Практикалық (семинарлық) сабақтың әдістемелік нұсқауы «Білім технологиясы» кафедрасының



бет9/17
Дата26.09.2022
өлшемі284 Kb.
#40308
түріСеминар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
stud.kz-52335

Бақылау сұрақтары:
1. Жаңа сауаттана бастаған баланың сауат ашу барысындағы ерекшелігіне байланысты тапсырмалар жаса
ә) Сауат ашу кезінде балаларда қалыптасатын білік пен дағды туралы айтып бер.
б) Дайындық кезеңіндегі және әліппе кезеңіндегі сабақтардың жоcпарын жаса. (2 сабақ)
Ұсынылатын әдебиеттер.

  1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2005.

  2. Рахметова С, Жаманқұлова П., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі. -А.,1998.

  3. Уәйісова Ғ., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі.- А., 1999.

4.Селевко Г.К. Педагогические технологий на основе активизаций, интенсификаций и эффективного управления УВП. М: НИИ школьных технологий, 2005.-288 стр.
5. Әбдікәрімова Т., Рахметова С, Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі. -А., 1999.
6. Балақаев М. Қазақ тілі грамматикасы мен емлесін оқыту туралы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы. А.: Мектеп, 1987.-206 бет.
9 Жазудың дұрыстығын тексеру. Жазу гигиенасы: дұрыс отыру, дәптерді, қаламды дұрыс пайдалану ережелері, саусақтарын жазуға даярлау жаттығуларын жүргізу.
Ұсынылатын әдебиеттер.

  1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2005.

  2. Рахметова С, Жаманқұлова П., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі. -А.,1998.

  3. Уәйісова Ғ., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі.- А., 1999.

4.Селевко Г.К. Педагогические технологий на основе активизаций, интенсификаций и эффективного управления УВП. М: НИИ школьных технологий, 2005.-288 стр.
5. Әбдікәрімова Т., Рахметова С, Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі. -А., 1999.
6. Балақаев М. Қазақ тілі грамматикасы мен емлесін оқыту туралы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы. А.: Мектеп, 1987.-206 бет.

Жазудың үлкен мәні бар. Мысалы, а әрпі төменнен жоғары қарай сызылатын элементтен басталып жазылады. Осылай жазудың нәтижесінде үзіліссіз жазуға мүмкіндік туып, жазу темпі жеделдей түседі. Егерде оны жоғарыдан бастап жазатын болсақ, бірінші элементтен едәуір кідіріс жасалып, үзіліспен жасалуға мәжбүр болар едік. Сондай-ақ мұның өзі солдан оңға қарай көлбеу жазу принципіне қайшы келген болар еді. Біздің әріп элементтеріміз солдан оңға қарай иіліп жазылады. Басқаша айтқанда, барша байланыстырушы жалғас сызық иілістері солға қарай бағытталмайды, оңға қарай бағытталады. Мұның өзі біздің графикалық ерекшелігімізге сай келіп, оңға көлбеу жазу жүйесіменүйлесіп жатады. Демек, әріптердің белгілі жерден, белгілі элементтен басталып жазылуы да осы заңдылыққа негізделген.


Әріптер құрамындағы элементтердің әрқайсысына тән басталу пазицияларын мынадай топтарға бөліп қарастыруға болады:

  1. Солдан оңға бағытталған элементтер;

  2. Оңнан солға қарай бағытталған элементер;

  3. Жоғарыдан төмен солға көлбеу бағытталған элементтер;

  4. Төменнен солға көлбеу бағытталған элементтер.

Бұл фактілер жоғарыда берілген әріп элементтері таблицасында нұсқау стрелкалары арқылы көрсетіген.
Қазақ алфавитіндегі әріптердің басым көпшілігі жоғарыдан төмен қарай бағытталып жазылады. Кейбір бас әріптер мен кіші әріптер ғана А, Л, М, Я төменнен басталып жазылады.
А, Л, М, Я
Екінші класта жүргізілетін графикалық жаттығулар оқушылардың каллиграфикалық дағдыларын одан әрі жетілдіруге бағытталады. Бұл кездегі көркем жазудың алға қоятын мақсаты-балаларды таза, сұлу және түсінікті жазуға үйрету. Ол үшін мынандай талаптар жүзеге асырылуы тиіс.

  1. Әріптер мен әріп элементтерін бұзбай, дұрыс жазу.

  2. Әріптер мен әріп элементтерінің биіктігі, көлемі, ара қашықтығы және көлбеулігі бірдей, біркелкі болу керек.

  3. Әріптерді (әріп элементтерін) өзара дұрыс байланыстыра білуді жетілдіру.

  4. Жазу тазалығын сақтау, артық сызықтар жасамау.

Екінші кластан бастап әріптерді элементке бөліп жазу аяқталып, оқушылар тұтас әріппен жазуға көшіріледі. Оқушылардың жазуға дағдыларын жете бақылай отырып, мұғалім оларды бір сызық бойымен біршама ұсақтап ( кіші әріптердің биіктігі 3-4 мм, үлкен әріптердің биіктігі 7мм ) және жолдан ауытқымай, түзу жазуға үйретеді. Сондай-ақ бұл кезеңде үзіліссіз жазу мен біркелкі ритммен жеделдете жазу дағдыларын қалыптастыруға жете көңіл аударылады.
Жазу жылдамдығы ( тез жазу )жазу жұмысының сапалы көрсеткіші болып табылады. Ол, шын мәнінде, жазуға үйретудің негізгі бір түрлі мақсаты екенін ұмытуға болмайды. Тәжірибеде тез оқудың маңызы қандай болса, тез жазудың мәні де сондай.
Жазу жылдамдығы әріп көлемінің ірі-ұсақтығына ғана емес, сонымен қатар оқушылардың жалпы жазу дағдысына, үзіліссіз жазуға және әріптерді өзара жедел байланыстыра білу іскерлігіне тікелей байланысты.
Таза жазудың негізгі бір мүмкіндігі-үзіліссіз жазу. Көптеген әріптер бірнеше элементтен тұрғанымен, олар қол үзбей, бірден жазуды керек етеді. Үзіліс элемент санына байланысты емес. Әріпте қанша элемент болса, жазуда сонша үзіліс жасау керек болады деп
( с...і)
Түсінуге болмайды. Мысалы а әрпі екі элементтен а тұрады, бірақ ол бір тактымен үзілмей а болып жазылады. Жазу қарқыны арта бастаған кезде мұндай екі элементті әріптерді үзбей, тұтастыра жазуға баса көңіл аударылады.
Қазақ алфавитіндегі әріптерді жазуда үзіліс жасау-жасамауына қарай төмендегідей топтпрға бөліп қарауға болады.
Кіші әріптер

  1. Үзіліссіз жазылатын бір элементті кіші әріптер:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет