Практикалық сабақ №1



бет5/21
Дата18.12.2022
өлшемі267 Kb.
#57931
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Биологиялық есептер шешу пәні бойынша тапсырмалар dot

Тапсырма №1: Моногибридті будандастыруға есептер шығару.
№1.Төменде бірнеше особьтардың генотиптері көрсетілген. Осылар гаметалардың қандай түрлерін түзеді?
1) АА; 2) аа; 3) Аа;
4) ВВ; 5) вв; 6) Вв;

№2.Мына төменде көрсетілген особьтар гаметалардың қанша типін түзеді?


а) гомозиготалы доминантты особь;
в) гетерозиготалы доминантты особь;
г) гомозиготалы рецессивті особь.
№3.а) Гетерозиготалы сары бүршақ гаметаның неше түрін түзеді?
б) Гомозиготалы сары бүршақ гаметаның неше түрін түзеді?
№4.Ас бүршақта дәннің тегістігі қатпарлылыққа қарағанда доминантты болады. Тегіс дәнді бүршақ өсімдігін фенотипі дәл осындай өсімдікпен будандастырғанда үрпақта 3 тегіс дән және 1 қатпарлы дән алынған. Ата-анасының генотипін тап.
№5.Тегіс дәнді екі бұршақ өсімдігін өзара будандастырғанда үрпақта тек тегіс дәнді өсімдіктер алынған. Ата-анасының генотипін анықтауға бола ма?
№6. Қатпарлы дәнді бұршақ өсімдігін тегіс дәнді ас бұршақпен будандастырғанда үрпақтың жартысы қатпарлы дәнді, екінші жартысы тегіс дәнді болған. Ата-анасының генотиптерін табу керек.
№7. Ас бұршақта түқым жарнагының сары түсі жасыл түске қарағанда доминантты болады.
а)Гомозиготалы сары дәнді бұршақ жасыл дәнді бүршақпен будандастырылған. F1 буданының генотипі мен фенотипі қандай болады?
б)Гетерозиготалы сары дәнді бұршақ өсімдіктері өзара будандастырылған. F1 буданының генотипі мен фенотипі қандай?
г)Гетерозиготалы сары дәнді бұршақ өсімдігі жасыл дәнді өсімдікпен будандастырылған. Ұрпақта белгілердің ажырауы қандай болмақ?
№8. Хош иісті бұршақта (Z odaratus) гүлдің сабақтың бойында орналасуы доминантты белгі (А) екендігін, ал сабақтың ұшында орналасуы рецессивті белгі (а) екендігін кезінде Мендель тағайындаған болатын.
Төмендегі будандастыруларда ата-аналары гаметалардың қанша және қандай типтерін түзеді? Ұрпақта қандай фенотиптік кластар түзіледі, олардың сандық қатынастары қандай болады?
а) АА х АА б) АА х аа
г) Аа х аа д) Аа х Аа
№9.Қызыл жемісті бүлдіргенді өзара будандастырғанда ұрпақ тегіс қызыл жемісті болады, ал ақ жемісті бүлдіргенді озара будандастырғанда тек ақ жемісті ұрпақ пайда болады, ал қызыл мен ақ жемісті бүлдіргендерді бірімен-бірін будандастырғанда қызғылт жемісті ұрпақ пайда болады.
а)Қызыл және қызғылт жемісті бүлдіргендерді будандастырудың нәтижесі қандай болады?
б)Қызғылт жемісті бүлдіргенді өзара будандастыру нәтижесінде алынған үрпақтың 1500 түбі (25 %) қызыл жемісті болған. Қызғылт жемісті бүлдірген қанша түп болады?
№ 10. Қызыл және қызғылт жемісті бүлдіргендерді будандастырғанда ұрпақта қызыл және ақ жемісті өсімдіктер алынған. Мұны қалай түсіндіруге болады? Ата-анасының генотиптерін анықтауға бола ма?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет