Практикалық (Нормативті) қазақ тілі пәнінен емтихан сұрақтары:
1. Ә дыбысы қалай жасалады?
2. Ү дыбысы қалай жасалады?
3. О дыбысы қалай жасалады?
4. А дауысты дыбысы естілімі жағынан қалай дыбысталады?
5. І дауысты дыбысы естілімі жағынан қалай дыбысталады?
6. Үнді-қатаң дауыссыздар тіркесінің үндесуі.
7. ВАВВ+А=ВАВ-ВА құрылымды буын жылысу түрі.
8. АВВ+А=АВ+ВА құрылымды буын жылысу түрі.
9. Буын санының кемуі қалай жүреді?
10. Мұғалім сөзі қандай буынды сөз?
11. Гуттураль дыбыстары
12. Қазақ тілінде буын түрін алтыға жіктеген ғалым
13. Екпін түспейтін қосымша қандай қосымша?
14. Екпіннің екінші буынға түсуі
15. Эпентеза құбылысына ұшыраған сөз туралы
16. «Сары май» сөзі қандай фонетикалық құбылысқа ұшырайды?
17. Сөз аралығындағы кейінді ықпал
18. Тіл үндестігіне қандай сөз бағынады?
19. Апокопа құбылысына жататын сөз
20. Тасымал мен буын түрі сай келмейтін сөз
21. Орфография бойынша жазылған сөз
22. Белбеу (бел бау) сөзі қандай принцип бойынша жазылған?
23. Дефис (-) арқылы жазылатын шылау түрлері.
24. Барлық сөзі бас әріппен жазылатын сөз.
25. Қосымша ы, і дәнекер дыбыстары арқылы жалғанатын сөз.
26. Бөлек жазылатын сөз.
27. Айтылуы мен жазылуы бірдей сөз қандай сөз?
28. Әріп пен дыбыс сандарында айырмашылық бар сөз.
29. Дыбыс пен әріп сай келмейтін сөз.
30. Протеза құбылысы туралы.
31. «Жиеншар» сөзіндегі екінші сыңардың мағынасы
32. Қызғалдақ, сарғалдақ туынды сөздеріндегі «ғадақ» сыңарының мағынасы.
33. «Қыз-қырқын» дегендегі «қырқын» сөзінің мағынасы.
34. «Тоқты-торым» дегендегі «торым» сөзінің мағынасы.
35. Қатыстық сын есімдерден тұратын синонимдер қатары.
36. Синонимдік қатар туралы.
37. Антонимдік қатар туралы.
38. Эвфемизм қатысқан сөйлем.
39. Метонимия қатысқан сөйлем.
40. Табу сөздер туралы.
41. «Мен бұрын Толстойды аз оқыған едім» деген сөйлемде курсивпен берілген көріктеуіш құрал.
42. Көп мағынаға ие болатын сөздер қатары.
43. Мал шаруашылығына байланысты туған кәсіби сөз.
44. Аусыл, қарасаң, шыбыш деген кәсіби сөздердің жататын түрі.
45. Қол жеткен жетістікке көңілі толмау, місе тұтпау-мағынасы?
46. Ағынан жарылып, жаны қалмай елгезектену –мағынасы?
47. Аң аулауды сүйетін, соған жан-тәнімен берілген адам.
48. Біреудің науқандық қауырт жұмысына ел-жұрттың беретін көмегі, жәрдемі.
49. Адамдардың өзіне меншікті есімдері, аты-жөні, бүркеншік, жасырын, лақап аттары қалай аталады?
50. Елді мекен, қала т.б. адам есімімен аталуы.
51. Мағынасы жағынан бір-біріне қайшы келетін екі анатомиялық ұғымның бірігуінен құралған сөйлеу айшығы қалай аталады?
52. Ұзатылатын қыз өзіне тетелес сіңлісіне басына тартатын орамалын беру дәстүрі қалай аталады?
53. «Ақ көңіл» деген тұрақты тіркестің антонимдік жұбы не деп аталады?
54. Әдет-ғұрып, салт-санаға байланысты қалыптасқан фразеологизм.
55. Фразеологиялық сөйлемше туралы.
56. Фразеологиялық тұтастыққа туралы?
57. Жалқы есімдерге қарама-қарсы қойылған тілдің лексикалық қорындағы кез келген сөз.
58. Мақта шаруашылығына байланысты туған кәсіби сөз.
59. Қай ғалым фразеологизмдерді құрастырушы сыңарларының мағыналарының өзара қатысына қарай фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік және фразеологиялық тізбек деп жіктеген?
60. Қай ғалым қазақ тілінің ғылыми айналымына түйін тіркес және түйіс тіркес деген терминдерді енгізген?
61. М.Белбаеваның авторлығымен жарық көрген сөздік не деп аталады?
62. Өз тілінде баламасы бола тұра, бөтен тілдің сөздерін еліктеумен қолдану процесі қалай аталады?
63. Метатеза жолымен жасалған вариантты сөздер қатары.
64. Тұрақты метафора туралы.
65. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзі бар сөйлем түрлері.
66. Қай сөздікте сөздің лексикалық мағыналары ашылады?
67. Сөздік қорға жататын сөздер тобы.
68. Жалпыхалықтық қолданысқа ие сөздер тобы туралы.
69. Мәтел мен мақалдың айрмашылығы.
70. Мысалдағы асты сызылған сөз қай ауыспалы мағынада жұмсалған?