Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции


ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ КӘСІПТІК



Pdf көрінісі
бет13/67
Дата24.03.2017
өлшемі6,56 Mb.
#10133
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67

ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ КӘСІПТІК 

ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗІ 

 

Зулпанова Галия Абдрашовна 

Мақтарал аграрлық колледжі 

Мақтарал ауданы, ОҚО 

 

Білім  беру  -  бұл  қоғам  мүшелерінің  адамгершілік,  интеллектуалдық  мәдени 

дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие 

беру мен оқытудық үздіксіз процесі. 



85

 ~ 



 

Кәсіптік-техникалық  білім  —  кәсіптік-техникалық  оқу  орындарында  және 

өндірісте  оқыту  жолымен  шаруашылық  салалары  үшін  білікті  жұмысшы  кадрлар  даярлау 

жүйесі. 

Кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі міндеті – белгілі бір көлемдегі білім берумен 

шектелмей,  алынған  кәсіптік  білімді  адам  өз  қажетіне,  өмірдің  нақты  жағдайларында 

қолдана біліп, қоғамға пайдасын келтіру.  

Орыс педагогі К.Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз 

білімін  жетілдіріп,  ескі  бірсарынды  сабақтардан  гөрі,  жаңа  талапқа  сай  инновациялық 

технологияларды  өз  сабақтарында  күнделікті  пайдаланса,  сабақ  тартымды  да,  мәнді, 

қонымды, тиімді болары сөзсіз.  

ҚР-ның  Президенті  Н.Назарбаев  жыл  сайынғы  жолдауында  білім  саласына  ерекше 

басымдылық  беріп,  жастардың  білім-біліктілігін  жетілдіру  үшін  барлық  жағдай  жасауда 

«Қазақстан  -  2050»  Стратегиясында:  ―  Біздің  жастарымыз  оқуға,  жаңа  ғылым-білімді 

игеруге,  жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді 

пайдалануға  тиіс.  Біз  бұл  үшін  барлық  мүмкіндіктерді  жасап,  ең  қолайлы  жағдайлармен 

қамтамасыз  етуіміз  керек.  «Біздің  басты  мақсатымыз  –  2050  жылға  қарай  мықты 

мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам 

құру.  Мықты  мемлекет  экономикалық  жедел  өсу  жағдайын  қамтамасыз  ету  үшін  аса 

маңызды  болмақ»  деп,  Қазақстанның  алдыңғы  қатарлы  жоғары  дамыған  30  мемлекеттің 

дамуына кіру үшін нақты мақсаттар жүктеген болатын. Аталған бағыттардың табысты іске 

асырылуы  ең алдымен, тек білімнің сапасымен анықталатыны белгілі.  Осы негізде қазіргі 

таңда  білім  мен  ғылымды  инновациялау  мен  модернизациялау  экономикалық  дамудың 

басты  бағытына  айналды.  Еліміздің  дербес  даму  бағыты  айқындалып,  халықтың  тарихқа 

деген көзқарасы жаңа қырынан жаңғыра бастаған бүгінгі таңдағы негізгі міндеттердің бірі – 

«білім беруді жаңа инновациялық жолмен дамыту болып отыр». 

Инновациялық процестерді  ендіру өзара байланыс негізінде анықталады: енгізілген 

технологияның  ерекшеліктерімен,  жаңашылдардың  инновациялық  әлеуетімен,  жаңалықты 

енгізу  жолдарымен.  Жаңа  инновациялық  оқыту  технологиясы  кәсіптік  қызметтің  ерекше 

түрі болып табылады. 

ҚР  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстанның  үшінші  жаңғыруы:  жаһандық 

бәсекеге қабілеттілік» жолдауында  « Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. 

Біздің  міндетіміз  –  білім  беруді  экономикалық  өсудің  жаңа  моделінің  орталық  буынына 

айналандыру.  Оқыту  бағдарламаларын  сыни  ойлау  қабілетін  және  өз  бетімен  іздену 

дағдыларын дамытуға бағыттау қажет».  

«Баршаға  арналған  тегін  кәсіптік-техникалық  білім  беру»  жобасы  іске  асырыла 

бастады. 

Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін-өзі тимсіз жұмыспен қамтыған жастар, 

сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс. Кәсіптік білім беру жүйесінде,  

экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар даярлауға ден қою керек. Ол үшін кәсіптік 

стандарттар  еңбек  нарығының  талаптарына    және  ең  үздік  әлемдік  оқу-  өндірістік 

тәжірибелерге сәйкес жаңартылуы қажет деп атап көрсетті.(1) 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңының  11  –  бабының  9  тармағында 

оқытудың  жаңа  технологияларын,  оның  ішінде  кәсіптік  білім  беру  бағдарламаларының 

қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін 

кредиттік,  қашықтан  оқыту,  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  енгізу  және 

тиімді пайдалану міндеті қойылған.  

Кәсіптік-техникалық  білім  беру  саласына  жаңа  жүйе  —  дуальды  оқыту  әдісі 

енгізіліп,  осыған  орай,  қазіргі  қоғамға  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды, 

оның ішінде, дуальдау оқыту жүйесін ендіру осы салада нақты біліктілігі мен мамандығы 

бар  кадрларға  деген  сұранысты  арттырады  деп  болжам  жасалуда.  Оқытудың  дуальдық 

жүйесі  дегенімізге  анықтама  берсек:  Дуалдық  оқыту  жүйесінде  кәсіптік  білім  беру  - 



86

 ~ 



 

өнеркәсіп  өміріне  дайындық  жүргізу  үшін  білім  алушының  теориялық  және  практикалық 

дағдысын қалыптастыру мақсатында жүргізілетін негізгі оқыту жүйесі болып табылады. 

Өйткені бүгінгі күні дуалдық оқыту жүйесі әлемдегі кәсіптік  – техникалық кадрлар 

даярлаудағы ең тиімді формасы болып табылады. 

Қазіргі  таңда  дуалдық  оқыту  жүйесі    колледжде  мамандықтар  бойынша  енгізілген. 

Дуалдық оқыту жүйесін енгізудегі негізгі бағыттар: колледждің материалдық – техникалық 

базасын  одан  әрі  нығайту,  түлектерді  жұмысқа  орналастыру  және  оқушылардың 

практикалық  оқуларын  ұйымдастыру  базасының  көзі  ретінде  аймақтың  әртүрлі 

кәсіпорындарымен  әлеуметтік  серіктестікті  дамыту,  халықаралық  стандарттарға  сай  оқу 

үдерісінде дуалдық жүйе элементтерін енгізуді одан әрі қарай жалғастыру, кітапхана қорын 

электрондық  оқулықтармен  және  мамандық  бойынша  оқулықтармен  толықтыру,  жоғары 

білікті педагогикалық кадрларды тарту жолымен өндіріс саласына бәсекелестікке қабілетті 

мамандарды дайындаудың сапасын жетілдіру. 

Француз  қайраткері  «Адамға  оқып  –  үйрену  өмірде  болу,  өмір  сүру  үшін  қажет» 

дегендей  оқыту  процесін  технологияландыру,  осыған  сәйкес  оқу  бағдармаларын  жасау, 

ғалымдар  мен  жаңашыл  педагогтардың  еңбектерімен  танысу  жұмыстары  мұғалімдердің 

үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті 

оқыту  түрінен  активті  оқытуға  көшу  оқу  танымын  ұйымдастырудағы  бастамашылдығына 

жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру. 

ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстанның  Үшінші  жаңғыруы:  жаһандық 

бәсекеге  қабілеттілік»  атты  жолдауында  маңызды  кешенді  үш  міндетті  көрсетті.  Бірінші 

міндет:  «Біз  цифрлы  технологияны  қолдану  арқылы  құрылатын  жаңа  индустриаларды 

өркендетуге тиіспіз.» Екінші міндет:  Жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық 

салаларды  дамытуға  серпін  беруіміз  керек».Үшінші  міндет:  «Еңбек  нарығын  жаңғырту». 

деп  атап  көрсетті.(1)    Осы  міндеттерді  шешуде,  білім  беру  жүйесін  де  жаңарту, 

модернизациялау  және  экономикалық  өсуді  жоғарылататын  қазіргі  білім  беру  жүйесіне 

жауап беретін, бәсекеге төтеп беретін мамандар керек. 

Бұл  талаптар  білім  саласы  қызметкерлеріне  үлкен  міндеттер  жүктейді.    

Сондықтан  бүгінгі  күні  еліміздің  білім  жүйесінде  оқыту  үдерісін  жаңа  идеяларға 

негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. 

Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері: 

•  жеке  адамның  рухани  және  күш-қуат  мүмкіндіктерін  ашу,  адамгершілік  пен 

салауатты  өмір  салтының  берік  негіздерін  қалыптастыру,  әрбір  адамды  дамыту  үшін 

жағдайлар жасау; 

•  азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке 

адамның құқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, 

экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу; 

•   Республика  тұрғындарына  жалпы  және  кәсіптік  білім  алу  үшін  мүмкіндіктер 

жасау; 


•  жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту; 

•  қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.  

Француз  қайраткері  «Адамға  оқып  –  үйрену  өмірде  болу,  өмір  сүру  үшін  қажет» 

дегендей  оқыту  процесін  технологияландыру,  осыған  сәйкес  оқу  бағдармаларын  жасау, 

ғалымдар  мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу  жұмыстары оқытушылардың 

үздіксіз ізденісін айқындайды.  

«Педагогикалық  технологиялар    –  бұл  білімнің  басымды  мақсаттарымен 

біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ 

тұжырымдамамен  байланысқан  міндеттерінің,  мазмұнының,  формалары  мен  әдістерінің 

күрделі  әрі  ашық  жүйелері.  Мұнда  әр  позиция  басқаларына  әсер  етіп,  ақыр  аяғында 

оқушының дамуына жағымды жағдайлар жасайды»(М.М. Жанпейісова). 

Қазіргі таңда кәсіптік және технологиялық білім беру үрдісінде кеңінен қолданылып 

жүрген бірнеше инновациялық технологияларды атап көрсетуге болады. 


87

 ~ 



 

Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар: 

•     проблемалық оқыту; 

•     дамыта оқыту; 

•     деңгейлеп оқыту; 

•     дәстүрлі оқыту; 

•     модульдік оқыту  

•     сұрақ-жауап ойындары; 

•    цифрлық білім беру ресурстары. 



Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: 

-балаға ізгілік тұрғысынан қарау; 

-оқыту мен тәрбиенің бірлігі; 

-баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; 

-баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; 

-баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; 

-әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; 

Проблемалық  оқыту  -  ғылыми  таным  нәтижелерін,  білімдер  жүйесін  ғана  меңгеріп 

қоймай,сонымен  бірге  нәтижелерге  жету  жолдарын,  баланың  таным  дербестігін 

қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту. 

Дамыта  оқыту  -  мектеп  жасына  дейінгі  балада  білім,  білік  дағдының 

қалыптастыруын  жоққа  шығармайды,  бірақ  оқыту  мен  тәрбиелеу  баланың  дамуын 

қамтамасыз ететін жағдай болу керек. Дамыта оқыту технологиясы ұйымдастырылған оқу 

іс  әрекетінде  балаларға  тәрбиешінің  қарапайым  ізденгіштік,  зерттеушілік  іс  әрекетін 

қалыптастыру тән. 

Дәстүрлі  оқыту  -  балалардың  таным  қабілеттері  және  жас  мөлшері  шамамен  бір 

деңгейді құрайды. Оқыту барысында жоспарланған тақырып кеңінен түсіндіріледі, балалар 

сол тақырып бойынша білім, білік дағдыларын игеру мақсатында  жұмыс істейді.  

Цифрлық  білім  беру    электрондық  оқулықтар,  компьютерлік  ойындар,  виртуалды 

жаттығу әдістері, ғылыми-әдістемелік  зерттеулер құрайды. 

Цифрлық білім беру міндеті: 

- Оқытушының сабаққа дайындығына көмек. 

- Оқытушының сабақ өткізу үрдісінде көмек. 

- Оқушының үй тапсырмасын орындауда көмек. 

Цифрлық білім беру түрлері: 

Демонстрациялық 

– 

оқушы 


тек 

бақылаушы 

ролінде 

болады. 


Интербелсенді  (ақпараттық-іс-әрекеттік)  –  оқушы  тек  бақылап  ғана  қоймай,  сабақ 

барысында  ресурс  сұрақтарына  жауап  іздеу,  ресурс  көмегімен  практикалық  және 

лабораториялық  тапсырмаларды  орындау,  электронды  анықтамалардан  керегін  іздеу, 

интербелсенді  оқыту  ойындарын  ойнау,  топтық  жұмыс  (мини-жобалар)  орындау, 

ресурстың бағалау мүмкіндігіне ие болады. 

Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы 3 кезеңнен тұрады. 

I  кезең.  Дайындық  (рольдерді  бөліп  беру,  оқушыларды  топтарға  бөлу, 

проблемаларын алдын ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау) 

II кезең. Ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, 

қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау) 

III кезең. Қорытындылау (проблеманы шешудің тиімді жолдары іздестіру) 

Жаңа ақпараттық технологияларды сабақта қолдану келесі нәтижелерге  

жеткізеді: 

1. Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді; 

2. Тіл байлығын дамытады; 

3. Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді; 

4. Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге  

тәрбиелейді. 



88

 ~ 



 

5. Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген,  

білімді жеке тұлғаны қалыптастырады. 

6. Оқу үрдісін оқушының сезінуі . 

Жаңа  технологияны  меңгеру  мұғалімнің  интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік, 

рухани,  азаматтық  және  басқа  да  көптеген  адами  келбетінің  қалыптасуына  игі  әсерін 

тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 

Қазақстандағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасы  жобасында  Қазақстанда  оқитындарды  сапалы  біліммен  қамтамасыз  етіп, 

халықаралық  рейтингілердегі  білім  көрсеткішінің  жақсаруы  мен  қазақстандық  білім  беру 

жүйесінің  тартымдылығын  арттыру  үшін,  ең  алдымен,  педагог  кадрлардың  мәртебесін 

арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін 

дамытуды  қамтамасыз  ету,  сондай-  ақ  педагогтердің  еңбегін  мемлекеттік  қолдау  мен 

ынталандыруды  арттыру  мәселелеріне  үлкен  мән  берілген.  Осыған  байланысты  қазіргі 

таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен 

жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы 

жайлы  толғануына,  жаңа  идеялармен  жаңа  жүйелермен  жұмыс  жасауына  негіз  болары 

анық.  


Білім беру үрдісінің негізгі бөліктері: 

Мақсат  —>  мазмұн  —>  форма  —>  әдіс  —>  оқыту  көрнекілігі  болса,  бүгінде  жаңа 

технология  бойынша  оқып  үйрену  —>  меңгеру  —>  өмірге  ендіру  —>  дамыту  болып 

өзгерген. 

Инновациялық  оқыту  технологиясын  меңгеру  үшін  педагогикалық  аса  зор 

тәжірибені  жұмылдыру  қажет.  Бұл  өз  қызметіне  шығармашылықпен  қарайтын,  жеке 

басының  белгілі  іскерлік  қасиеті  бар  адамды  қажет  ететін  жұмыс.  Шындығында  да  әрбір 

педагог  жаңа  инновациялық  технологияны  меңгеру  барысында  өзін-өзі  дамытады  және 

өзін-өзі қалыптастырады.  

Егер  де  оқытудың  жаңа  инновациялық  технологияларын  сабақта  өз  дәрежесінде 

қолданып,  ұйымдастыра  білсек,  кәсіптік  және  техникалық  білім  беру  жүйесінің  сапасы 

артып өз нәтижесін беретіні сөзсіз. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 



Н.Ә.Назарбаев.,  Президентінің  Қазақстан  халқына  Жолдауы  «Қазақстанның 

Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік».  

2.

 

Н.Ә.Назарбаев., «Қазақстан — 2030″ Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, 



қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы, Ел Алматы: Білім, 1997ж, 176 бет  

3.

 



2011-2020  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамытудың  Мемлекеттік  бағдарламасы. 

Астана, 2010.  

4.

 

Н.Ә.Назарбаев., Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы.-Астана, 2015. 



5.

 

Н.Ә.Назарбаев.,  Ел  президентінің  Қазақстан  халқына  жолдауы  Астана  қ.,  2012 



жылғы 14 желтоқсан. 

6.

 



Қабдықайыров Қ.,  Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А, 2004 

7.

 



Раджерс  Э.  Инновация  туралы  түсінік.  –  //Қазақстан  мектебі,  №4, 

2006.«Әлеуметтік әріптестік жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру», Білім беру 

мекемесі басшыларының анықтамалығы №2 (26) 2009ж;  

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Ұстаздық шығармашылық Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 2007 ж.  

2. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 1999 ж.  

 

 



 

 

89

 ~ 



 

РОЛЬ ИННОВАЦИОННЫХ МЕТОДОВ ПРИ ОБУЧЕНИИ РУССКОМУ ЯЗЫКУ 

КАК НЕРОДНОМУ В УСЛОВИЯХ ТРЕХЪЯЗЫЧНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 

 

Зортаева Айжан Жарбулатовна 



преподаватель русского языка и литературы, медколледж «Авиценна», 

г.Шымкент, ЮКО 

 

Түйiн 



Бұл мақалада шет тілдік аудиторияда орыс тілін оқыту мәселелері 

қарастырылған. 

Summary 

Тһis paper considers tһe issues on teacһing the Russian language in foreign classes. 

 

Новый  век  в  сфере  образования  принес  с  собой  течение  новых  мышлений,  модель 

современного образования и образ нового преподавателя. Если должна измениться система 

образования,  то  отсюда  следует,  что  должно  измениться  и  мышление  современного 

преподавателя, тип урока, учителю-новатору необходимо знание языков. 

Программа трехъязычия дает новые возможности не только для обучающихся, но и 

для родителей. Каждый обучающийся, каждый родитель понимает важность изучения всех 

языков  в  равной  мере.  Для  этого  сам  преподаватель  должен   идти  в  ногу  со  временем,  

знать,  искать,  пробовать  себя,  падать  и,  исправляя  свои  ошибки,  снова  идти  вперед. Не 

случайно Президент в своих посланиях  делает упор на то,  что «будущее свободной страны 

–  в  фундаментальном  образовании  и   передовой  науке».    В  новом  мире   с  каждой   долей 

секунды  появляются  новые  идеи,   новые  технологии.  Инновационные  технологии 

коснулись  и  образования. Длядуховно-нравственного  воспитания   молодого  поколения  

используются и с успехом применяются различные методы. Это и критическое мышление, 

и  модульная  технология,  и  проектное обучение. Воспитание  нового  поколения  связано  с 

образованием,   с   воспитанием  нравственности,  чувства  патриотизма.  Эти   звенья 

дополняют  друг  друга.  По  словам  Президента,  стабильное  государство  невозможно  без 

патриотизма. А воспитание чувства патриотизма зависит и от родителей, и от учителей. 

Современный  Казахстан,  являясь  полиэтническим  и  поликонфессиональным 

государством, развивается в условиях многоязычия. Казахский язык как государственный, 

владение  которым  способствует  успешной  гражданской  интеграции;  русский  язык  как 

источник  научно-технической  информации  и  межнационального  общения;  иностранные 

языки,  способствующие  интеграции  и  развивающие  способности  к  самоидентификации  в 

мировом 


сообществе. 

Владение 

несколькими 

языками 


всегда 

расширяло 

коммуникационные  и  интеграционные  способности  стран  и  народов.  Известно,  что 

массовость владения несколькими языками, делает общество демократичным, а отдельную 

личность толерантной, способной познавать новое. 

В послании Президента Казахстана Н.Назарбаева народу Казахстана отмечается, что 

мы будем развивать русский язык и языки других казахстанских этносов. Он говорит, что 

для  современного  казахстанца  владение  тремя  языками  –  это  обязательное  условие 

собственного  благополучия [1]. 

Приступая  к  изучениюспециальности,  студенты  колледжа  включаются  в 

коммуникативную деятельность, связанную с будущей профессией. 

Русскому  языку  принадлежит  важное  место  в  системе  подготовки  специалистов. 

Вместе  с  родным  русский  язык  формирует  коммуникативную  культуру  будущего 

специалиста,  способствует  его  общему  речевому  развитию,  расширению  научного 

кругозора. 

Владение  несколькими  языками  в  настоящее  время  стало  признаком  успешности  в 

профессиональной деятельности. В связи с этим изучение научных текстов по профилю на 


90

 ~ 



 

русском языке позволяет овладеть языком, как средством культурного и научного общения. 

И от этого зависит успешная карьера будущего специалиста. 

На  начальном  этапе  изучения  научных  текстов  по  профессиональной 

направленности  особое  место  отводится  различению  способов  изложения  (описание, 

повествование, рассуждение). Значение имеет конкретность и абстрактность изложения. 

Лаконичные  тексты  желательно  изучать  на  начальном  этапе,  так  как  легче 

активизировать общенаучную и узкоспециальную лексику. 

Например: 

Современные темпы развития науки и техники требуют от вузов и сузов не только 

высокопрофессиональной, но и глубокой научной подготовки специалистов с качественным 

образованием, их умения видеть и творчески реагировать на последние достижения науки 

и  техники,  выделять  актуальные  проблемы  и  находить  эффективные  пути  их  решения. 

Формирование  таких  качеств  требует,  чтобы  учебный  процесс  опирался  на 

самостоятельную учебно-исследовательскую деятельность студента. 

Конструкция  первого  предложения  текста  типична  для  научных    текстов.  Во  всех 

предложениях прямой порядок слов, четко расставлены акценты, знаки препинания. Стиль 

речи  направлен  на  усвоение  будущей  специальности.  При  помощи  наводящих  вопросов 

обучающиеся могут самостоятельно расширить текст, включить в него термины, имеющие 

отношение к будущей специальности. 

В процессе обучения закрепление навыков и умений речевого иноязычного общения 

осуществляется через систему заданий и упражнений, которые играют определенную роль 

в  речевой  деятельности  на  неродном  языке.  Это  задания  на  формирование  навыков 

правильного  чтения  текста  по  профилю,  вставку  некоторых  частей,  дописывание 

предложений,  составление  предложений  с  терминами,  имеющимися  в  данном  тексте, 

трансформация  предложений,  сокращение  и  переработка  текста,  составление  различных 

планов [2]. 

Немаловажное  значение  имеют  упражнения  по  составлению  новых  текстов  на 

основе  имеющегося,  своего  собственного  текста.  Такие  умения  и  навыки  необходимы 

будущему специалисту при заполнении различных документов, подготовке выступлений на 

конференцию, докладов на симпозиумы и т.д. [3]. 

Можно предложить следующие упражнения-задания: 

- подробное и сжатое изложение содержания текста;  

- сообщение на тему данного текста; 

- описание увиденного; 

- изложение текста в собственной интерпретации; 

- подготовка плана и тезисов; 

- связное высказывание на предложенную тему; 

- составление синквейнов, кластеров к тексту; 

- интеллектуально-лингвистические упражнения; 

- коммуникативно-игровые ситуации; 

- критический анализ текста, мысленный спор с автором; 

- ролевая игра. 

Такие  упражнения  позволяют  достичь  цели  –  формирование  прочных  навыков  и 

умений речевого научного общения и соблюдение норм научной речи. 

Проблема культурного научного общения – одна из  важных в организации учебной 

деятельности  при  подготовке  будущих  специалистов.  Именно  коммуникативная 

компетентность  играет  основную  роль  в  профессиональной  подготовке.  В  современном 

обществе  ощущается  потребность  в  грамотных  полиязычных  специалистах,  владеющих 

навыками устной и письменной речи. 

Профессиональные  и  деловые  контакты  требуют  от  современного  специалиста 

универсальной  способности  к  порождению  разнообразных  высказываний  в  устной  и 

письменной речи [4]. 


91

 ~ 



 

Поэтому  формирование  умений  и  навыков  связно  изложить  мысли  в  устной  и 

письменной форме, анализировать и совершенствовать написанное, умение цивилизованно 

высказать  свое  мнение  по  определенному  вопросу,  быть  тактичным  и  убедительным  в 

дискуссиях  на  разного  рода  темы  –  одно  из  важных  направлений  в  развитии 

речемыслительной деятельности будущих специалистов. 

Очень важны критерии отбора текстов. Тексты должны быть интересными с точки 

зрения орфографии, отличаться стилем, типом речи, профессиональной лексикой. 

Выполнение различных упражнений и заданий при работе с текстами в иноязычной 

аудитории,  насыщенными  информацией,  расширяет  представление  студентов  о  системе 

русского языка, приучает к соблюдению норм речи и использованию новых терминов [5]. 

В  настоящее  время  эффективны  и  популярны  инновационные  технологии 

(например, технология критического мышления). Создание синквейнов, кластеров к тексту 

позволяет осмыслить полученную информацию на неродном языке, усвоить новые знания и 

понятия,  сформировать  у  каждого  обучающегося  собственное  отношение  к  содержанию 

текста. 


Критическое  мышление  –  это  точка  опоры  для  мышления  человека,  это 

естественный  способ  взаимодействия  с  идеями  и  информацией.  Необходимо  умение  не 

только  овладеть  информацией,  но  и  критически  ее  оценить,  осмыслить,  применить. 

Встречаясь  с  новой  информацией,  учащиеся   должны  уметь  рассматривать  ее  вдумчиво, 

критически  оценивать новые  идеи  с  различных  точек зрения,  делая  выводы  относительно 

точности и ценности данной информации. 

Используя  в  работе  технологию  развития  критического  мышления,  наиболее 

приемлемыми для себя считаю такие приемы и методы, как: «Джигсо», «Толстые и тонкие 

вопросы», «Двухчастный дневник», «Бортовой журнал», «Гроздья кластера», «Шесть шляп 

мышления» Эдварда де Боно и др. [6]. 

Вот,  к  примеру,  синквейны,  составленные  студентами,  обучающимися  в  области 

медицины: 

Слово «медицина» 

1. Медицина; 

2. Научная, народная; 

3. Обеспечивает, сохраняет, исследует; 

4. Лечит и предупреждает болезни человека; 

5. Наука; 

Слово «учитель» 

1. Учитель. 

2. Добрый, мудрый. 

3. Учит, переживает, надеется. 

4. Понимает проблемы своих учащихся. 

5. Наставник. 

Стратегия «Ассоциация»: 

Принимая  во  внимание  характер  деятельности,  выделите  следующие  группы 

профессий.  

 

Человек – человек    



 

Человек – техника 



 

Человек – природа 



 

Человек – знаковая система 



 

Человек – лекарство 



 

Человек – дети 



 

Человек – скальпель 



 

Человек – цифры 



 

Человек – сердце 



92

 ~ 



 

Для закрепления любой темы, после прочтения текста целесообразно использование 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет