Қазақ әдеби тілі қазақ қоғамының барлық сфераларын қамтитындықтан көпвалентті, әркімге де міндетті, нормаланған, стильдік жағынан айырымы бар тілге жатады
Қазақ әдеби тілі қазақ қоғамының барлық сфераларын қамтитындықтан көпвалентті, әркімге де міндетті, нормаланған, стильдік жағынан айырымы бар тілге жатады.
Қазақстан лингвистика ғылымында тіл мәселелерін ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеу үдерісінде бір қатар эклектикалық тұжырымдар орын алып отыр.
Олардың ішіндегі бастыларының бірі – әдеби тіл категориясының дұрыс тұжырымдалмауы.
Лингвистикадағы орталық ұғым болуына қарамастан, «әдеби тіл» мен «жалпыхалықтық тілдің» аражігі нақты ажырытылмай, оның салдары зерттеу кеңістігінде көптеген теріс стратегиялардың пайда болуына әкеліп соқтырған.
Ауызекі сөйлеу тіліне, оның ішінде аймақтық және әлеуметтік диалектілерге қарама-қарсы қойылған тілдік құбылыс;
Қазіргі қазақ әдеби тілі жазу арқылы бекітілген, дәйектелген тіл және оған дәстүр жалғастығы, сабақтастығы тән, сондықтан әдеби тілдік мәтіндердің әр түрі бар.
3. Нормаларының жиынтығы бар және олар көпке міндетті. Атап айтқанда, нормалар ресми іс-қағаздары, орта және жоғары мектептегі оқу үрдісі, жазбаша/тұрмыстағы қарым-қатынас, ғылым, публицистика, көркем әдебиет, тіл арқылы жеткізілетін мәдениеттің барлық саласы үшін міндетті;
Көркем мәтіндегі тілдік нормалар Автор мен оқырманның қарым қатынасы Қазақ лингвистері арасында әдеби тiл мәселелерiмен көбірек айналысқандардың бірі Сейiлбек Исаев болды. Ол, әрине, «қазақ әдеби тiлiнiң барлық мәселелерi… айқындалды деп айта алмайды»
Әдеби тiл деген ұғымның өзiн әр зерттеушi әр түрлi түсiнiп жүргенiн ескерте келiп, С. Исаев әдеби тiлдiң айқындамасын былайша пішіндейді:
«Сөйтiп, көптеген зерттеушiлер әдеби тiлдi жазу арқылы белгiлi жүйеге түскен, өңделген, сұрыпталған, жазу дәстүрi мен әр түрлi жазба әдебиетiнiң негiзiнде қалыптасқан, тұрақты, орныққан нормалары, стильдiк-жанрлық тармақтары бар, сол тiлде сөйлейтiн халықтың бәрiне, не көпшiлiгiне ортақ, түсiнiктi, қоғамдық қызметi әр алуан жалпы халықтық тiлдiң екшелген, сұрыпталған түрi деп көрсетiп жүр»
«Жазуы жоқ не жазуы дамымаған иә кеш дамыған халықтың әдеби тiлi де жоқ деген шындыққа жанасымды бола бермейдi»
«Әдеби тiл дегеннiң ең басты белгiсi – оның өңделген, сұрыпталған, нормаланған тiл болуы, бұл – бiр. Қызметi жағынан сол халықтың өмiрiнде ұйымдастырушы, қоғам мүшелерiнiң басын қосушы сипаты, яғни жалпыға ортақтық қасиетi болуға тиiс, бiрақ әдеби тiлдердiң бiр кезеңдердегi жазба түрлерiнде әрдайым соңғы белгiнiң болуы шарт емес»
«Әр нәрсенiң, әр құбылыстың заты (мән-мәнiсi, табиғаты) салыстыру арқылы, өзге құбылыстардың қарама-қарсысына қою арқылы таныла түседi. Әдеби тiлдi тану үшiн оның қарама-қарсысына қойылатын басты құбылыс – ауызекi сөйлеу тiлi.»
«Бұл – үшiншi шарт. Әдеби тiл қолданылу тәжiрибесiнде қоғам сынынан өткен, нормаларын қоғам санасы дұрыс деп қабылдаған және ол нормалар барша үлгiлерге ортақ болуы шарт. Бұл – әдеби тiлдiң төртiншi сипаты»»