Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта
қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы
саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең
бастысы, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де
екіншісі ол да маңызды жағынан біріншіден еш кем емес. « Мұғалімдер балаларды ХХІ
ғасырға қалай дайындайды?» Осы мақсатта Қазақстан Республикасы педагог
қызметкерлерінің «сындарлы оқыту теориясына» бағытталған деңгейлік бағдарламасы
бойынша біліктілігін арттыру курстарына мұғалімдерді қатыстыру арқылы оқыту мен оқу
жүйесін жан жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады.
Бұл мақсат күрделі болуымен қатар, көп еңбек етуді талап етеді., алайда дұрыс тәсілдер
қолданылған жағдайда бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс жүргізілуіне ықпал ете алады. Білім
беру саласында қол жеткізілген бүкіләлемдік бітімнің мәні балалар үшін білімнің де,
дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Заманауи тәсілдің ең негізгі
ерекшелігі балалардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде
~
239
~
қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін
дағдылардың мәні осында. Бағдарлама нәтижесі мұғалімдер балаларға қалай оқу керектігін
үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін,
ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда
құзырлылық танытатын бала қалыптастыруға даярлау болып табылады. Мектеп әкімшілігі
мен білім беру жүйесін басқару органдарының мұғалімдері тиісті ресурстармен қамтамасыз
ету қызметінен гөрі, балаларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы
күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен балалардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді.(Barber
and Moursahad, 2007). Мектеп жұмысы мен бала жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға
мұғалім.( Strong Ward & Grant 2011)
Дүние жүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту
жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орында да
нәтижелі екендігін дәлелдейтін фактілер бүгінгі таңда ғылыми педагогикалық әдебиетте
жеткілікті деңгейде кездеседі.
Құзырлы мұғалімдердің қасиеттері, икемдіктері және олардың жұмыс тәртібі туралы
зерттеулерден білуге болады. Кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер
оны өз қолымен жасайды. Адамгершілік мақсатты көздейтін мұғалімдер өздерінің
әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді.
Олардың көңілінде үнемі көңілге сай оқыту тұрады.(Frost, 2011) Әріптестеріне ықпал ету
үшін, сондай ақ оқыту мен оқудың дамуына қолдау көрсету үшін құзырлы мұғалімдер
коучинг пен тәлімгерлікке жүгініп, басқа мұғалімдердің идеяларын жүзеге асыруға қолдау
көрсетіп, өз тәжірибелерін зерделеумен айналысады. Сонымен үшінші деңгей
бағдарламасы құзырлы мұғалімдердің қасиеттерін, икемдіктері мен жұмыс тәртібін
дамытуға бағытталған болса, екінші деңгей бағдарламасы берілген мазмұнға қосымша, өз
әріптестеріне ықпал етуге қажетті тәлімгерлік дағдыларын дамытуды мақсат етеді. Бұларға
қоса Бірінші деңгей бағдарламасы әріптестеріне бүкіл мектеп жағдайында коучингті (сөзбе
сөз дайындау, жаттықтыру; әріптестердің құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік
үдерісі) коуч іске асыруды үйрететін көшбасшыларды дайындауға арналған. Қазіргі
ақпараттық қоғамда табыспен өмір сүру үшін балалар мен жасөспірімдер мән жайды
түсініп, тәуелсіздік алу мақсатында белсенді, сындарлы оқудың тиімді тәсілдеріне
тартылуы қажет. Оқуды дербестендіру және даралау қажеттігі күн санап өсуде, олар
балалардың әртүрлі топтарына инклюзивті және сезімталдықпен білім алуға мүмкіндік бере
алады. Өз кезегінде, мектеп көшбасшыларына педагогикаға өзгеріс енгізу үшін жаңаша
оқыту тәжірибесін жүргізуге мүмкіндік алу мақсатында педагогикалық жаңа нысандарын
игеруге мүмкіндік береді.
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал
оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған
(Hattile, 2009)
Аталған теория балалардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен
жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан
алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Дайын білімді
беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім балалардың жинақтаған өзге
білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық түрде есте сақтау, үстірт білім
алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған
мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән мағынасы терең
меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан
біткен соң керексіз болып қалады және бала оны өмірде тиімді пайдалана алмайды.
Сындарлы оқыту мақсаты баланың пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін
сыныптан тыс жерлерге, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Оқыту туралы сындарлы түсінік балаға нақты білім берудегі мақсат тұтқан мұғалімнің өз
сабақтарын баланың идеясы мен білім біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай
ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер балалардың оқыған тақырып бойынша
~
240
~
білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре
алатындай, пікір көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым түсініктерін өрістете алатындай етіп
орайластырып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние жекелеген балалардың
тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, балалардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту
мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай ақ кейбір балалардың
тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей баланың өз болжамдарына күмәнмен, сын тұрғысынан
қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп,
кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі. Егер
де дайын білімді беретін «дәстүрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау
қабілеттері дамыған балаларды қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сын тұрғысынан
ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек.
Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар балаларға өз білімдері мен ұстанымдары
жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып білу
кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс баланың өз болжамдарына
күмәнмен, сын тұрғысынан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы
өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады.
Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің баланың тақырып
мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл
үдеріске баланың өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша бала да өзінің оқуы үшін
жауапты болады. Бала мұндай жауапкершілікті көбінесе сабақ беру барысында мұғалім
қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш
көмекші» деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады.
Бас - Кәсіби түсінік оқыту мен оқу, сондай ақ жеке тұлға ретінде балалар туралы
тұғырлы теориялық базаға негізделген, жеткілікті білімнің болуын талап етеді. Сондай ақ
тәжірибені түсіну, дамыту, жетілдіру үшін дәлелдер, зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану
керектігін білуді көздейді
Қол - Оқытудың тәжірибелік дағдылары
Бұл ілім көрсету, таныстыру, түзету және оқытуды бағалау сияқты әртүрлі тәсілдер
арқылы идеяларды түсіндіре білудің техникалық, тәжірибелік дағдылары мен тәсілдерін
білуді талап етеді. Сонымен қатар ынталандыру, көтермелеу, шектеу, сабақтар кезеңдерін
жоспарлау және балаларды бағалау әдістемелерін меңгеру қажет.
Жүрек - Кәсіби адамгершілік тұтастық
Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын
ұсынады. Демек, олар шыншыл, батыл, төзімді, балаларға сенімділік, құрмет көрсете
білетін әділ адамдар. Мұғалімдер өз мамандығын сүйетін, оқуға қатысты тұжырымды
пікірлері мен ұстанымдары қалыптасқан жандар, олардың бұл бағыттағы ойлары бір
жерден шығып жатады.
Сапалы оқыту мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы
байланыс болып табылады, ол өзі белгеле бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде
жүзеге асады. Сапалы оқыту балалардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу
мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.
Сыни тұрғыдан ойлау қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып
табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль балалардың да,
мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын
көздейді. Сын тұрғысынан ойлау ой жүгірту, тұжырым жасау, немесе проблемаларды шешу
үдерісі жүрген барлық жағдайларда, яғни неге сенуге болады, не істеу керек және бұны
ойластырылған әрі рефлексивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау қажет
болған жағдайлардың барлығында орын алады. Сын тұрғысынан ойлау «Ойлану туралы
ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен
өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқыту мен өз
біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс
тәжірибеде қолданылады деп болжанады.
~
241
~
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бабаев С.Б. Оразов Ш.Б. Бабаева К.С. «Педагогика: жалпы негіздері және тәрбие
теориясы» - А. 2008
2. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы 1 том. Алматы. Рауан. 1999.
3. Бабаев С.Б. Педагогика – А, 2003
ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫН
ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУ
Азбердиева Нагима Аббасовна
Өрлеу БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ аға оқытушысы,
Ташимова Рая Сарсенбаевна
№ 77А.Асқаров атындағы лицей мектебінің бастауыш сынып мұғалімі,
Шымкент қаласы, ОҚО
Баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын, сондықтан да
оның мәні ерекше. Жас баланың өмірді тану, еңбекке деген ұмтылыс, психологиялық
ерекшеліктері осы ойын түрінде қалыптасады. Бастауыш сынып балалары қоғамдық
құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс-әрекетін өз түсінігінше әрекеті арқылы
бейнелеуі ойын болып саналады. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл
аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни
ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз, балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен
бірге ойлайды, аңғарады көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Олар бірдене жасап қана
қоймайды, сондай-ақ заман ағымына да белсене қатысады. Бастауыш сыныпта оқыту –
тәрбиелеу жұмысында балалардың тілдік дағдыларын дамыту, сөздік қорларын молайту,
яғни айтылым дағдысына үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін
қолдану, одан әрі күнделікті оқу қызметі кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге
жаттықтыру. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспетті. Ол арқылы баланың
рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.
Адамды өжеттілікке, шапшаңдыққа, ептілікке, батылдыққа, байсалдыққа, тапқырлыққа
үйрететін де ойын. Бала үшін ойын өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі көрсетудің құралы.
Баланы ойынға қызықтыра отырып оқу қызметін ойын түрінде күрделендіре түсу керек.
Ойын баланың ойлау қабілетін жетілдіре отырып, оның қиялын дамытады. Бала жалғыз
ойнағанды ұнатпайды, ол қатар құрбыларымен бірлесіп ойнай отырып бір-бірімен қарым
қатынас жасайды. Ойын – баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдардың бірі.
Ойын арқылы баланың оқуға деген ынтасы, қызығушылығы, сөздік қоры молаяды. Ойын
ашық, жабық сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге; сөздік қорын молайтуға; суреттер
арқылы сөйлем құрауға, мазмұнын түсініп айтуға; ұйымшылдыққа, бір-бірін құрметтеуге,
қамқор болуға тәрбиелейді. Сабақты ойын түрінде жүргізуде еркін тақырыптар, сұрақ-
жауап, балаларға өз ойын ашық жеткізе білуге, мәдениетті сөйлей білуге мүмкіндік беруге,
балалардың таңдауы бойынша ойындар өткізу қажет. Сонда ғана оқушы белсенді бола
бастайды. Себебі, ойын бар жерде, бала кез келген сабаққа белсенділікпен араласады.
Деңгейі төмен, нашар оқитын баланың өзі ойынға келгенде бар ынтасын салып, сабаққа
жігермен араласады. Өзінің және жолдастарының істеген әрекеттеріне баға береді. Ойын
барысында балалар өлең, тақпақтар, сұрақ, санамақтар, суреттер, ойыншықтар, әртүрлі
материалдар пайдаланады. Есту, сезіну, қабыл дау, көру деген сияқты үрдістері дамып,
музыкалық ойыншықтар мен дыбыс шығаратын сазды аспаптартардың дыбыс шығару
ерекшеліктерін, заттарды пішініне, көлеміне, түсіне қарай іріктеуге, әртүрлі қимылдарды
орындауға, мұғалімнің айтқанын тыңдауға үйренеді. Кез келген ойынды өткізу барысында
баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру керек, ойын бағдарламаға сай болуы керек,
мұғалім жаңа технологияларды пайдалана біліп, үнемі біліктілігін жоғарылатып отыруы
~
242
~
керек. Ойынның технологиялық негізгі ерекшелігі – балалар үнсіз ойнамайды. Тіпті жалғыз
болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын барысында сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл
атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен
мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның
өзінен туатын және балалар жасайтын немесе тәрбиешілер ұсынатын ойын ережесі [1]
М.Жұмабаев: «Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе». А.С.Макаренко: «Бала өмірінде
ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың қандай маңызы болса,
ойынның да маңызы зор. Бала ойында қандай болса, өскенде жұмыста сондай болады.
Ойынның негізгі қайнар көзі – адамдардың әлеуметтік орны, өмірі, баланың және оның
жанұясының тіршілік жағдайы деген қорытындыға келді». Г.С.Усова: «Балалар ойын ойнау
барысында үлкендердің белгілі бірқылықтарын, ерекшеліктерін, қарым- қатынастарын
бейнелейді». А.Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?». С.Торайғыров:
«Балалықтың қанына ойын қазық». В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз
ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай
ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен
ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын білімге,
құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты [4]. Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда
астауыш сыныпоқушылары белсенді және өте қозғалмалы болып келеді. Бұл жастағы
балалар өздерін еркін ұстап, ойынға аса қызығумен қатысады, өзінің айналасындағы
нәрселерді көріп, соны бейнелеуді ұнатады. Рөлдік ойындарды табысты және қарқынды
жүргізе біледі. Сөйлеу әрекетінде қозғаушы күш – ырғақ. Сөйлеу ырғағын құру
мұғалімдердің рөлдік ойындарды ұйымдастырудағы ең қиын іс-әрекеті. Балалардың
қызығуын арттыру мақсатында мұғалім ойынға қатысушының өзіндік сөз ырғағын
бейнелеп көрсетіп, тапсырманы дұрыс құра білуі керек. Тақырыптық «Рөлдік ойындар»,
«Қимылды ойындар», «Дидактикалық ойындар» жасөспірімдердің сөйлеу дағдысының
қалыптасуын дамытады. Ойын іс-әрекеті зерттеуші, дамытушы, үйретуші болып табылады.
Мұғалім балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп
өткізуіне болады. «Маршрут», «Екі ассоциация», «Қара жәшік»,«Дұрыс-дұрыс
емес»,«Жолға шығу»,«Кемпірқосақ», «Еске түсіру»,«Сұрақтар жаңбыры», «Суретті
әңгімеле», «Әңгімеге негізделген жазу», «Детектив», «Коллаж әңгіме», «Менің сөзім»,
«Жағымды, жағымсыз, даулы», «Неге? Неге? Неге?», «Қол белгісі», «Бағдаршам»,«Дәл
осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «Не
артық?», «Есіңде сақта», «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман»,
«Жалғастыр», және т.б. Бұл аталған жаттығулар, тапсырмалар балалардың сөздік қорын
дамыта отырып, бір- бірімен достығын арттырып және саусақ бұлшық етін дамытады.
Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізу дайындығын көрсетеді. Жасөспірім
ойын арқылы дүниені танып, түсінігі арқылы қабылдап, ересектерге еліктей жүріп
үйренеді, өз бойына қабылдайды. [2] Таңдалған ойынды өткізуге қойылатын талаптар
төмендегідей: - ойынды тақырыпқа сәйкес алу; - ойынның мақсатын нақты қойып, керекті
көрнекіліктерді балалардың қызығушылығына сәйкес дайындау; - ойнар алдында балаларға
жүргізілу барысын әбден түсіндіру; - ойынға балалардың барлығын қатыстыру; - ойын
барысында балардың қатысуын қадағалау, білмеген жерлеріне көмек, жәрдем беру. Оқу іс-
әрекеті барысында ойын түрлері жас ерекшеліктеріне байланысты қолданылады. Бала өзіне
жаңалық болып сезілген әрқилы нәрселерге еліктегіш келеді. Бала осы қасиетімен өз
қабілетімен ерекшеліктерін аңғартады. Баланың жағымсыз мінезінің байқалатыны да осы
тұста. Тәрбиеші ойын барысында тілдің дыбыстық мәдениетінің барлық жақтарын
жетілдіруге, сұраққа толық жауап беруге, баланы үйретіп отыруы керек. Үлкендер өзіне тән
ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, мектеп жасындағы балалар сабақ үстінде
ойын ретінде байқатады. Балалар ойын арқылы күрделі әрекеттерді, білімді үйренеді.
Ойынның өз мақсаты, жоспары болады. Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп,
кейбір педагогтар, ғалымдар «Жақсы ойын – жақсы жұмыс сияқты да, ал жаман ойын –
жаман жұмыс сияқты» деген. Баланың қуанышы мен реніші ойын арқылы байқалады. Ойын
~
243
~
кезіндегі баланың психологиялық ерекшеліктері: бала ойланады, эмоциялық әрекетке
ұшырайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды. Ойын үстінде бала
бейне бір өмірдің өздігіндей қуаныш, реніш сезімге бөленеді. Ойын арқылы балалардың
сөйлемдерді айту, сөйлем құрай білу, сурет бойынша әңгіме құрап айта білу, сондай-ақ әр
баланы сөйлете отырып өз ортасымен қарым-қатынасқа түсіп ашылуына себеп болады.
Ойындарда күтілетін нәтижелер: оқушының ақыл-ойы мен тілінұштастырады, сөздік қорын
молайтады, өзін қоршаған ортаны танып, мейрімділік сезімге тәрбиеленеді; - еркін мінез-
қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді; - ұжымдық сезім әрекеттері өсе
түседі; - эстетикалық тәрбие беру құралына айналады; - еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын
шешуге мүмкіндік береді; - дене күшінің жетілуіне көмектеседі. Демек, ойын баланы жан-
жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып
табылады. Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қоймай, оның өмір құбылыстары
жайлы танып түсінуге де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып бір-бірімен
жақсы қатынаста болады. Ойын үстінде де бала өз денсаулығын қимыл арқылы нығайтады.
Ойынның қандай түрі болмасын атадан балаға яғни ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады.
Халық ойындары өмір қажеттіліктерінен туады. Психологиялық жақтан денсаулықты
нығайтуға негізделген. Қорыта келе айтқанда, ойын мектепке дейінгі балалардың негізгі іс-
әрекеті. Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті
алғы шарты. Ойын арқылы балалар қоғамды тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық
ерекшеліктерін қалыптастырады. Бір сөзбен айтқанда, ойын баланың жан-жақты дамуын
көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл-қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін
арттыратын, басқа адамдармен қарым-қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын
арттыруға негіз болады. Ойын – бала үшін біліктіліктің қайнар көзі. Сондықтан жас
өрендер ойнай отырып ойлай білсін, балалардың таным белсендігін жандандыратын,
өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез келген оқу материалын қызықты да
тартымды қылып, балалардың көңіл-күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға
және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын
арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса,
сонда ғана тәрбиешінің тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді [3].
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Р.А.Искакова. Ойын арқылы бала тілін дамыту. – 2004.
2.
Сауат ашу әдістемесі. 1-бөлiм.Жалпы білім беретін мектептің 1-сынып мұғалімдеріне
арналған/Ә.Е. Жұмабаева, М.Н. Оспанбекова. – Алматы: Атамұра, 2016. – 146 бет.
3.
Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағы, І бөлім.
Қызылорда қаласы, 2016 жыл.
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ
ӘДІСТЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Шораева Улбала Бахытжановна,
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО бойынша ПҚБАИ аға оқытушысы,
Жатыбаева Эльмира Ақылбековна
№116 Д. Нурпейсова атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі,
Шымкент қаласы, ОҚО
ХХІ ғасыр - білім мен ғылым ғасыры. Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа
жүйесі қалыптасып, әлемдік деңгейде білім кеңістігі өзіндік ерекшелікпен ілгері қарай
бағытталуда.
Білімі мықты елдің рухани, ұлттық құндылығы жоғары болады. Жаңашылдықты
пайдалана отырып, жаһандану заманы қоғам өмірінің кез келген аясында инновациялық-
~
244
~
технологиялық дамудың стратегиялық бағытына бет бұруды талап етеді. Бұл бағытты игеру
- бүгінгі күннен бастау алып, кез келген салада инновациялық тұрғыда ойлап, іс-
әрекеттерге баратын бәсекеге қабілетті бүгінгі шәкірт, ертеңгі маманды даярлау -
Қазақстанның инновациялық-технологиялық дамуының негізгі міндеті болып табылады.
Білім саласының парадигмасының өзгеруі мектеп оқушысын ертеңгі күнге
дайындауға жалпы қоғам тарапынан көзқарастың түбегейлі өзгеруін талап етеді. Бұл жерде,
оқытудың жаңа әдістемелік тұрғыдан жүргізілуі, әсіресе, қазіргі үштілділіктің мектеп
бағдарламасына енгізілуі, мектеп мұғалімдерінің міндеттерінің өзгеруі – заман ағымына сай
болуы керек.
Дәстүрлі әдісте мұғалім мен оқушы арасындағы диалог ретінде және мұғалім
тарапынан бақылау, сабақ сұрау, тапсырма беру ретінде қалыптасқан болса, заманауи
педагогикалық технологиялар мен жаңа ақпараттар негізінде дәстүрлі әдістің құрылымын
жұмсартып, мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгерте отырып, оны тек білімнің қазығы ғана емес,
әр түрлі ақпаратты оқушыға өз бетімен меңгертуде жүйелі бағыт беріп, оқушының жаңаша
креативті ойлауын қалыптастыратын және олардың өзіндік шығармашылық жұмысының
жетекшісі ретінде қарауға болады.
Оқушыларды өз бетімен іздендіруге бағыттау үшін қазіргі кезде бірнеше оқыту
әдістерінің тиімділігін күнделікті өмірде, тәжірибе жүзінде жүзеге асырып та, қолданып,
нәтижесін көріп те жүрміз. Сондай тиімді әдістердің бірі – оқушыларды топтап оқыту.
Оқушыларды топқа бөлудің де бірнеше жолдары бар. Атап айтсақ, «Кемпірқосақ» әдісімен,
саналу ретімен, «Жалғасын тап» әдісімен, түрлі фигураларды құрастыру әдісімен топтарға
бөлуге болады.
Топқа бөліп оқытудың артықшылығы:
оқушылар арасында өзара түсінісу болады;
өзара оқыту;
бірін-бірі бағалау;
бір-бірін тыңдау, құрметтеу;
түсінбегенін өзара сұрау;
Оқытудың интерактивтік үлгілерінің негізгі критерийлері: оқушылар арасында
тақырып бойынша пікірталас тудыру, оқу материалын еркін баяндау, әсіресе, «Өкіл» әдісін
қолданғанда өте тамаша байқалады. Себебі, алдын ала бөлінген тапсырмалар бойынша
алдымен әр оқушы жекелей дайындалып, кейін топта өзара талқылап, мәтін мазмұнымен
танысып алады. Мысалы, әдебиеттік оқу кітабында Ахмет Байтұрсынұлының «Екі шыбын»
өлеңі берілген. Енді осы тақырыпты оқушылар арасында «Өкіл» әдісін пайдаланып,
түсіндіруді жоспарлап көрсек.
1-топ. Ақын өмірімен танысады, хронологиялық кесте дайындайды.
2-топ. Ақын шығармаларына тоқталады.
3-топ. «Екі шыбын» өлеңін мәнерлеп оқиды, мазмұнын түсіндіреді.
4-топ. «Екі шыбын» өлеңіне теориялық талдау жасайды (буын, бунақ саны, ұйқас түрі,
қолданылған көркемдегіш тәсілдер,т.б.)
Мұғалімнің бағыттауымен әр топтың «өкілдері» өзге топтарға барып, топ ретімен
өзара берілген тапсырмалардың орындалуын меңгеріп келуі керек. Әр топтан шыққан
«өкіл» өз тобына қайта келгенде, жалпы 4 тапсырма бойынша түсінік алып, өзара талдау
жасайды.
Ендігі кезекте, әр топтан шыққан «өкілдің» қалай қызмет атқарғанын байқау үшін,
әр топ өзіне берілген тапсырма бойынша 3 сұрақ дайындайды және әр топқа бір сұрақтан
қояды. Берілген сұраққа дұрыс жауап айтылса, демек «өкіл» естігенін нақты жеткізе алған,
бұрыс жауап айтылса «өкіл» өз міндетін дұрыс атқармаған болып есептеледі.
Мұндай әдістерді қолданудың нәтижесінде оқушылар арасында өзара түсіндіру
жұмыстары болып, сабақтың сапалы болуы, оқушылардың көпшілігі дерлік өз ойын ортаға
~
245
~
салып айтуына мүмкіндігі болады.Сабақ соңына қарай 5-7 минуттық эссе жаздыруға
болады.
Эссе демекші, осы оқу жылынан бастап, мектеп оқушылары арасында эссе жазу
қолға алына бастады. Кешегі кезге дейін мазмұндама, шығарма жазып келген оқушы үшін
эссе жазу қиынның қиыны болып тұр. Сондықтан да, алдымен «эссе» дегеннің не екеніне
тоқталсақ.
Эссе - француз тілінде “essay”, ағылшын тілінде “assay”- байқау, көру, очерк; латын
тілінде “exagium”- салыстыру, өлшеу деген мағынаны білдіреді. Бір нәрсенің әсерінен
болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма болып табылады. Сабақ соңына қарай
жаздырған эссе – білім алушының пәндік білімі мен білігін танытатын қорытынды жазба
жұмыс түрі болып есептелінеді. Эссе – оқушының өзіндік қысқаша ғылыми жұмысы, яғни
оқушының тар шеңбердегі өзекті сұрақты шешуі. Мектеп оқушысы жазған эссенің басқа
ғылыми жұмыстардан өзгешелігі – берілген тақырыпты қысқа әрі нақты жеткізе білуінде
Жоғарыда айтып кеткен оқыту әдістерімен көпшілігіміз таныс болып қалдық.
Оларды оқыту процесінде пайдалану міндетті екені бәрімізге мәлім.
Қорыта келгенде, оқытудың бұл әдістері мен құралдарын қолдануды түпкі мақсат
етпей, ең алдымен бұл жаңа инновациялық әдістер білім беру міндеттерін шешудің құралы
екенін түсінуіміз керек.
М. Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін-білім» деп атап
көрсеткендей, ғылым мен білім адам ой-санасының, дүние танымының өсуіне қорек беретін
рухани күш деуге болады. Демек, жаңашыл әдістердің білім беру процесінде алатын орны
зор.
Достарыңызбен бөлісу: |