Бақылау сұрақтары: 1.Трансляция аппараты.
2.Антикодон. Аминоацил тРНҚ-синтетаза құрылымы. Аминоацилдену механизмі.
3.Про- және эукариоттардағы рибосома құрылымы.
4.мРНҚ-ның прокариоттардағы трансляциясы, этаптары және оның механизмдері, реттелуі.
5.Бактериялардағы трансляция процесінің инициациясы және оның этаптары. Трансляция элонгациясы.
6.Элонгацияның белоктық факторлары. Трансляция процесінің терминациясы.
Практикалық сабақ №10 Тақырыбы: Популяциялық генетика Мақсаты: Харди-Вайнберг формуласын пайдаланып есеп шығару жолдарын қарастыру.
Теориялық мазмұны Популяциялық генетиканың негізін Харди-Вайнберг заңы құрайды. Тұқым қауалаушылықтың корпускулдық теориясы жеке генетикалық факторлар ата-аналардан ұрпақтарға өзгеріссіз беріледі деп түсіндіреді. Осыны 1908 ж. ағылшьн математигі Дж-Харди және неміс генетигі Г.Вайнберг бір-біріне тәуелсіз дәлелдеді. Харди-Вайнберг заңы бойынша қарапайым эволюциялық процестің факторлары (мутация, сұрыптау, миграция жөне гендер дрейфі) жоқ кезде популяцияның гендер (аллельдер) жиілігі белгілі тепе-тендікке тез жетіп, барлық келесі ұрпақтар аралығында өзгермейді.
Харди-Вайнберг заңы формула арқылы өрнектеледі. Айталық белгілі бір популяциядағы екі - А және а - аллельдің жиілігі р және q-re тең делік (p+q=I). А аллелі бар гаметалар р жиілікпен кездеседі, ал а аллелі бар гаметалардың жиілігі — q. Гаметалардың зиготаға қосылуы кездейсоқ өтетін болса, онда генотипі АА зиготаның жиілігі р2-қа, генотипі Аа зиготаның жиілігі 2pq-ге және генотипі аа зиготаның жиілігі q2-қа яғни биномдық формуланың жіктелу мүшелеріне (pA+qa)2 =p2AA+2pqAa+q2aa) тең болады.
Тапсырмалар:
1. Қара бидайда кездесетін альбинизм аутосомалық рецессивті белгі ретінде тұқым қуалайды. Есеп жүргізілген егістіктері 84000 өсімдіктің 210 альбинос болып шыққан. Қара бидайдағы альбинизм генінің жиілігін анықтау керек.
2. Қайсыбір аралдан 10000 түлкі атып алынған. Олардың 9991 – сары; ал 9 ақ түсті болған. Жүнінің сары түсті болуы доминантты белгі. Олай болса, барлық 10000 дарақтың ішідегі гомозиготалы сары, гетерозиготалы сары және ақ түсті түлкілердің проценттік мөлшерін анықтаңдар.
3. Алкаптонурия аутосомалық рецессивті белгі ретінде тұқым қуалайды. Аурудың кездесу жиілігі 1 : 100000. Популяция ішіндегі гетерозиготалардың санын есептеп шығару керек.
4. Жалпы альбинизм аутосомалық рецессивті белгі ретінде тұқым қуалайды. Аурудың кездесу жиілігі 1 : 20000. Популяция ішіндегі гетерозиготалардың санын есептеп шығару керек.