Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7



Pdf көрінісі
бет110/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   187
105-бап. Қамқоршылық 
1.  Қамқоршылық  он  төрттен  он  сегіз  жасқа  дейінгі  кəмелетке 
толмағандарға,  сондай-ақ  спиртті  ішімдіктерге  немесе  есірткі 
заттарға  салынуы  салдарынан  сот  əрекет  қабілеттілігі  шектеулі 
деп таныған адамдарға белгіленеді. 
2.  Денсаулығының  жай-күйіне  байланысты  өзінің  құқықтарын 
өз  бетінше  жүзеге  асыра  алмайтын  жəне  міндеттерді  орындай 
алмайтын  кəмелетке  толған  əрекет  қабілеттілігі  адамдардың 
арызы бойынша оларға қамқоршылық белгіленуі мүмкін. 
 
106-бап. Қорғаншы жəне қамқоршы органдар 
1.  Аудандық  (қалалық)  атқарушы  органдар  қорғаншы  жəне 
қамқоршы органдар болып табылады.  
2.  Аудандық  жəне  қалалық  атқарушы  органдар  өздерінің 
қорғаншылық  жəне  қамқоршылық  жөніндегі  міндеттерін  халыққа 
білім  беруге,  оны  əлеуметтік  қорғауға  жəне  оның  денсаулығын 
сақтауға  уəкілеттік  берілген  органдары  арқылы  жүзеге  асырады, 
ал  поселкелік,  селолық,  ауылдық  атқарушы  органдар  бұл 
қызметтерді дербес жүзеге асырады.  


3.  Қорғаншы  жəне  қамқоршы  органдар  баланың  жəне  оны 
тəрбиелеуге 
үміткер 
адамның 
(адамдардың) 
тұрмыс 
жағдайларына зерттеу жүргізуге жəне зерттеу актісін сотқа табыс 
етуге міндетті.  
4.  Қорғаншы  жəне  қамқоршы  органдар  өздерінің  міндеттерін 
осы  органдар  туралы  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі 
бекітетін ереже негізінде жүзеге асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет