Практикум жоғары оқу орындарының атомдық және ядролық физика пәнінің типтік бағдарламасының типтік бағдарламасына сәйкес 9 бөлімнен тұрады



бет41/54
Дата06.12.2022
өлшемі2,08 Mb.
#55167
түріПрактикум
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54
Байланысты:
treatise136775

ә
1.13 сурет
Шешімі: Магнит өрісінде жіктелген терм­дер арасындағы мүмкін болатын ауысу­ларды салайық (2.13-ә сурет). Жоғарғы дең­гейшелер төменгіге қарағанда тығызырақ ор­на­ласады, өйткені бұлардың Ланде көбейткіштері тиі­сінше, 3/2 және 2-ге тең. Сондықтан ΔmJ = 0, ± 1 сұрыптау ережелеріне сәйкес барлық кескін­делген ауысулар әр түрлі болады да, 1-бағытта тоғыз құраушы бақыланады. Ал 2-бағытта магнит өрісіне перпендикуляр емес, оның бойы­мен шығарылатын сәуле бақыланады. Сондықтан π-құраушылар жоғалып, тек σ-құраушылар қалады, бұлар алты.
Магниттік резонанс
10. Индукциясы B = 0,2 Тл тұрақты магнит өрісі және бұған пер­пендикуляр жиілігі ν = 3,50ГГц айнымалы магнит өрісі бір мез­гілде 3F-күйдегі никель атомдарына әсер еткенде бұлардың энер­гияны резонанстық жұтуы байқалады. Осы атомдардың маг­ниттік моментін анықтаңыз.
Шешімі: Магниттік резонанс шартына сәйкес


.


Осыдан Ланде көбейткішін табамыз: g = 1,25. g үшін формула көмегімен және есептің шартында берілген деректерге (L=3, S=1) сүйеніп, J кванттық санды анықтаймыз: J2+J-20=0, осыдан J = 4 болады. Ал.


1.4.3. Өз бетімен шығару үшін есептер
Атомның магниттік моменті

  1. Ланде факторын: а) S, P, D күйлеріндегі бір валентті атом үшін; ә) 3P-күйдегі атом үшін; б) S-күйлердегі атом үшін; в) синг­лет күйлердегі атом үшін есептеңіз.

2. а), , ; ә), L=2, болатын термнің спектрлік белгіленулерін жазыңыз.
3. Негізгі күйде тұрған сутегі атомының магниттік моментін есептеңіз.
4. а)1F; ә) 2D3/2 күйде тұрған атомның µ магниттік моментін және µZ проекцияның мүмкін мәндерін табыңыз.
5. 4P күйдегі атомның магниттік моментінің мүмкін болатын мәндерін анықтаңыз.
6. 5F және 7H күйлеріндегі атомның магниттік моменттері нөлге тең болатындығы белгілі. Осы күйлердегі атомдардың меха­никалық моментін табыңыз.
7. Атомдардың жіңішке шоғы (Штерн және Герлах әдісі) аса біртекті емес магнит өрісі арқылы өткізіледі. Сонда: а) егер 5F, 6S және 5D күйлеріндегі атомдар шоғы тиісінше 4, 6 және 9 құрау­шыға жіктелетін болса, онда осы күйлердегі атомдардың магниттік моменттері проекцияларының max мәндерін; ә) 2D2 және 5F1 күй­лерінде тұрған атомдар шоғы қанша құраушыға жіктелетінін анықтаңыз.
8. Толмаған қабықта а) бес p-электроны; ә) үш d-электроны бар атомның негізгі күйінің магниттік моментін Хунд ережелеріне сүйе­ніп есептеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет