Сілтілік металдаратомдарының спектрлері 21. Сілтілік металдар: а) Li; б) Na; в) K; г) Rb; д) Cs атомдарының негізгі күйлерінің спектроскопиялық белгіленулерін келтіріңіз.
22. Сілтілік металдар атомдарының энергия деңгейлері үшін өрнектерді келтіріңіз. Атом энергиясы қандай кванттық сандардан және неліктен тәуелді болады?
23. Сутегі және сілтілік металдар атомдарының энергия деңгейлерінің сызбаларын үстірт салыстырғанда сутегі деңгейлері едәуір терең орналасатындай әсер қалдыруы мүмкін. Бірақ бірдей күйлер деңгейлерінің орналасуын салыстыру бұлай еместігін көрсетеді. Мысалы, сутегі атомының 3S-күйінің энергиясы –эВ, ал литий атомынікі – эВ, натрийдікі – эВ . Келтірілген деректерге түсінік беріңіз.
24. Сілтілік металдар: а) Li; ә) Na атомдарының негізгі серияларының сәуле шығарылуына алып келетін кванттық ауысуларды көрсетіңіз.
25. Қандай серияның сызықтары сілтілік металл атомдарының сәуле шығаруында ғана емес, жұтуында да байқалады?
26. Натрий атомының иондану энергиясы – Eион=5,12 эВ. Осы атом үшін ΔS кванттық ақауды табыңыз.
27. Литий атомының резонанстық потенциалы – Vрез=1,84 эВ. Литий буы жарық шығара бастауы үшін оны қандай температураға дейін қыздыру қажеттігін бағалаңыз.
28. Калий атомының иондану энергиясы – Еион=4,4эВ, ал ең кіші қоздыру энергиясы – Еқоз=1,6эВ. Осы деректер бойынша калий үшін ΔS және ΔP кванттық ақауларын табыңыз.
29. Натрий атомының бас сериясының қысқа толқынды шекарасына λ=243 нм толқын ұзындығы сәйкес келеді. Атомның:
а) Vi(B)иондану потенциалын; ә) ΔS кванттық ақауын табыңыз.
30. Литий атомы валенттік электронының 2s және 2p күйлеріндегі байланыс энергиясы тиісінше – 5,39 және 3,54 эВ. s- және p-термдері үшін ΔS және ΔP кванттық ақауларын есептеңіз.
31. Бірінші қоздыру потенциалы – 2,10 В, ал негізгі 3s күйдегі валенттік электронның байланыс энергиясы 5,14 эВ болатын натрий атомының 3Р-термі үшін кванттық ақауды табыңыз.
32. Қоздырылған литий атомдары 3s күйден 2s негізгі күйге ауысқанда пайда болатын спектрлік сызықтардың толқын ұзындықтарын анықтаңыз. s- және p-термдері үшін кванттық ақаулар: ΔS=0,41, ΔP=0,04. Энергия деңгейлері мен спектрлік сызықтардың нәзік түзілісі 33. Релятивтік эффектілер және спин-орбиталық әсерлесу ескерілгенде сутегі тәрізді ионның энергия деңгейлерінің мына шамаға ығысуы болады:
,
мұндағы – нәзік түзіліс тұрақтысы,
– күйдің толық моментінің кванттық саны, Ze – ядро заряды;эВ. Сутегі атомының 2р деңгейінің Δε нәзік жіктелуін анықтаңыз. Деңгей құраушылары қандай кванттық саны бойынша өзгеше болады?
34. Сутегі атомы үшін 3d→2p мультиплетіндегі (nlj→n’l’j’ ауысулары) рұқсат етілген ауысуларсыз басын салыңыз. Мультиплеттегі құраушылар санын көрсетіңіз. Осы ауысулардан сызықтардың қандай сериясы пайда болады?
35. Не+ ионы үшін а) Бальмер; ә) Пашен серияларының бас сызығы нәзік түзілісінің құраушылары санын және құраушыларының аралығын (см-1 және толқын ұзындықтарда) анықтаңыз.
36. Цезий атомының айқын сериясының бас сызығы – дублет, оның толқын ұзындықтары – 1358,8 және 1469,5 нм. Осы серияның келесі сызықтарының құраушылары аралықтарын жиіліктерде (с-1-де) табыңыз.
37. Валенттік электронының бас кванттық саны n= 4 болғандағы натрий атомының толық механикалық моментінің мүмкін max мәнін және бұған сәйкес атом термінің спектрлік белгіленулерін анықтаңыз.
38. Төменде келтірілген кванттық ауысулардың қайсылары бірэлектронды жүйелердегі (сутегі тәрізді ион, сілтілік метал атомы) электр дипольдық сәуле шығару үшін сұрыптау ережелері бойынша тыйым салынған:
а); ә); б) ; в).
39. Термдердің нәзік түзілісін ескеріп, а) Liатомының айқын сериясы; ә) Na атомының диффузиялық сериясы бас сызығы үшін деңгейлердің және кванттық ауысулардың сызбасын кескіндеңіз. Мультиплеттердегі құраушылар санын көрсетіңіз.