Ұсынылатын әдебиеттер.
Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2005.
Рахметова С, Жаманқұлова П., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі. -А.,1998.
Уәйісова Ғ., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі.- А., 1999.
4.Селевко Г.К. Педагогические технологий на основе активизаций, интенсификаций и эффективного управления УВП. М: НИИ школьных технологий, 2005.-288 стр.
5. Әбдікәрімова Т., Рахметова С, Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі. -А., 1999.
6. Балақаев М. Қазақ тілі грамматикасы мен емлесін оқыту туралы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы. А.: Мектеп, 1987.-206 бет.
Бағдарлама материалының мазмұнынан шыға отырып, мектептің материалдық базасынан жөне берілген оку жағдайында ұйымдастыруға болатын оқушының оқу материалы мен іс-әрекетінің сипаттамасынан сабақтың мақсаты анықталады. Сабақ дайындығынының бұл бөлігінде мұғалім сабаққа болжау жасайды, оны оймен жүргізуі, өзінің іс-әрекеттерінің біршама сценарийін жөне оқушылардың бірлескен іс-әрекетін қүрады. Өзінің қызметіндегі бағытының негізгі мазмұнын және оқушылардың сабақтағы қызметін анықтағаннан кейін, мұғалім оқушылар меңгеруге тиіс қажетті және жеткілікті материал дайын-дайды. Белгіленген түсініктермен жүмыс істегенде оқушылардың бел-сенділігін оятуға қажетті өте көлемді және кәрнекті материалды таң-дайды, сұрақтарды талдап қорыту, қолданатын есептер түрінде бағыт-ты белгілейді, алдағы жұмыстың деңгейінен шыға отырып, сабақтың
құрылымын күні бұрын анықтайды. Оқушьглардың және өзінің мүмкін-діктерін бағалайды және сабакта өзгеретін жағдайларға байланысты сабактың мазмұнына қосымша ақпараттар енгізеді, сабақтардағы езгерістерге байланысты езін психологиялық жағынан дайындайды. Сабаққадайыңцалу кезінде мұғалімінің педагогикалықзейіні күшейеді. Мұғалімнің сабаққа дайындығы, сонымен қатар оқу материалын дұрыс таддап, оны оқудың кезендеріне сәйкес құрылымдау ғана емес, қажетті сұрақтар да, жауаптар, осы материалмен жұмыс кезіндегі окушының өзінің ой-пікірі — оның қабылдауы, ұғынуы жене т.б. мұндай талдау қалай дұрыс өткізілсе, сабақ өткізу үрдісінде мүлде күтпеген жағдай-ларға кезігуі аз болады.
Мұндай тыңғылықты талдаудан кейін сабақты ойластыруда мұғалім конспект-жоспардың жазуын жүзеге асырады. Мұндай жағдайда сабақтың конспектісі, әсіресе, алғашқы мұғалім үшін анық, толық жазылады. Мұндай конспект оның жұмысында бір ғана сыныпта емес, бір параллельдегі барлық сыныпта тірек қызметін атқаруы мүмкін.
Сабақ жоспары — шығармашылық ізденістің бастамасы, нәтижелі сабактың құралы, мұғалімнің түпкі ойын жүзеге асыруы, талантты импровизация және шабытының негізі. Мұнда сабақтың тақырыбы керінеді және жүргізілетін сынып, оның дидактикалық міндеттердің анықтауымен, сабақтың мақсаты, сабақта оқылатын материалдың қысқа мазмұны, оқушылардың оқу-танымдық қызметінінің ұйымдастыру түрлері анықталды, әдістері, оқу құралдары, есептер мен тапсырмалардың жүйесі, оны орындау меңгерілген бар білімдерінің маңыздылығымен және қызметінің түрлерімен жүзеге асырылады, жаңа ғылыми ұғымдарды және қызмет түрлерін ұйымдастыру және оқушылардың оқу қызметіне бақылау жасау және түзету, олардың білімсіздіктен білімділікке өту қозғалысы, білместіктен білуге, осы жолда қажетті жене керекті танымдық және практикалық міндеттерді орындау. Сабақ жоспарында оның құрылымы нақтыланады, әр түрлі жүмыс түрлеріне уақыт мөлшері белгіленеді, оқушылардың табысты оқуын тексеру тәсілдері қарастырылады, кімді сұрап, тексеру керектігі жоспарланып, олардың аты-жені нақтыланады және т.б. Сабақтың табысты болуы мұғалімінің сабаққа дұрыс дайындалуымен ғана емес, болатын сабақтың жұмысына оқушылардың өзінің дайындығына да, сабаққа деген психологиялық көңіл-күйіне де байланысты. Сабақ жүйесінде окушылардың келесі сабаққа дайындығы мыналарды кәздейді:
тақырып бойынша болатын сабақ жүйесінде олардьщ жұмыс жоспарымен оқушыларды таныстыру;
кітаптың жеке тарауларымен және тақырыптарымен оқушыларды алдын ала таныстыруға, ғылыми-танымдық және көркем әдебиетті оқуға, жаңа материалды оқьп білуге мүмкіндік беретін жеңіл де қолайлы тәжірибелерді өткізуге бағыттау.
Қазіргі уақытта оқушылар әртүрлі білім көздерінен (ата-аналар, теледидар, кітаптар және т.б.) ете көп ақпарат алады. Сондықтан мұғалімдер сабақты басқаша құруына тура келеді. Мысалы, сабақтың аяғында мұғалім келесі сабақта не оқылатынын айтады, көңіл аударуға қажет болатын қандай да бір үрдістің маңыздылығына зер салып, оқушыларға ол туралы кітаптан үйде оқу керектігін ұсынады. Мұндай жүйеге оқушылар ақырындап үйренеді. Әр сабақ мұндай ықпалда түсіндіруден де емес, сұраудан да емес, оны дұрыс жолға бағыттап беретін мүғалімнің басшылығымен, жаңа материалды өзі қарастырып көруден басталады.
№12 Мәтінді мазмұндап айту; мәтін мазмұны бойынша шығармашылық тапсырмалар орындату жұмыстарын жүргізу әдістемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |