1.5.5. Өз бетімен шығару үшін есептер Молекуланың айналысы 1. 127І35Cl молекуланың айналыс тұрақтысы B = 2,27 10-24 Дж. Осы молекуладағы ядроаралық қашықтығын есептеңіз.
2. HF молекуласы толқындық саны см1 сәулені жұтады. Осы молекулада қозғалыстың қандай түрлері қоздырылады?
3. 35Cl 16O молекуласындағы ядроаралық қашықтық r = =1,54610-10 м-ге тең. Осы заттың айналыс жұтылу спектріндегі бірінші сызықтың толқындық санын есептеңіз.
4. P2, HF, CO, Cl2 молекулаларының қайсысы үшін J = 1 деңгейінде айналыс энергиясы ең үлкен болады?
5. H2, HD, D2, HI молекулаларындағы ядроаралық қашықтық бірдей. Осы молекулаларды бұлардың инерция моменттерінің өсу реті бойынша орналастырыңыз.
6. HBr молекуласының айналыс жұтылу спектріндегі бірінші сызықтың толқындық саны 16,94 см-1-ге тең. Үшінші деңгейден төртінші айналыс кванттық деңгейге ауысуға себепші болатын жұтылу сызығының толқын ұзындығын анықтаңыз.
Айналыс спектрлері 7. 12С16О молекуласының спектрдің ұзын толқынды ИҚ аймағында орналасқан айналыс жұтылу спектріндегі бірінші бес сызықтың орнын (см-1, мм және МГц) үш мәнді цифрға дейінгі дәлдікпен есептеңіз. Молекуладағы ядроаралық қашықтық – r0 = 0,113 нм. Айналыс деңгейлерінің сызбасын, бұлардың арасындағы мүмкін болатын ауысуларды және спектрді салыңыз.
8. D35Cl молекуласының ұзын толқынды ИҚ аймақтағы айналыс жұтылу спектріндегі бірініші үш сызықтың орнын (см-1, мм және МГц) үш мәнді цифрға дейінгі дәлдікпен есептеңіз. Ядроаралық қашықтық – r0 = 0,127 нм. Айналыс деңгейлерінің сызбасын, бұлардың арасындағы мүмкін болатын ауысуларды және спектрді салыңыз.
9. Молекулалық тұрақтылар кестесін пайдаланып, HBr молекуласының бірінші бес айналыс күйлерінің жүйесін салыңыз. J үшін сұрыптау ережесіне сүйеніп, ИҚ айналыс спектрін (см-1) есептеңіз және сызбасын салыңыз.
10. Молекулалық тұрақтылар кестесін пайдаланып, NO молекуласының бірінші бес айналыс күйлерінің жүйесін құрыңыз. J үшін сұрыптау ережесіне сүйеніп, ИҚ айналыс спектрін есептеңіз және сызбасын салыңыз.
11. H35Cl молекуласының ұзын толқынды ИҚ аймақтағы айналыс жұтылу спектрінің бірінші үш сызығының толқындық сандары: 20,88 см-1, 41,74 см-1және 62,58 см-1. Үш мәнді цифрға дейінгі дәлдікпен В0айналыс тұрақтысын (см-1), І0инерция моментін (гсм210-40) және r0ядроаралық қашықтықты (нм) анықтаңыз.
12. 12С16О молекуласының айналыс спектрінің бірінші үш сызығының толқындық сандары: 3,85 см-1, 7,69 см-1және 11,53 см-1. Үш мәнді цифрға дейінгі дәлдікпен В0айналыс тұрақтысын (см-1), І0инерция моментін (кгм2) және r0ядроаралық қашықтықты (нм) анықтаңыз.