Практикалық сұрақтар



бет6/8
Дата17.09.2022
өлшемі1,3 Mb.
#39321
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
әдеби үрдіс.docx 6-10

Практикалық сұрақтар.
6.Деталь - көркем шығармада белгілі бір мағыналық, идеялық-эмоциялық жүк көтеріп тұрған көркемдегіш құрал. Ол бірер сопы сөз, сурет-деректеме арқылы берілуі мүмкін. Детальда аз ғана сөз суретке айналып, оқырманды әсерлі сезімге белейді, шындықтық ой-қырын ашады, яғни шындыққа жанасымды келеді. Мысалы, эпопеяда келіні Қамқа қайтыс болған күйеуінің түсіне кіргенін айтып толқығанды, атасы Қодар: «Түс шіркін жұбаныш па, тәңір-ай» деп қысқа қайырады. Бірақ бұл жай ғана айтылған сөз емес, қыр елінің қатыгез тұрмысынан хабар бөретін деталь Мұның соңы Қамқа мен Қодардың ажалымен бітеді («Қайтқанда»).
Сөз өнеріндегі сұлу нәрсе- қайталанбайтын нәрсе. Суреттіліктің сұлулығы да суреттің сонылығында, жаңалығында жатар болар. Мұндай сұлулыққа деталь арқылы жету керек. Әдебиеттегі деталь- жазушының сирек ұшырасатын сәтті табысы. Мұнда азғана сөз айқын суретке айналады да, ұшан-теңіз шындықты танытады, көл-көсір мағынаға ие болады. Шынын айтқанда көркем шығарма атаулының бәрі детальдан құралады. Детальсыз жалпы әдеби туынды болуы мүмкін емес.
Тиын әңгімесі.ДЕТАЛЬ- Бала дарияның арғы бетіндегі түп нағашыларына барғанда қыдырып барған сайын қайыққа мінетін. Өткізушілік міндеті үшін арбайған саусақтары ескектерді баппен есетін қаба сақалды, қарағай бойлы қара шалға тиын төлейтін. Кішкене ұл шынашақ саусағын тістелеп ойланып қалды. Түнеугүні апасы сағыз үшін берген тиынды сақтап қойған жерді жедел еске түсірді. Түрулі киіз үйдің сүйегіне тақау төселген, қызыл ала қошқар мүйізі бедерленген текеметтің шетін көтеріп, тапталған дымқыл топырақ бетінде жатқан бақырды саусағымен іліп алып, атасына көрсетті.
– Міне. Мұны қайықшыға төлей аламыз.
Шал мүлдем абдырды. Періштеге жалған сөйлеп, күнәға белшемнен баттым-ау деп қамықты.
Бұл тиын жетпейді, – деді, – Қайықшының сұрайтыны көп тиын. Көп тиын бізде жоқ…
Кішкене ұл күрсініп алды.
– Көкем кетерінде қалтасына тиын салып кетіп пе еді?
Шал басын изеді де, бетін іргеге бұрып әкетті. Көзіндегі жасты көрмесін деп тер сіңген ала тақиясымен бетін жасырды…


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет