Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»


Та қ ы р ы п : ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ ҚАТҚЫЛ ДИСКІН ҚОСУ, ТЕСТІЛЕУ ЖƏНЕ ОНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН ЖАЗУ



бет30/99
Дата08.12.2022
өлшемі7,51 Mb.
#55788
түріПрактикум
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   99
Байланысты:
прак тЧащина Дербес компьтерлердің, серверлердің, перифериялық құрылғылардың, жабдықтар

Та қ ы р ы п : ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ ҚАТҚЫЛ ДИСКІН ҚОСУ, ТЕСТІЛЕУ ЖƏНЕ ОНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН ЖАЗУ


Жабдық жəне бағдарламалық жасақтама. Интернет қосылған компьютер, стенд компьютері, шлейф жиынтығы, стендтік қатқыл диск, фотоаппарат (камера) жəне PC Wizard, CrystalDiskInfo, Hd Tune Pro бағдарламалары.
Тапсырмалар
Қатқыл дисктің өзінде, сол сияқты аналық тақшадағы қосу интерфейсін анықтаңдар. Келісімді шлейф немесе деректер кабелін таңдаңдар. HDD-ді тиісті бөлікке қосындар. Компьютерді қосып, UEFI (BIOS) өтіндер. Қатқыл дискінің бар болуын жəне қандай жүктеу типі орнатылғанын тексеріңдер. Қатқыл дискті PC Wizard бағдарламамен тестілендер жəне деректерді жазып алындар: HDD типі, дайындаушы, модель, бос кеңістік, топтаманың нөмірі, файлдық жүйе, логикалық ерекшеліктері, физикалық сипаттамалары. CrystalDiskInfo бағдарламасымен тестілеңдер. Деректерді жазып алыңдар: HDD моделі жəне оның көлемі, тігу нұсқасы, топтаманың нөмірі, интерфейс, тарату режимі, томның əріпі, стандарт, мүмкіндіктері, деректер буфері, NV-кэш көлемі, айналу жылдамдығы, қосулардың саны, жұмыстың жалпы уақыты, температура, техникалық жағдайы.
Интернет ресурстарын қолданып, түсініксіз деректердің мағынасын ашыңдар. Өнімділік пен температура графигін құрыңдар (сервисграфик) . HDD/SSD арналған Hd Tune Pro I утилита бағдарламасымен HDD тестілеңдер.
Астарлы беттерді, əсіресе Қателерді іздестіру астарлы беттерді пысықтаңдар. Windows құралдарын тестілеңдер. Менің компьютерім терезесін ашыңдар, тексеруді қалайтын келетін диск немесе бөлім бойынша тінтуірдің оң жақ бөлігіндегі пернені шертіп, мəнмəтіндік мəзірден Қасиеттер тармағын таңдаңдар. Дискінің қасиеттер терезесінде Сервис астарлы бетіне өтіп, Тексеруді орындау батырмасын басыңдар. Тестіленетін дискіде бөлімдердің саны мен файлдық жүйе типтерін анықтаңдар. Тінтуірдің оң жақ пернесімен Менің компьютерім терезесін шертіп, мəнмəтіндік мəзірде басқаруды таңдаңдар. Жадтайтын құрылғы–Дискілерді басқаруды таңдаңдар.
Дискілерді басқару жөніндегі мүмкіндіктерді жазып алындар. Стендтік қатқыл дискіні бөлшектердер жəне құрастырындар. Қатқыл дискіні бөлшектеу жəне құрастырудың кезеңдерін жазып алындар (суретке түсіріп немесе камераға). Алынған деректерді тиісті папкаға сақтандар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет