Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»



бет31/99
Дата08.12.2022
өлшемі7,51 Mb.
#55788
түріПрактикум
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   99

3.2. ФЛЕШ-ЖАДЫ


Флэш-жинақтауыш – флэш-жады тасымалдағыш ретінде қолданылатын жəне USB интерфейсі (ағл. Universal Serial Bus – əмбебап тізбекті құрылғы) бойынша компьютерге жалғанатын жадтайтын құрылғы.
Флэш-жинақтауыштар USB-флэш-жады (USB- жады, USB- брелоктар) жəне флэш-карталарға бөлінеді.
USB-жады пішіні бойынша USB-ағытпасы бар брелокты ұқсатады, ол флэш-картаға қарағанда ыңғайлы.
Флэш-жинақтауыштар қазіргі таңда ең кең таралған тасымалдағыштар болып табылады.

Флэш-жинақтауыштарды пайдалану шарттары


Флэш-жинақтауышты қатты құтыларда сақтаған жөн. Флэш- жинақтауышты USB портына қосқан кезде шамадан тыс күш салу қажет емес, ал жұмыс істеп отырғанда құрылғыны тиіспеуге тырысыңыз: ағытпаны суындырып алу, ал кейде тұйықталуды алу қатері бар. Операциялық жүйеде əрқашан «құрылғыны қауіпсіз суырып алу» жəне вирустарға режимдік тексеру қызметін пайдалану қажет. Жинақтауыштармен белсенді жұмыс істеп отырғанда
электр қуатының іркілісін тудырмаңдар (компьютерді үздіксіз қоректену көзіне жалғаған ең дұрыс). Флэш-жинақтауыштың ағымдағы операциялары аяқталмайынша, қуат көзінен ажыратпайды. Флэшкаларды статикалық кернеуден қорғау қажет. Жады карталарын мұқият қолдану қажет, ашық түйіспелерін ұстауға болмайды. USB 2.0 сипаттізімі бойынша тек қана 5 В жəне 0,5 А кернеу рұқсат етіледі, ал USB 3.0 –те шек 5 В жəне 0,9 А–ге дейін артты. Бұл максималды қуат не бары 4,5 Вт құрайтындықты білдіреді. Температура 0-тен + 70 °C дейін жағдайда пайдалануға болады. Барлық модельдерді ылғалдылық конденсациясы болмаған жағдайда салыстырмалы ылғалдығы 0-дан 100%-ға дейін диапазонда пайдалануға болады. Оларды -40-тан +85 °C-қа дейін температурада сақтау жəне тасымалдау қажет. Флэш- жинақтауышты 85 °C жоғары қыздыруға тыйым салынады. Жоғары температура пластмасс бөлшектердің ақаулығына немесе балқуына əкеледі, сондай-ақ микросхема элементтерінің жұмыс қатарынан шығуына əкеледі.

Флэш-жинақтауыштармен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар


Барлық қосылған USB- құрылғылар туралы ақпаратты алуға арналған утилиттар: ChipGenius, CheckUDisk, UsbIDCheck (USB Bench – Faraday USB Test Utility). Флэш-жадының жұмыс жасау қабілеттігін тексеру жəне қызмет көрсету бағдарламасы: FlashNull. Қайта қалпына келтіру бойынша көптеген утилиттар жадының толық форматтауын жасайды, яғни барлық ақпарат жоғалатынына назар аудару қажет.
Флэшкаларды қалпына келтіру бойынша бағдарламалар: MP TOOL 1.65, Flash Disk Utility v1.20, iCreate_iFormat (iCreate i5122, i5128, i5129 контроллерлер үшін), MPTool (MXTronics MXT6208A контроллерлер үшін), UmpTool (Chipsbank CBM2090 контроллерлер үшін), USB Disk Storage (HP USB Disk Storage Format Tool); Dr. UFD (PQI Dr.UniFlashDisk) – флэшкаларды төмен деңгейлі форматтау үшін (PQI, EzRecover, FORMAT, JetFlash RecoveryTool, HP USB Disk Storage Format Tool Freeware контроллерлер үшін).
LLFsetup – бұл утилита деректерді жоғалтусыз флэшканың файлдық жүйесін конверсиялауға мүмкіндік береді.
Іркіліс, дискіні форматтау салдарынан немесе вирустық вирустық шабуылдың əсеріне жойылған файлдарды қалпына келтіру бойынша бағдарламалар: Active UNDELETE, GetDataBack R-Studio, UFS Explorer Professional Recovery, Data Recovery.
Flashboot – бұл утилита USB Flash Drive жүктеу дискін жасау үшін арналған. Бағдарлама жүктеу дискін жасаудың тоғыз ықтимал нұсқасын ұсынатын, қолайлы қадамдық Мастер түрінде орындалды: PE Builder негізіндегі диск немесе бар жүктеуші CD- дискінің көшірмесі; создание диска при помощи floppy-диск көмегімен немесе диск бейнесі негізінде дискіні жасау; парольді қалпына келтіру апаттық дискіні жасау (Windows 2000/XP жəне Linux үшін) жəне т.б. UNetBootting, PeToUsb, Rufus и WiNToBootic ұқсас бағдарламалар.
Оқу (жазу) жылдамдығын тестілеу арнайы Check Flash утилита көмегімен жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет