Егер өндіруші 64 Гбайт (1 000 Кбайт = 1 024 Кбайт, өндіруші есептейді) көрсетсе, компьютердің операциялық жүйесі флэшка үшін қандай өлшем көрсетеді, анықтаңдар.
Сыйымдылығы 2 Тбайт HDD-ден ақпаратты сақтау үшін сыйымдылығы 128 Гбайт қанша флэш-жинақтауыш қажет болады, есептеп шығарыңдар.
Тəжірибелік тапсырмалар
Интернет-ресурстарын қолданып,«Флэш-жинақтауыштардың құрылғылары» немесе «Флэш-жадының типі» тақырыбына таныстырылым жасаңдар.
Флэш-жинақтауыштармен жұмыс істеуге бұрын ұсынылған бағдарламаны таңдаңдар жəне Интернет-ресурсты қолданып, бағдарламаны сипаттаңдар. Бағдарлама туралы ақпаратты мəтіндік құжатта сақтандар: бағдарламаның атауы, нұсқасы, шығарылған немесе жаңартылған жылы, платформа (ОЖ), лицензия, орнату түрі (портативтік, толық, таңдаулы жəне т.б.), көлем, автор немесе өндірушінің сайты, бағдарламаның мүмкіндіктері.
Аудиториядан тыс өзіндік жұмысы
Флэш-жинақтауышты қалай дұрыс пайдаланады, түсіндіріңдер.
Флэш-накопительді тестілеуге арналған арнайы бағдарламалардың тізімін жасаңдар.
http://hi-news.ruсайты туралы хабарлама жасаңдар.
Флэш-жинақтауыштың жұмыс қабілеттігін қалпына келтіру бойынша бағдарламаны пайдалану жөніндегі нұсқаулықты жасаңдар.
Өндірушілер флэш-жинақтаушыларды қандай технология- лармен жабдықтайды, анықтаңдар.
Флэш-жинақтауышты таңдаған кезде қандай сипаттамаларға назар аудару қажет, түсіндіріңдер.
Флэш-жинақтауыштар мен SSD-дің сипаттамаларын салыстырындар жəне талдаңдар.
Картридерлердің қандай модификацияларын пайдалануға жақсы, анықтаңдар.
Қазіргі заман флэш-жинақтауыштарда қандай файлдық жүйелер қолданылады, анықтаңдар.
10.Флэш-жинақтауыштан қандай тəсілмен екі логикалық диск жасауға болады, түсіндіріңдер.
11.Жүктейтін флэш-жинақтауышты қолданғанда қандай кемшіліктер туындайды, анықтаңдар.
12.Неге ОЖ флэш-жинақтауышты басқа ағытпаға қосуды ұсынады, түсіндіріңдер.
13.Неге ОЖ жұмысқа қабілетті флэш-жинақтауышты айқындай алмайды, түсіндіріңдер.
9 - тəжірибелік жұмыс Т а қ ы р ы п : ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ