Екі атомды молекулалардың тербеліс спектрлері
25.және шамаларының кестелік мәндерін пайдаланып, F2 және І2 молекулаларының 0,1,2,3 тербеліс күйлерінің энергияларын анықтаңыз.
26. HBr молекуласының ИҚ жұтылу спектрінде центрлері 2558,53 және 5026,60 см-1 болатын 1-0 және 2-0 тербеліс-айналыс жұтылу жолақтары байқалады. және -ні анықтаңыз.
27. H35Cl молекуласының ИҚ жұтылу спектрінде тербеліс-айналыс жұтылу жолақтарының тізбекті қатары байқалады, бұлардың интенсивтілігі жолақтардың толқындық сандарының өсуіне қарай шұғыл төмендейді. Жолақтардың центрлері: 2885,98; 5667,98; 8346,78; 109222,80 және 13396,22 см-1. Тербеліс жолақтарын тиісті ’-’’тербеліс ауысуларымен сәйкестендіріңіз және тербеліс жиілігін, ангармоникалық тұрақтысын, H35Cl молекуласының к күш тұрақтысын анықтаңыз.
28. HF молекуласының жұтылу спектрінде жақын ИҚ аймағында тербеліс-айналыс жұтылу жолақтарының қатары байқалады, бұлардың интенсивтілігі жолақтардың толқындық сандарының өсуіне қарай шұғыл төмендейді, яғни негізгі тербеліс жолағы және оның обертондары байқалады. Жолақтарды тиісті ’-’’тербеліс ауысуларымен сәйкестендіріңіз және тербеліс жиілігін, ангармоникалық тұрақтысын, HF молекуласының К күш тұрақтысын анықтаңыз.
Екі атомды молекулалардың тербеліс-айналыс спектрлері
29. СО молекуласының ИҚ тербеліс-айналыс спектріндегі
1-0 жолағының нөлінші аралық маңайында орналасқан айналыс құрылымының он сызығының орташа арақашықтығы 3,83 см-1 құрайды.
Бір тербеліс күйден басқасына ауысқанда ядроаралық қашықтықтың өзгеруін ескермей үш мәнді цифрға дейінгі дәлдікпен В айналыс тұрақтысын, І инерция моментін және r ядролық қашықтықты анықтаңыз.
30. Н2 молекуласы үшін айналыс тұрақтысының мына мәндері анықталған (см-1):
B0 = 59,339; B1 = 56,364; B2 = 53,475; B3 = 50,628см-1.
Ве айналыс тұрақтысын және αe тербеліс-айналыс әсерлесу тұрақтысын анықтаңыз.
31. Молекулалық тұрақтыларды пайдаланып, NO молекуласының ИҚ тербеліс-айналыс жұтылу спектріндегі 1-0 ауысуы (жолағы) үшін P және R тармақтарының бірінші үш айналыс сызықтарының орындарын есептеңіз.
32. HBr молекуласының тербеліс-айналыс инфрақызыл жұтылу спектрінде айналыс құрылымының мына сызықтары алынған (см-1):
2687,2
|
2620,8
|
2524,9
|
2432,6
|
74,9
|
06,0
|
07,3
|
12,9
|
62,2
|
2590,7
|
2489,2
|
2392,8
|
48,9
|
75,0
|
70,8
|
|
35,1
|
42,0
|
51,9
|
|
Жолақтың ν0 басталған жерін анықтаңыз, сызықтарды тармақтарға жатқызыңыз және J кванттық сандарын анықтаңыз. Алынған ν0 мәнін кестедегі мәнімен салыстырып, жолақты негізгі тонға немесе обертонға жатқызыңыз. Bυ, Ве, αe айналыс тұрақтыларын анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |