Сауат ашу әдістемесінің лингвистикалық негізі және психофизиологиялық негізі.
Ұсынылатын әдебиеттер.
1. Әбдікәрімова Т., Рахметова С, Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі. -А., 1999.
2. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2005.
3. Рахметова С, Жаманқұлова П., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі. -А.,1998.
4. Уәйісова Ғ., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі.- А., 1999.
Тiлдi үйрету әдiстемесi психологиямен, педагогикамен және лингвистикамен тығыз байланысты. Осыған орай қазақ тiлiн оқыту әдiстемесi дидактикалық заңдылықтар мен ережелерге сүйене отырып, қазақ тiлiн оқытудың мазмұнын, құрылымын, әдістерін, ұстанымтерiн және ұйымдастыру формасын белгiлейдi.
Жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiлiм мазмұнын жетiлдiру, арттыру процесiнде жаңаша әдiс-тәсiлдердi қолдану – бүгiнгi күннiң өзектi мәселелерiнiң бiрi. Себебi, дұрыс ұйымдастырылған оқыту процесi - бiлiм мазмұнын сапалы меңгертетiн бiрден бiр жол. Мұғалiм сабақ барысында әдiстердi, техникалық құралдарды орынды қолдана бiлсе, оқушының бiлiмдi игеруi қарқынды жүредi. «Оқу материалдарын бекiтуде оны пәннiң негiзгi, жетекшi идеясына қарай қарастырған маңызды. Бекiтудi ұйымдастырғанда әр түрлi әдiстер мен құралдарды (түрлi жаттығулар, пәндiк дидактикалық ойындар, экскурсиялар, көрнекi және техникалық құралдарды) пайдаланған жөн. Сабақты бекiту барысында оқушыларда түрлi икемдiлiк пен дағды қалыптасады. Дағдыны қалыптастыруда педагогикалық дұрыс басшылық ету үшiн баланың психологиялық ерекшелiктерiн бiлу керек.
Педагог ғалымдар оқыту теориясында дидактикалық ұстанымдарды айқындау барысында әрқайсысы әр түрлi пiкiр айтады.
Сауат ашу кезінде оқушыларды сөз бен сөйлемдерді саналы, дұрыс оқуға дағдыландырумен қатар, әріп әлементерімен жекелеген әріптерді түзу жазып дағдыландыру барысында балаларға табиғат, адамдардың өмір сүруі жөнінде мағұлматтар беріп, олардың айналадағы заттар мен құбылыстар түсінігі кеңейе түседі.
Оқыту мен тәрбие, жеке тұлғаның дамуы бір –біріне ажыратуға келмейтін, тұтас бір процес болғандықтан оқытудың тәрбиелік мәнінің өзі ақыл-ой тәрбиесіне жатады.
Балалардың эстетикалық талғамын дамыту ертегі, көркем әңгіме, өлең, оқу, сурет, музыка т.б. арқылы іске асырылады.
Баланың бастаған істі аяқтап шығу, көздеген игі мақсатына жету, ұқыптылық т.б. мінез-құлық сапалары да сауат ашу кезеңінде тәрбиелене бастайды.
Баланың оқуға деген ынта-ықыласын, қызығушылығын жойып алмау мақсатында кез-келген тапсырманы берер кезде:
Біріншіден, оның бала ұғымына сәйкес, түсінікті болуын ескеру керек.
Екіншіден, берілетін тапсырмалардың тәрбиелік мәніне көбірек көңіл бөлген жөн.
Үшіншіден, қандай да болсын берілген тапсырма баланың қызығушылығын айтатындай деңгейде болуға тиіс. Егер бала бір нәрсеге қызықса, онда оның табиғатына тән білімін белгілейді айтсам деген сөйлемге деген талпынысы күшейе түсіп, сөйлеуге деген қажеттілік туады. Содан соң логикалық мағынасын бұзбай мәтін құрастырады үйретуге көшкен дұрыс
Мұғалім балаларға айтылатын дыбыстарды қағаз бетіне түсіру үшін және оларды оқу үшін бұл дыбыстардың белгілі бір графикалық таңбалары мен белгіленетіндігін айтады.
Оқуға үйретудің алғашқы кезеңдерінде оның естілетін, созып айтуға келетін және дыбысталуы мен таңбалануы бірдей дыбыстардын құралған сөздер іріктеліп алынады. Балалар сауат ашу кезінде өздері көріп тұрған не көңіл аударатын жұмыс. Мұнда дауыстылар мен дауыссыздар салыстырмалы түрде айтылады, балалар бұл дыбыстардың қалай айтылытынын әрі аңғарады, әрі өздері айтып үйренеді.
Сауат ашу кезеңінде балалар дыбыстарды айтуға дағдыланумен бірге олардың қалай таңбаланатынымен де танысады. Дыбыстардың таңбасын білу, әріптерді үйрену-сауатты болудың алғашқы баспалдағы.
№3 Практикалық сабақ. Сауат ашу кезеңдерінде оқушылар іс-әрекетін ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |