Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



Pdf көрінісі
бет16/67
Дата24.03.2017
өлшемі6,56 Mb.
#10133
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   67

 

Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі – білім беру процесін  ақпараттандыру. 

Қазіргі  таңда  бұл  процесс  адамзат  өркениеті  дамуының  қайталанбайтын  кезеңі  ретінде 

қарастырылып отыр. Білімді ақпараттандыру,  әсіресе, оны өнер саласы мамандарының іс-



105


 ~ 

 

әрекетіне  ендіру  –  қоғамды  ақпараттандырудың  негізгі  шарты.  Өйткені,  өнер  саласында 



жаңа  ақпараттандырылған  қоғам  жағдайында  өмір  сүріп,  жұмыс  жасай  алатын  болашақ 

ұрпақтың  даярлығы  жүзеге  асады.  Осы  процестің  дамуын  болжауға  бағытталған  белгілі 

беталыс педагогика ғылымында өз орнын алуда. 

Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын  меңгермейінше, 

сауатты, әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқушының 

интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік,  рухани  азаматтық  және  басқа  да  көптеген  адам 

келбетінің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып  оқу-тәрбие  процесін  тиімді 

ұйымдастыруына көмектеседі. 

Жаңа компьютерлік технологияны күнделікті өмірде (киноиндустрия, компьютерлік 

модельдеу  және  дизайн,  білім  беру  саласы,  полиграфия,  үш  көлемдегі  графика  және 

анимация, сәулет, видео өндіріс, мультимедиа және т.б.) кең көлемде пайдалануға болады. 

Компьютерлік технологияны пайдалану, оқытудың мақсаты мен мазмұнын өзгертіп, 

оқытуды  ұйымдастыруда  жаңа  әдістер  мен  формалардың  төмендегідей  мүмкіндіктерін 

байқатады: 

оқушылардың-болашақ дизайн мамандарының жеке қабілеттерін ашуға және олардың жеке 

тұлғалық қасиеттерінің жетік дамуына; 

оқушылардың  танымдық  қабілеттерінің  қалыптасуына  және  шығармашылығының, 

өздігімен  жетілуіне  ұмтылуға;  оқыту  мен  тәрбиелеу  процесі  мазмұнын,  формалары  мен 

тәсілдерін үнемі жаңартып отыруға септігін тигізеді. 

Компьютерлік  технологияны  толық  меңгермей,  оның  күрделі  де  қызықты  әдістері 

мен  жолдарын  зерделемей,  алдында  тұрған  компьютерлік  технологияға  қатысты 

тапсырмаларды шешуі мүмкін емес.  

Компьютерлік технологияны оқытуда пайдалану – уақыттың талабы. Бүгінгі күннің 

басты міндеті, компьютерлерді оқытуда жинақталған тәжірибелерге жан-жақты талдау бере 

отырып, 

компьютерлік 

оқытуды 

бағдарламалық 

және 

әдістемелік 



тұрғыда 

қамтамасыздандыру  болып  табылады.  Осының  бәрін  ескере  отырып  және  ҚР-ның  «Білім 

беру  туралы»  заңының  басты  міндетінің  бірі  –  білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру, 

оқытудың  жаңа  технологиясын  енгізу,  бүкіләлемдік  коммуникация  желісіне  шығу 

мәселелесі. 

Оқушыларды  компьютерлік  технологияны  кәсіби  іс-әрекеттерде  пайдалануға 

даярлау  процесі,  кәсіби  даярлық  мазмұнының  бір  компоненті  болып  табылады.  Дизайнер 

мамандығында  білім  алатын  оқушылар  үшін  компьютерлік  технологияны  өздерінің  іс-

әрекетінде  пайдалануға  даярлығы,  білікті  маман  қалыптастыруды  қажет  ететін  жаңа  сапа 

болып табылады. 

Қазіргі  таңда  болашақ  дизайнерлерге  арнап  жоғарғы  оқу  орындарында  (2-4  курс) 

«Компьютерлік графика» бағдарламасы даярланған. Бағдарламаның міндеті: компьютерлік 

графиканың  түрлерін  және  олардың  қолданылу  аясын;  компьютерлік  графиканың  даму 

тарихын;  графикалық  ақпараттарды  сақтау  тәсілдерін;  әр  түрлі  графикалық  пакеттердің 

(«Adobe Photo Shop», «Adobe illustrator», «Corel Draw», «Fractal Design Painter», «3D Studio 

Max» және т.б.) мүмкіндіктері мен олардың қолданылу аясын меңгерту болды. 

Бұл  мақсат  «Corel  Draw»,  «Corel  Photо-Paint»,  «Adobe  Photo  Shop»  және  т.б. 

бағдарламаларын  қолдану  арқылы  жүзеге  асырылады.  Практикалық  сабақ  барысында 

бұйым  үлгілерін  конструкциялау  мен  модельдеу,  көркемдеп  сәндеу  жұмыстарын 

компьютердің  көмегімен  атқарады,  бұйым  эскизін  құру,  графикалық  жұмыстар  жүргізу, 

суреттер  салу  және  т.б.  жұмыстар  осы  ақпараттық  құралдармен  жұмыс  жасау  жөніндегі 

білім негізінде, қажетті программалардың мүмкіндіктерін пайдалануға бағдарлайды. 

«Corel  Draw»  бағдарламасы  бағыттық  бейнелеудегі,  суреттер  салудағы  үлкен 

мүмкіндігімен әйгілі. Ол: күрделі құралдармен, мәтінмен жұмыс жасауға ыңғайлы. Ондағы 

қолданылатын  құралдарды  пайдалана  отырып,  контурларды  құруға,  басқаруға,  суреттер 

салуға,  оларды  әр  түрлі  түстермен  бояуға,  геометриялық  формаларды  келтіруге  және 

бірінен  –  біріне  өзгерту  арқылы  керекті  объектіні  алуға  болады  «Corel  Draw» 


106


 ~ 

 

бағдарламасында,  әсіресе,  суретті  бояу  мен  белгілі  бір  бұйымға  градиенттік  түс  беру 



ыңғайлы.  Бағдарламада  салынған  суреттің  нәтижелі  болуы  ондағы  түстердің 

үйлесімділігіне, контурдың  дұрыс  қойылуына  байланысты.  Мұнда  форманы  түрлендіруге, 

объектінің нобай  сызығын  орналастыруға,  оған  «тірі»  заттың  формасын  беруге  мүмкіндік 

бар. 


«Corel  Draw»  бағдарламасы  векторлық  сызба  жұмысын  атқара  алатындықтан,  қай 

жерде  сурет  салу,  сызба  сызу,  кесте  сызу  қажет  болса,  оны  сол  жерде  қолдануға  болады. 

Компьютерде күрделі жұмыстар жасау үшін Corel Draw-та керекті құралдарды пайдалануы 

болатындықтан, мұндай әрекетті басқа бағдарламалардан іздеудің қажеті жоқ. 

«Corel Draw» бағдарламасының көмегімен жылдам әрі жеңіл түрде түсті плакаттар, 

күнтізбек,  жарнамалық  буклеттер,  хабарландырулар  дайындап  алуға  болады.  Бұл 

бағдарламаны жетік меңгеру өте күрделі  процесс. Сондықтан  «Corel  Draw»,  «Corel  Photо-

Paint»,  «Adobe Photo  Shop»,  «3D Studio Max»,  «Auto Cad»,  «Braice»,  «N Design»  және т.б. 

бағдарламаларды  жетік  меңгерген  адам  ғана  білікті  «дизайнер»  бола  алады.  Мәселенің 

шешімін  де  тез  табады.  Мәселен,  кез  келген  бұйымның  композициялық  шешімін:  эскизін 

түзу,  түсін  айқындау,  пропорциялық  үйлесімі  мен  сәндік  әшекей  таңдауда  «Corel  Draw» 

бағдарламысы арқылы іске асыруға болады. 

Білім  берудің  практикалық  құндылығы  көптеген  әдіс-тәсілдің  өзара  байланысты 

болуының бір түрі – жобалау. Жоба латын тілінен аударғанда «алға шыққан» деген мағына 

білдіреді,  болашақты  аңсағандар  үшін  іске  асырылатын  ой.  Бос  арманшылар  мен 

қиялшылардың  іске  аспайтын  фантазияларымен  салыстырғанда  жобалау  ойының 

ерекшелігі,  онда  практикалық  іске  асатын  нақты  тәсіл  және  рациональды  негіз  бар,  білім 

алатын  жастар  үшін  ой  еңбегін  және  дене  еңбегін  қолдану  арқылы  өзінің  жобасын  қалай 

іске асыруға болатынына дұрыс бағыт береді. 

Жобалау – ойға алған істің белгілі бір қалыпта таңбалық-сандық мәтінде, сызбалық 

бейнеде, көлемді макетте, қозғалыстағы модельде, мата және металл бұйымдарында көрініс 

табуы.  Жобалауды  компьютер  технологиясында  орындау  біз  оқушылардың  жұмысын 

жеңілдетіп,  шығармашылық  ойлауына  көп  мүмкіндік  береді,  ал  ұлттық  киім  моделдерін 

көркемдеп жобалауда Corel DRAW бағдарламасын қолдану өте тиімді болып  келеді.Corel 

DRAW–  бұл  векторлы  бейнелерді  жасаудағы  үлкен  мүмкіндіктері  бар  қазіргі  заманғы  ең 

танымды  жаңа  бағдарламаның  бірі  болып  табылады.  Corel  DRAW  бағдарламасында 

контурларды әртүрлі және қолайлы басқару шаралары бар, сонымен бірге мәтінмен жұмыс 

істеу  құралдары  жоғары  дамыған.  Бағдарламаны  меңгере  отырып  керек  нәтижеге  жету 

жеңіл,  контурларды  құрастыру  мен  басқарудың  ойлап  табылған  құрал-сайман  жүйесі, 

олардың  трансформациясының  қарапайымдылығы,  топ  ішінде  обьектімен  жұмыс  жасауға 

болатындығы,  біріктірілген  контурларды  жасаудың  жеңілдігі,  «тірі»  геометриялық 

пішіндердің  болуы,  сонымен  қатар  графиктер  мен  сызбалар  тұрғызу  үшін  арнайы 

саймандарды пайдалану мүмкіндігі, міне осылардың барлығы керекті обьектіні жасауға көп 

көмегін  тигізеді.  Тапсырманы  іске  асыру  үшін  түрлі  жолдарды  іздей  отырып, 

бағдарламаның  шектеулерімен  күресудің  қажеті  жоқ,  оның  орнына  шығармашылық 

жұмыстарды орындауға болады. Бояу және мөлдірлік Corel DRAW- та әртүрлі, ал оларды 

басқару  жұмыстары  түсінікті  болып  келеді.  Бірыңғай  және  градиентті  бояулардан  бөлек 

аралас,  фронтальды  бояулар  бағдарламада  көптеп  кездеседі.  Үлкен  жобаларды  жасау 

кезінде  бояулар  мен  түстердің  кітапханасын,  шаблондарды  қолдануға  болады.  Жартылай 

мөлдір,  жұмсақ  нәзік  көлеңке,  болжаммен  алынған  құралдар,  обьектінің  сыртқы  нобай 

сызығының  орналасуы,  дайын  обьектіні  арнайы  құрал-саймандармен  бояу  салынған 

суреттің нәтижесіне ерекше әсер береді. 

Corel  DRAW  бағдарламасы  векторлы  графиктерді  тұрғызуға  арналған  бағдарлама 

болғандықтан, кез - келген сурет салуды талап етілген жағдайда қолданған жөн. 

Жоғарыда  аталған  мүмкіндіктерді  пайдалана  отырып  киімнің  композициялық 

шешімін  табу,  киімді  көркемдеп  сәндеу,  бұйымның  эскизін  тұрғызу  және  адам  тұлғасын 



107


 ~ 

 

салу  мәселелерін  шешуге  болады.  Corel  DRAW  бағдарламасымен  жобаланған  қазақтың 



ұлттық киімінің моделі 1-суретте көрсетілген. 

Бағдарламада  сурет  салу  үшін  терезенің  сол  жақ  шетінде  орналасқан  саймандар 

тақтасымен танысу керек, баспа нүктесінің бірін басу нақты құралдың таңдалуын білдіреді, 

жұмыстың  қандай  түрімен  айналысатыныңызды  бағдарламаға  көрсетеді,  мысалы: 

көрсеткіш-бағдарламадағы  обьектіні  таңдау;  пішіндерді  редактілеу-контур  пішінін 

коррекциялау;  қисық-контурлард  құру;  эллипс-эллипстерді  салу;  интерактивті  саймандар-

әсерлер құру, интерактивті редактілеу,  масштаб-терезедегі  көлемдік-үйлесімділік  бейнесін 

басқару,  тікбұрыш-тікбұрыштарды  салу,  көпбұрыш-көпбұрыштарды  салу,  қарапайым 

фигуралар-қарапайым фигураларды редактілеу,  мәтін-мәтінді енгізу, редактілеу және тағы 

басқа саймандар. 

Экранда  құрал-саймандардың  азғана  бөлігі  көрсетілген,  пиктограммалардың 

бұрышындағы  қара  үшбұрышты  басу  арқылы  ішкі  саймандарды  алуға  болады:  құрал-

сайман пиктограммасына тышқанның курсорын әкелу (мысалы, эллипс құралына); 

тышқанның сол жақ баспа нүктесін басып, бірнеше секунд ұстап тұру; 

пайда  болған  қалқыған  тақтадан  оның  пиктограммасына  тышқанды  баса  отырып  басқа 

сайманды таңдау. 

Құрал-саймандарды  пайдалану  арқылы  ұлттық  әйел  көйлегінің  моделін  көркемдеп 

жобалау реттілігі төмендегідей: 

бағдарлама терезесін ашу; 

эллипс сайманын қолданып адам тұлғасының басын бейнелеу; 

қисық сайманда орналасқан безье ішкі сайманын қолданып адам тұлғасын салу; 

пішінді редактілеу сайманының ішінде орналасқан ішкі сайман түйінді редактілеу құралын 

қолданып, түйіндерді жылжыта отырып адам тұлғасының контур сызығын сызу

бейнеленген адам тұлғасының пропорциялық қатынаста болуын қадағалау; 

ұлттық әйел көйлегін адам тұлғасына сәйкестендіріп бейнелеу; 

көйлек суретін түйінді редактілеу құралымен дұрыстау; 

түстер палитрасын қолданып көйлектің түстік үйлесімділігін табу. 

Corel  DRAW  бағдарламасын  қолдану  арқылы  практикалық  сабақ  барысында 

студенттердің бұйым үлгілерін конструкциялау мен моделдеу, көркемдеп сәндеу барысын 

компьютердің  көмегімен  ондағы  қажетті  программалардың  мүмкіндіктерін  пайдалана 

отырып,  бұйым  эскизін  құру,  графикалық  жұмыстар  жүргізу,  суреттер  салуға  қол  жеткізу 

үшін  осы  компьютерлік  технологиясымен  жұмыс  жасау  жөніндегі  білім  негізінде  іске 

асыруға болады. 

Бұл  бағдарламаны  жетік  меңгеру  өте  күрделі  процесс.  Сондықтан  Corel  DRAW, 

Corel PHOTP-PAINT, Adobe Photo Shop бағдарламаларын тереңірек меңгерген болса білікті 

дизайнер  бола  алады.  Күнделікті  практикада  адамдарды  киіндіру  өнерінде  атақты 

үлгішілерден, қатардағы тігіншілерге дейінгілердің барлығы суреткер болу керектігіне көз 

жеткізген,  ал  Corel  DRAW  бағдарламасын  меңгеру  арқылы  қазақтың  ұлттық  киімдерін 

жобалауда композициялық шешімін табу жұмыстарын орындау оңай болады. 

Болашақ  технология  мамандығы  бойынша  мұғалімдерді  дайындауда  «Киімді 

көркемдеп  сәндеу»,  «Киімді  конструкциялау  мен  модельдеу»,  «Модельдеу,  макеттеу, 

жобалау  және  оқушылардың  техникалық  шығармашылық  элементтері»  және  тағы  сол 

сияқты пәндерді оқыту барысында компьютерлік технологияны қолдану өте тиімді. 

Нақты  айтқанда,  «Конструкциялау»,  «Жобалау»,  «Композиция»  және  т.б.  пәндерді 

оқыту  барысында  компьютерлік  технологияны  тиімді  пайдалану  заман  талабына  сай 

жоғары  білікті  дизайнерлер  мен  сәндік-қолданбалы  өнер  саласы  мамандарын  даярлауда 

көмектеседі. 

Студенттердің  компьютерлік-технологияны  кәсіби  іс-әрекеттерде  пайдалану 

даярлығын  қалыптастыру  мазмұны  көрініс  алған  оқу-әдістемелік  құралдарда  пәнаралық 

байланыстарға  аса  мән  беріледі.  Өйткені,  өнер  түрлерінің  қайсыбір  түрінде  болмасын 

(сәндік-қолданбалы, дизайн, театр, музыка және т.б.) өнердің басқа түрлері көрініс алады. 


108


 ~ 

 

Мысалы,  сәндік-қолданбалы  өнерде  -  сурет,  кескіндеме,  мүсін,  этнодизайн,  фольклор, 



археология,  қолданылса,  дизайнда  -  сурет,  кескіндеме,  мүсін,  сәндік-қолданбалы  өнер, 

этнодизайн, сәулет, көрініс алады, анимацияда - сурет, штрих, фольклор, әдебиет, музыка, 

тарихи  туындылар,  сәндік-қолданбалы  өнер,  кескіндеме,  мүсін,  хорерафия  және  т.б. 

пайдаланылады.  Демек, сәндік-қолданбалы өнер басқа өнер түрлерімен тығыз байланыста 

дамып  сапалы  жаңа  біртұтас  көркемдік  көрініс  береді.  Оларды  бірінен  –  бірін  бөліп 

қарастыру  мүмкін  емес.  Компьютерлік  технологияның  информатика,  математика,  физика, 

геометрия,  экономика,  менеджмент,  маркетинг  және  т.б.  пәндермен  байланысына  да  аса 

назар аударылады. 

Бүгінгі заман мамандарына қажетті білім, іскерлік, дағды аясының үздіксіз кеңейіп, 

мазмұнының  толықтырылып,  жетілуі,  кәсіптік  және  құзырлық  деңгейі  жоғары,  өндірістің 

қарқынды  даму  жағдайына  тез  бейімделе  алатын,  кездескен  проблеманың  шешімін 

өздігімен  жүзеге  асыра  алатын  бәсекеге  қабілетті  маманды  қалыптастыру  қажеттігінен 

туындап отыр. 

Оқушылар  компьютерлік  технологияны  кәсіби  іс-әрекеттерде  пайдалануға  даярлау 

нақты  әдіснамалық  тәсілдер  кешенінің  көмегімен  (жүйелілік,  технологиялық,  тұлғалық-

бағдарлық, іс-әрекеттік) шешімін табады. 

Оқушыларды  компьютерлік  технологияны  кәсіби  іс-әрекеттерде  пайдалануға 

даярлау  мазмұны  компьютерлік  бағдарламаларды  (Corel  Draw,  Corel  Photо-Paint,  Adobe 

Photo Shop, 3D Studio Max, Auto Cad, Braice, N Design және т.б.) кезеңдеп меңгеру арқылы 

(негізгі, іргелі, кәсіптік даярлық кезеңдері) жүзеге асады. 

Оқу-әдістемелік  кешен  студенттердің  компьютерлік  технологияны  кәсіби  іс-

әрекеттерде  пайдалануға  байланысты  білімін  жүйелеп,  іскерлігін  жетілдіреді,  өздігімен 

дербес шығармашылық ізденіске бағыттайды. 

Оқушылардың  компьютерлік  технологияны  кәсіби  іс-әрекеттерде  пайдалануға 

даярлау әдістемесі эксперимент барысында дәлелденген нәтижелерге негізделеді. 

Қорыта келе айтарымыз:  

Бүгінгі  таңда  кең  етек  алып  келе  жатқан  жаһандандыру  үрдісі  -  бүкіл  дүние  жүзі 

елдерінің  алға  даму  барысынан  туындаған  объективті  заңдылықтағы  әлем  деңгейіндегі 

әлеуметтік,  экономикалық  және  саяси  құбылыс  екенім  мойындауымыз  қажет.  Олай 

болатын болса, одан еш үрікпей, қайта оны барынша терең зерттеп, біліп басқа да қоғамдық 

даму  заңдылықтары  сияқты  қабылдап,  оны  тиісті  деңгейде  реттей  алатындай  және  оған 

дұрыс қалыпта бейімделе алатындай болуымыз керек.  

Сонда ғана Қазақстан елі әлем қауымдастығы арасынан өз дәрежесіне сай орын ала 

алады. 


 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Н.Назарбаев. "Қазақстан - 2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі. қауіпсіздігі 

және әл-ауқатының артуы". Алматы. 2001. 

2. С.Қасиманов. Қазақ халқының қолөнері. Алматы. "Казакстан", 1995. 

3. Өмірбекова М. Қазақтыңою-өрнектері. Энциклопедия. «Алматы кітап» 2005 ж. 

4. Жанибеков  У. Эхо.-Алма – Ата,1990. – 240с.  

5. Ибраева К. Казахские орнамент. Алматы, Өнер, 1994,128с.  

6. Бекқұлова А. Қазақ киізі кеше және бүгін. Алматы 2008 ж. 

7. Әбдіғапбарова Ұ.М. Қазақтың ұлттық өрнектері. Алматы:Өнер.1999 ж. 

 

 



 

 

 

 

109


 ~ 

 

«ІНДЕТТАНУ МИКРОБИОЛОГИЯСЫМЕН» ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ 



ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ 

 

Айтжанова Света Бердешовна 

Мақтарал аграрлық колледжі, 

Мақтарал ауданы, ОҚО 

 

Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін: білімді 



де  зерделі,  жан-жақты  дамыған  дарынды,  қабілетті  ұрпақ  керек»  Ел  президенті  Н.Ә 

Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауынан. 

Қазіргі  уақыттағы  білім  беру  қызметкерлерінің  алдында  тұрған  басты  мақсат-

еліміздегі  білім  беруде  халықаралық  деңгейге  көтеру  және  білім  сапасын  көтеру,  жеке 

тұлғаны  қалыптастыру,  қоғам  қажеттілігін  өтеу,  оны  әлемдік  білім  кеңістігіне  кіріктіру 

болмақ. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «XXI ғасыр- ақпараттандыру ғасыры» деп 

аталады. 

Заман талабына сай көштен қалмай қазіргі таңда педагогтан өз пәнінің терең білгірі 

ғана  болу  емес,  теориялық,  нормативтік  –  құқықтық,  психологиялық  –  педагогикалық, 

дидактикалық  әдістемелік  тұрғыдан  сауатты  және  ақпараттық  компьютерлік  технология 

құралдарының  мүмкіндіктерін  жан  –  жақты  игерген  ақпараттық  құзырлығы  қалыптасқан 

маман болуын талап етуде. 

Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттыру-дың тиімді 

жолы  -  білім  беру  жүйесінде  түрлі  ақпараттық  технологияларды  қолдану.  Келешек 

қоғамымыздың  мүшелері-жастардың  бойында  ақпараттық  мәдениетті  қалыптастыру 

қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. 



Жаңа  ақпараттық  технологиялар  дегеніміз–  білім  беру  ісінде  ақпараттарды 

даярлап,  оны  білім  алушыға  беру  процесі.  Бұл  процесті  іске  асырудың  негізгі  құралы 

компьютер болып табылады, сол себепті  қазіргі  оқу орындарында шығармашылық  ізденіс 

қабілеті  дамыған,  жаңа  педагогикалық  технологияларды  жете  меңгерген,  мамандық 

шеберлігі қалыптасқан, жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін мұғалім қажет. 

Енді,  осы  ақпараттық  технологияларды  жүзеге  асырудағы  жұмыс  түрлеріне 

тоқталып өтейік: 

Ақпараттық  технологиялардың  бірі  —  интерактивтік  тақта,  мультимедиялық  және 

он-лайн сабақтары. 

Жаңа ақпараттық технологияларды сабақта қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді: 

1. Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді; 

2. Тіл байлығын дамытады; 

3. Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді; 

4.  Шығармашылық  белсенділігін  арттырып,  ұжымда  бірігіп  жұмыс  істеуге 

тәрбиелейді. 

5.  Өз  бетімен  білім  алатын,  ақпараттық  технологияларды  жақсы  меңгерген,  білімді 

жеке тұлғаны қалыптастырады. 

 «Қанша  білсең,  ізден  тағы,  тағы  да,  білікті  адам  жетер  тілек,  бағына»  деген 

ғұлама  Баласағұнның  сөздері  менің  өмірлік  қағидам.  Ұлы  педагог  Ушинский: «Мұғалім 



білімін  үздіксіз  көтеріп  отырғанда  ғана  мұғалім,  ал  оқуды,  іздеуді  тоқтатса, 

мұғалімдігі де жойылады» деген болатын. Сондықтан әр бір мұғалім күнделікті сабағына 

өмір  талабына сай дайындалып ақпараттық  – коммуникациялық технологияларды кеңінен 

пайдалануы  тиіс.  Ол  заман  талабы.  Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  заңында 

«Білім беру жүйесінің басты – міндеті ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика 

жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған 

білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім 

беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желіге  шығу  делінген. 

Бүгінгі  таңда  білім  берудің  әр  түрлі  нұсқадағы  мазмұны,  құрылымы,  ғылымға  және 



110


 ~ 

 

тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі  оқыту 



технологияларын  оқу  мазмұны  мен  оқушылардың  жас  және  психологиялық 

ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибесіне сынап қараудың маңызы зор. 

Инновациялық білім беру құралдарына: 

 



аудио-видео құралдар 

 



компьютер 

 



интерактивті тақта 

 



интернет 

 



компьютер  –  мультимедaялық 

құрал  


 

электрондық  оқулықтар  мен 



оқу-әдістемелік  кешен  инновациялық  сайт 

және  тағы  басқалары  жатады  бұны  бір 

сөзбен  айтқанда  оқу  үрдісінде  немесе 

сабақтарда  ақпараттық  –  коммуникациялық 

технологияларды  пайдалану  деп  атауға 

болады. 


Ақпараттық-коммуникациялық 

технологияны  бәсекеге  қабілетті  ұлттық 

білім  беру  жүйесін  дамытуға  және  оның 

мүмкіндіктерін  әлемдік  білімдік  ортаға  енудегі  сабақтастыққа  қолдану  негізгі  мәнге  ие 

болып  отыр.  Сондықтан  оқытудың  ақпараттық-коммуникациялық  технологиясы-білімді 

жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, білімді қабылдау, білім сапасын бағалауы, оқу тәрбиесі 

үрдісінде  оқушының  жеке  тұлғасын  жан-жақты  қалыптастыру  үшін  бойында  ақпараттық 

мәдениетті,  сауатты  адам-ақпараттың  қажет  кезін  сезіну,  оны  табу,  бағалау  және  тиімді 

қолдану қабілетін арттыру керек. Осыған орай ақпараттық заманда өмір сүретін адам өзін-

өзі шектей білетін негізгі нормалар мен ережелерді игеруі тиіс. 

Әр  мұғалім  сабақ  өткізген  кезде  оқушыларға  сапалы  білім  беру  үшін  жаңа 

технологияларды  пайдалана  отырып,  сонымен  қатар  компьютерді,  интерактивті  тақтаны 

қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. 

Ақпараттық  технологияларды  педогогикалық  тұрғыдан  дұрыс  пайдалана  білу 

оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, сабаққа деген ынтасы оянады, өз бетімен 

жұмыс  істеуге,  проблемалық  сұрақтарға  жауап  беруге,  өмірмен  байланыстыруға  еркін  де 

кең мүмкіндік береді. 

Ал, оқытушы үшін де маңызы өте зор, ол мына жетістіктермен ерекшеленді: мұғалім 

үздіксіз  ізденіс  үстінде  жүреді,  жеке  тұлғаны  қалыптастырудағы  жауапкершілігі  артады, 

инновациялық  технологияларды  қолдану  іскерлігі,  әдіс-  тәсілі  артады,  жас  мамандардың 

қызығушылығын  туындатады,  интернетке  кіру  жүйесі  арқылы  әлемдік  деңгейде  іс  — 

тәжірибе  алмасуды  қалыптастырады  және  оқытудың  түрлі  әдіс  тәсілдерін  игеруге  қолы 

жетеді, оқытушының сабақты қызықты, жүйелі түрлендіріп өткізуге машықтанады. 

«Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық  технологиямен  байланысты  әлемдік 

стандартқа  сай  мүдделі  жаңа  білім  беру  өте  қажет»  деп,  Елбасы  атап  көрсеткендей,  жас 

ұрпаққа  білім  беру  жолында  ақпараттық  технологияны  оқу  үрдісінде  оңтайландыру  мен 

тиімділігін арттырудың маңызы зор деп білемін. 

ХХІ  ғасыр  –  техниканың  озық  дамыған  ғасыры.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың 

сындарлы  саясатының  арқасында  бүкіл  оқу  орын  компьютермен  қамтамасыз  етілді. 

Компьютер  оқушы  үшін  қоршаған  әлемді  танудың  табиғи  құралы  болып  табылады.  Олай 

болса сабақтарды компьютердің, ақпараттық технологиялық құралдардың көмегімен өткізе 

білу-кезек  күттірмейтін  өзекті  мәселелердің  бірі.  Жаңа  ақпараттық  технологиялар 

дегеніміз- білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны оқушыға беру процесі. Оқушының 

білімін дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер керек деп ойлаймын. 



111


 ~ 

 

Малдәрігері  мамандарын  дайындағанда  осы  мамандығы  бойынша  оқитын 



оқушыларға  «Індеттану  микробиологиясымен»  пәні  сабағына  инновациялық  білім  беру 

құралдарының бірі электрондық оқулықты қөрнекілік түрінде қолдану тиімді де маңызды. 

Малдәрігері  мамандығының  «Індеттану  микробиологиясымен»  пәнінен  Бруцеллез 

тақырыбына арналған электрондық оқулық ұсынылады. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Электронды  оқулық  бойынша  оқушы  малдәрігерлік  ойлау  қабілетін  дамытады, 

өздігінен оқып үйренуге, өзіндік жұмыс қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Электронды 

оқулықтың  тағы  бір  мүмкіндігі  оқулықпен  жұмыс  істеуге  қызығушылығы  төмен 

оқушыларға жүйелі жұмыс істеуге, белсенді , қабілеті жоғары оқушыларға өздігінше білім 

деңгейін  жетілдіруге  мүмкіндік  береді.  Сондай-ақ  оқушылар  тест  сұрақтарының  дұрыс 

немесе бұрыс жауаптарының көрсетілуі арқылы күнделікті сабақтарға, сынақ, емтихандарға 

дайындалуға мүмкіндік туады.  

Оқытушылар  аралас,  зертханалық  тәжірибелік  т.б.сабақ  түрлерін  өту  барысында 

көрнекілік түрінде пайдалануға болады. Сабақ материалдары мәтін, сурет, график, кескін, 



112


 ~ 

 

кесте  т.б  түрлерінде  бейнеленіледі.  Мұндай  бейнеленулер  оқытуышыларға  жаңа 



материалдарды  өте  қызықты  етіп  өткізуге  мүмкіндік  береді,  оқушулардың  өтілген 

материалдарды есте сақтауына, ойлау қабілетінің дамуына оң әсер тигізеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет