесін (Л.Г.Дирксен); оқушылардың танымдық
қызығушылығын дамытудағы сабақтастық (Ұ.Б. Төлешова).
Біздің пікірімізше, мұғалімнің кәсіптік-тұлғалық даярлығы кәсіби дамуының процесі, оның
нәтижесінде әртүрлі сипаттамалардың көп жақты жүйесі құрылады, яғни білімдік, іскерлік, дағдылық,
қабілеттер, құндылық бағдар, тұлғалық белгілер және сапалар, сөйтіп бастауыш білім беру аясында
педагогикалық әрекетті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.
Бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіптік-тұлғалық даярлығының құрылымы 1 суретте берілді.
Қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартында бастауыш мектептің болашақ мұғалімінің білім деңгейіне қойылатын талаптар
анықталған. Осы мамандықты меңгеруші мыналарды білуі тиіс «...қолданыстағы бастауыш білім беру
стандарттарының, оқу бағдарламаларының, оқулықтар мен оқу құралдарының құрылымы мен
мазмұнымен, сабақ беретін пәнінің теориялық негіздерін, бастауыш сыныптарда оқылатын пәндерді
оқыту әдістемесінің теориялық негіздерін, бітіруші оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес
оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру [7, 6 б.].
Қазіргі кездегі зерттеушілер бастауыш мектептің мұғалімін даярлау құрылымында тұлғалық
компоненттің үлкен мәні бар екендігін атап өткен. Мысалы В.А.Сластенин, Н.Е. Мажар олардың
кәсіптік мәнді сапасының алты түрін белгілейді: жалпы және кәсіптік-педагогикалық бағытталғандықты
көрсететін тұлға
қасиеттері; тұлғаның
интеллектуалдық аясының
ерекшеліктері; тұлғаның
эмоционалдық-еріктік қасиеті; әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері; тұлғаның сенсорлық-
перцептивті сипаттамалары; тұлғаның өзіндік санасының ерекшеліктері [9, 69 б.].
6
Сурет 1 – Мектеп мұғалімінің кәсіптік-тұлғалық даярлығының құрылымы
Тұлғалық белгілер белгілі бір дәрежеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандартының «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығында
көрініс тапқан: ... тұлғаның әлеуметтік, ерікті-сезімдік, интеллектуалдық, психиканың және де басқа
қасиеттерін дамытуы», кәсіби абырой мен педагог қадір-қасиетін, педагогикалық нормаларын сақтау,
балалардың азаматтық құқықтарын құрметтеу [7, 7 б.].
Теориялық зерттеулерді қарастыру болашақ мұғалімнің кәсіптік-тұлғалық даярлық процесінде
сабақтастық ұстанымды жүзеге асыру қажеттігін көрсетіп отыр. Сабақтастықтың теориялық,
ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздері және үздіксіз білім беру жағдайында оны жүзеге асырудың
технологиясы С.М. Годниктің, А.А. Люблинская, М.И. Махмутовтың және тағы басқалардың
еңбектерінде қарастырылған.
Бұл ұстаным келесі ғылыми тұжырымдарды негізге алады: қоршаған орта болмысының айқын
бедерлері мида нақты бейнеленсе ғана, оқушы шынайы білімді топтай алады; ғылыми білімдер жүйесін
қалыптастырудың басты тәсілі – белгілі жолмен ұйымдастырылған оқу; ғылыми білімдер жүйесінің
бірізділігі оқу материалының ішкі қисынымен және оқушылардың танымдық мүмкіндіктерімен
байланысты; жеке элементтерден тұратын оқу үдерісінің тиімді әрі жоғары нәтижегее жетуі ол үдерісте
орынсыз үзілістердің, ескерілмей қалған қажетті сәттердің болмауына және бірізділіктің қандай да
Мұғалімнің кәсіптік-тұлғалық даярлығы
Компоненттері
Білімділік
Құндылықтық
Тұлғалық
Білімі, іскерліктері,
дағдылары (жеке және
арнайы)
Тұлғаның кәсіптік мәнді
құндылықтары, мотивтері
және бағытталғандығы
Әрекетінің жекелік стилі
Кәсіптік-мәнді
нышандары, қабілеттері
және сапалары
Өзін-өзі бағалауы, өзіндік санасы, субъективтілігі, креативтілігі,
өздігінен білім алуы
7
себептермен бұзылмауына тәуелді. Егер дағдылар тиісті жаттығулармен жүйелі бекімесе, олар көп
ұзамай жойылады; егер оқушылар қисынды ойлауға үйретілмесе, олар өздерінің ойлау іс-әрекетінде
үлкен қиыншылықтарға кезігеді; егер оқу ісінде сабақтастық ұстанымы сақталмаса, оқушы жастардың
даму үдерісі бәсеңдейді.
Сабақтастық кең мағынада философиялық және педагогикалық ұғым ретінде өткенмен, қазіргімен
және болашақ арасындағы байланысты қамтамасыз ететінді білдіреді. Ал оқу-тәрбие процесі
тұрғысынан сабақтастықтың мәні мынада: бір білімдік-тәрбиелік сатыдан екіншісіне өткенде белгілі бір
мазмұнды, білім берудің қандай да бір формасын және әдістерін сақтайды.
Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша білім бакалаврын даярлауда
сабақтастық ұстанымы мына негізгі мақсаттарды орындауға септігін тигізу керек:
-отансүйгіштік, Қазақстан республикасы халықтарының достығы, әр түрлі мәдениеттерге, салт-
дәстүрлерге құрмет көрсету рухында тәрбиелеу;
-жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарын қалыптастыру;
-экологиялық, дене мәдениетін, этикалық, құқықтық мәдениетті және ойлау мәдениетін
қалыптастыру;
-бакалаврды тілдік даярлау;
-кәсіби қызметте қажетті іргелі білім, білік және дағдыны қалыптастыру болып табылады [7, 8 б.].
Сабақтастық ұстанымына бағытталғандық білім беру жүйесінің компоненттерінің бүкіл мүмкін
болатын өзара байланыстарды ұйғартады. Көптеген педагог-ғалымдар сабақтастықты педагогикада
ерекше бір тұрғы, қажетті шарт және маңызды ұстаным деп есептейді. Ол бойынша жекелеген
буындардың, басқыштардың немесе кезеңдердің арасында табиғи байланыстар орнататын оқыту жүйесі
құрылады, білімдердің, іскерліктердің, дағдылардың кеңеюі және тереңдетілуі жүзеге асырылады; оқыту
процесі оқытудың мазмұнына, формасына және әдістеріне сәйкесті құрылады. сабақтастық оқытудың
және тәрбиелеудің бірлігін, тұтастығын және жүйелілігін қамтамасыз етіп, мынадай белгілерге ие: жаңа
жадығат бұрында меңгерілгеннің «призмасынан» өтеді, бірақ ол жоғары деңгейде болғандықтан
білімдердің, дағдылардың және іскерліктердің саны және сапасы артады және көбейеді. Олар бұрынғыға
қарағанда мазмұнды, дифференциаланып және жалпыланады. Осылайша, сабақтастықтың бұрынғы және
жаңа білімдерді, бұрынғы және жаңа тәжірибені ұғыну, өзара әрекет арқылы тұлғаның даму процесі
екенін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |