А.Н.Кононов табыстың көне түркі тіліндегі тұлғасы –ғ, ілік септік жалғауының құрамындағы мұрын жолды –ң дыбысының өзгеруінен шыққан деп шамалайды. В.А.Богородицкий бұл жалғаудың алғашқы түрі оңтүстік-баты тілдерінде кездесетін –ы, -і варианты деп қарайды.
Барыс септігі
Көне түркі тілінде
Мысалы:
-ғару, (-геру, -қару,-керу),-ру,-қа, -йа, -а, -е
...Аңар адынчығ барқ йаратуртым(КТ) «Оған айрықша жай тұрғыздырттым»
А.Н.Кононов: көне түркілік барыс жалғауы –ғар, -ғару мен есімшенің келер шағын жасайтын –ар, -ер бір ғана аффикстің екі түрлі көрінісі деп қарайды.
Б.А.Серебренников қызметі мен мәні ұқсас аффкстердің қосындысы (ғ+а) деп дәлелдейді.
Жатыс, шығыс септігі:
Септіктер
Көне түркі тілінде
Мысал
Ғалымдар пікірі
Жатыс
Көп мағыналы.
«Түрк сір будун йерінте бод қалмады. «Түрк – сір халқының жерінде тірі жан қалмады.»»
Б.А.Серебренников: -да тұлғасының бойында локатив мәндерінің морфологиялық тәсіл тұрғысынан жіктелуін –да негізінде жаңа жалғаудың қалыптасуымен түсіндіреді.
Өңден қағанғару сү йорыдым (Он жақтан хандыққа әскер аттанды)
Рясяненнің ойынша, шығыс септік тұлғасы жатыс және құралдық септік тұлғаларынң қосындысы.
Рамстедт көне жазбалар тіліндегі бірен-саран сөздерге шығыс жалғауының қабаттасып келуін негізге алып, іс-әрекеттің шығар пунктін айқынырақ айту үшін жатыс жалғауының ұстіне йан сөзі тіркестіле айтылған: оғуздайан. Кейін жатыс жалғауы мен энклитиканың кірігіп, қысқаруы нәтижесінде –дан тұлғасы шыққан.
Қорытынды:
Қазіргі қазақ тіліндегі септік жалғаулары тұлғалық тұрғыдан ас көп өзгеріске түспей, көне түркі дәуірінен сақталған.
Бірінші
Септік жалғауының дамуында айқын байқалатын процесс – қолданылу сферасының кеңеюі немесе тарылуы.
Түркі тілдері тарихының ежелгі кезеңінде есімдіктердің септелуі мен есімдердің септелуінің, сондай-ақ тәуелді септеудің арасында болған айқын жіктеліс қазіргі тілдерде сол сипатында сақталған.