Магнит өрісінің атомға әсері. Зееман эффекті 9. Атом индукциясы B = 0,3 Тл магнит өрісінде тұр. а) 1D термінің толық жіктелуін эВ-та; ә) синглет термнің толық жіктелу ені 104 мкэВ болған осы термнің спектрлік белгіленуін анықтаңыз.
10. Толқын ұзындығы λ = 612 нм спектрлік сызық атомның екі синглет термдері арасындағы кванттық ауысу нәтижесінде шығарылады. Осы сызықтың индукциясы B = 1Тл магнит өрісінде жіктелген шеткі құраушыларының Δλ аралықты анықтаңыз.
11. Қарапайым Зееман эффекті байқалатын толқын ұзындығы λ = 525,0 нм спектрлік сызықтың шеткі құраушыларының арасындағы аралығы Δλ = 22 нм. Осы сызыққа сәйкес термдердің зеемандық жіктелген көрші деңгейлердің арасындағы аралықты эВ-та табыңыз.
12. Күрделі Зееман эффекті жағдайында, егер термнің магниттік жіктелуі табиғи мультиплеттік жіктелуден едәуір кіші болса, онда магнит өрісі әлсіз деп саналады. Егер натрийдың резонанстық сызығы дублетінің толқын ұзындықтары 589,593 және 588,996 нм болса, онда магнит өрісінің индукция мәні қандай болғанда натрий атомының 32P1/2 және 32P3/2 термдерінің көрші құраушыларының аралығы 32P-күйдің табиғи жіктелуінің η =10 %-ын құрайтын болады?
13. Әлсіз магнит өрісінде а) 1P→1S,2D5/2→2P3/2,3D1→3P0, 5I5→5H4 спектрлік сызықтарында; ә) H, He, Li, Be, B және C атомдарының сызықтарында Зееманның қандай эффекті (қарапайым, күрделі) байқалады?
14. а) 2D3/2→2P3/2; ә) 2D5/2→2P3/2 спектрлік сызығының әлсіз магнит өрісінде мүмкін болатын кванттық ауысулар сызбасын салыңыз және осы сызықтың зеемандық құраушыларының ығысу шамаларын (бірлігінде) есептеңіз.
15. Әлсіз магнит өрісінде: а) 3D3→3P2; ә) 3D2→3P2 спектрлік сызығының зеемандық π құраушыларының ығысуларын ( бірлігінде) есептеңіз.