Практикум по возрастной и педагогической психологии / под ред. А. И. Щербакова / М.,1987


дәріс. Жасерекшеліктегі психика дамуының әлеуметтік тарихи шартталуы



бет8/28
Дата08.04.2023
өлшемі112,64 Kb.
#80581
түріПрактикум
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
Практикум по возрастной и педагогической психологии под ред. А

4 дәріс. Жасерекшеліктегі психика дамуының әлеуметтік тарихи шартталуы


Дәрістің мақсаты: Студенттер психика дамуының əлеуметтік-тарихи шартталуы, әлеуметтік орта мен тұқымқуалаушылықтың рөлі жайында, қарым-қатынастың рөлі, іс-əрекеттің рөлі туралы мағлұмат алады.
Дәрістің жоспар:
1. Жасерекшеліктегі психика дамуының əлеуметтік-тарихи шартталуы
2. Әлеуметтік орта мен тұқымқуалаушылықтың рөлі
3. Қарым-қатынастың рөлі
4. Іс-əрекеттің рөлі
Әдебиеттер тізімі:
1. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1975
2. Лисина М.И. Проблемы онтогенеза общения - М., 1986
3. Эльконин Д-Б. Избранные психологические труды - М., 1983
4. Нечаев А.П. Очерк психологии для воспитателей и учителей- Спб, 1915
5. Ушинский К.Д. Человек как предмет воспитания /Собр. соч. - М.,1976

Психиканың əлеуметтік-тарихи шартталуының қағидасы А. Н. Леонтьевтің, Д. Б. Элькониннің, А. В. Запарожецтің, П. Я. Гальпериннің еңбектерінде дамуын тапты. Жануарлар əлеміндегі психикалық даму үздіксіз даму əрі сапалы секірмелі кезеңдерді қамтитын біртұтас диалектикалық үдеріс болып табылады. Психиканың фимлогенезде дамуының мұрагерлігі адам психикасының сапалы ерекшелігімен, адам онтогенезінің айрықша белгілерімен үйлеседі. Іс-əрекеттік тұғыр психиканың ерекшеліктері мен дамуын субъектінің тіршілік əрекетінің сипатымен байланыстырады. Психологияда дамудың екі түрі қарастырылады. Біріншісі – онтологиялық дамудың биологиялық типін болжайтын жануарларға тəн инстинктивтібиологиялық болса, екіншісі – дамудың онтогенездегі əлеуметтік типін анықтайтын өнімді іс-əрекетке, еңбекке негізделген əлеуметтік-тарихи даму. Өмірдің инстинктивті-биологиялық типі субъекті мен ортаның, қажеттіліктерді қанағаттандыру тəсілдерінің арасындағы қатынастардың алдын ала анықталуымен сипатталады. А. Н. Леонтьев өмірдің инстинктивті-биологиялық типінің аумағында жануарлар ешбір топқа жатқызылмайды, өйткені оның əлемге қатынасы генетикамен, түрдің бағдарламасымен алдын ала анықталады, ал қажеттіліктерді қанағаттандыру тəсілі тума болып келеді. П. Я. Гальпериннің пікірінше, қажеттіліктерді қанағаттандырудың тəсілі эволюция барысында қалыптасқан, ерекше сезімталдықта бекітіліп, қатаң тіркелген, сондықтан ағза мен ортаның арасындағы қатынастар алдын ала анықталынып, белгіленеді. Өмірдің əлеуметтік-тарихи типі материалды жəне рухани еңбек адам тіршілігінің қамтамасыз ететін жағдайлардың бастауы болып табылатын қоғамдық заттық-өнімді, жиынтықталған іс-əрекетпен анықталады. Адам дайын табиғи құралдарды пайдаланбай, тіршілігінің жағдайын өзі жасайды. Адамның тіршілік əрекетінің ерекшелігі де осында əрі дəл соның негізінде онтегенездегі өмірдің жəне дамудың типі өзгереді. Еңбек ісəрекетінің өндірістік сипатының арқасында еңбек өнімдерінде адам қабілеттерінің заттылануы жүзеге асырылады. Тіршілік ету тəсілі қажеттіліктерді қанағаттандыру тəсілі сияқты заттықөңдеуші өнімді іс-əрекетте адаммен жасалынады.


Жасерекшеліктің əлеуметтік-тарихи түрі тұқым қуалаудың генетикалық жəне əлеуметтік атты екі түрін болжайды. Эволюция барысында түрге байланысты тəжірибенің белгіленуінің биологиялық, генетикалық формасы сыртқы, мəдени түріне қарағанда, өнімсіз болады. Оның себебі мынада, тарихи дамудың темпы түрдің қабілеттерін генетикалық бекітуге қажет уақытпен салыстыруға тұрмайды. Сыртқы, мəдени формада жүзеге асырыла бастаған тұқым қуалау формасы даму типінің өзгеруіне əкеледі. Баланың онтогенетикалық дамуының ерекшелігі оның əлеуметтік-тарихи мəдени тəжірибені меңгеру формасында жүзеге асырылуында. Адам қоғамдық-тарихи тəжірибені иемдену барысында мəдениеттің затына қатысты іс-əрекеттің бара-бар формасын жүзеге асыруы тиіс. Заттыландыру – затсыздандыру үдерісін А. Н. Леонтьев адамның түрге байланысты қабілеттерінің дамуы үшін негізгі екендігін айтады. Даму – бұл индивидуумның тарихи қалыптасқан, адам қабілеттерінің мəдениетінде бекітілген қабілеттерін, іс-əрекет жəне мінез-құлық тəсілдерін жаңғыртуы. Мəдени тəжірибе баланың ересекпен қарым-қатынасында жəне ынтымақтастықта адами қабілеттердің дамуы мен заттылануына бағытталған белсенді заттық іс-əрекетінде жүзеге асырылады. Адамға тəн жаңа дамудың маңызды сипаттамалары төмендегідей болады:
● даму əлеуметтік-мəдени тəжірибені меңгеру ретінде;
● даму жеңіс ретінде (преодоление). Жануарларға тəн бейімделу типіндегі дамуды адамға тəн жеңу типі бойынша даму орын басады.
Əлеуметтік орта субъект меңгеруі тиіс адамға тəн тектік қабілеттерді қамтитын барлық материалды жəне рухани құндылықтар қамтылған дамудың бастауы ретінде түсіндіріледі. Мінсіз қалып жиынтықталған əлеуметтік іс-əрекеттің тəжірибесін, адамға тəн психологиялық қабілеттер мен қасиеттердің идеалды үлгілерін бейнелеу ретінде анықталады (Л. С. Выготский, Д. Б. Эльконин). Тұқымқуалаушылық психикалық дамудың қажет, алайда жеткіліксіз шарты болып табылады. Адам болу үшін тұқымқуалаушылықпен бекітілген сəйкес анатомиялықфизиологиялық құрылысы мен физиологиялық қасиеттері бар адам болып туу қажет. Адамның психикалық дамуы үшін органикалық тұқым қуалаушылықтың қажеттігі: 1) жоғары приматтарда адамға тəн қабілеттерді қалыптастыру мақсатында оларды тəрбиелеу жөніндегі тəжірибелермен; 2) тұқымқуалаушылық зақымданғанда психикалық дамудың бұзылыстарымен дəлелденеді. Кемістіктерді түзету жəне орнын толтыру мүмкіндіктері шексіз емес. Көптеген генетикалық аурулар онтогенездің қайтарымсыз бұзылуын əкеп соқтырады. Адамның тұқымқуалаушылығының қызмет етуші жүйелерінің икемділігі, иілгішітігі оның жоғары жүйке жүйесінің морфофизиологиялық құрылысына сəйкес ерекшеліктері болып табылады. Органикалық тұқымқуалаушылықтың негізін оның ерекше анатомиялық-физиологиялық құрылысы; жоғары жүйке жүйесімен қатар, ағзалар мен құрылымдарының жетілу реті мен екпінін анықтатын генотипі; күрделі жүйелі құрылым ретінде темпераменті (қажеттіліктердің кезеңділігі, белсенділіктің деңгейі, жаңалыққа реакциясы, тітіркендіргіштерге бейімделу жылдамдығы жəне т.с.с.), жүйке жүйесінің қасиеттері, жоғары жүйке жүйесі дамуының ортақ заңымен жəне т.с.с. құрайды. Қазіргі заманғы даму психологиясындағы жақсы сəйкестік теориясы тұқымқуалаушылықтың жақсы не жаман болмайтынын, тек баланың тума ерекшеліктері мен ортаның арасындағы жақсы не жаман сəйкестігінің болатынын тұжырымдайды. Баланың кез келген ерекшеліктері ортаның ерекшеліктерімен, ересектің сəйкес мінез-құлқымен жəне баламен ынтымақтастығының сипатымен теңдестірілуі тиіс.
3. Қарым-қатынастың рөлі
Баланың психикалық дамуындағы қарым-қатынастың мəні төмендегідей деректермен дəлелденеді;
● қарым-қатынас жетіспеушілігінің немесе əлеуметтік депривацияның баланың дамуына ықпалымен;
● балалардың жануарлармен тəрбиеленуімен: адамдармен қарым-қатынас болмаса, даму да болмайды;
● соқырмылқау балалардың тəрибесімен дəлелденуде. Егер осындай бала тəрбиенің əлеуметтік жағдайынан тыс қалатын болса, оның интеллектісінің сақталғандығына қарамастан, ақылойының терең кемістігіне əкелуі мүмкін. Тəрбиенің арнайы жүйесі толыққанды дамуды қамтамасыз ете алады.
Əрбір жас ерекшелігі үшін қарым-қатынастың өзіндік түрі тəн. Оларды топтастыру өлшемдері: пайда болу уақыты, баланың тіршілік əрекетіндегі орны, қажеттіліктері, қарым-қатынас мотивтері мен құралдары.
М. И. Лисина қарым-қатынастың балалалық шақтың туғаннан жеті жасқа дейінгі жас шамасын қамтитын негізгі төрт түрін көрсетеді (9-кесте):
9-кесте. М. И. Лисина бойынша, қарым-қатынастың туғаннан жеті жасқа дейінгі жас шамасын қамтитын негізгі төрт түрі:
1 Жағдаяттықтұлғалық 2 – 6 ай ересектің мейірімді назарына мұқтаж болу қажеттілігін қанағаттандырады. Қарымқатынастың негізгі құралдары-экспрессивті – мимикалық
2 Жағдаяттық-іскер 6 ай – 3 жас ересекпен ынтымақтастықты қалау қажеттілігін жүзеге асырады. Заттық іс-əрекетке байланысты. Жетекші мотив - іскер мотив. Бір жасқа дейінгі қарымқатынас құралдары көбінде заттықəрекетшіл, бір жастан кейін вербалды
3 Жағдаяттан тыс– танымдық 3 – 5 жас ересектің силастығына мұқтаж болу қажеттілігі жетекші болып табылады. Танымдық мотивтерді жүзеге асырады. Вербалды құралдарды қолданады.
4 Жағдаяттан тыс– тұлғалық 5 – 7 жас Өзара түсіністік пен жанашырлық қажеттілігін жүзеге асырады. Қарымқатынас мотиві – серіктесімен тұлғааралық қатынастарды орнату. Қарым-қатынас құралдары вербалды болып табылады. Коммуникативті іс-əрекет ретінде қарым-қатынас бала өмірінің алғашқы айларында-ақ қалыптасады. Қарым-қатынас қажеттілігі тумысынан берілмейді, өмір барысында қалыптасады. Баланың араласу қажеттілігінің шығу тегі жəне ересекпен қарымқатынасының алғашқы формасының дамуы – нəрестелік кезеңнің орталық мəселесі болып табылады. М. И. Лисина бойынша, ересектің ілгері жүретін бастамашылдығының механизмі қарым-қатынас формалары дамуының негізгі механизмі болып табылады. Ересектің ілгері жүретін бастамашылдығының механизмі қарым-қатынастың жаңа мақсатын көздеудің жəне ересекпен біріккен іс-əрекетті жүзеге асырудың есебінен бала дамуының жақын аймағын қалыптастыруды болжайды.
А. Н. Леонтьев жетекші іс-əрекеттің негізгі үш белгісін көрсетеді, олар: психикалық үдерістердің (танымдық сфераның), тұлғаның жаңадан пайда болған элементтері; бірі болашақта жетекші іс-əрекетке айналатын іс-əрекеттің жаңа түрлерінің пайда болуы жəне дамуы. Басқаша айтқанда, жетекші іс-əрекет іс-əрекеттің жаңа түрлерінің пайда болуына түрткі болады. Ісəрекеттің жаңа түрлерін қалыптастырудың механизмі мотивтің мақсатқа ұласуы деп анықталады. Кейінірек Д. Б. Эльконин жетекші іс-əрекет ұғымын ары қарай дамытып, тағы екі белгіні қосады. Бірінші белгі: жетекші іс-əрекет, аталмыш жас шамасы үшін баланың ересектермен жəне құрдастарымен қатынастарының жетекші типін белгілейді. Жетекші іс-əрекеттің əрбір формасы қарым-қатынастың нақты түріне байланысты болады. Барлық жас шамалары үшін қарым-қатынастың жетекші типтері əлі де болса көрсетілмеген. Г. А. Цукерман еңбектерінде ынтымақтастықтың типтерін көрсетуге тырысады. Екінші белгі: жетекші іс-əрекет баланы сəйкес жас шамасында дамудың бастауы болып табылатын əлеуметтік ортаның элементтерімен байланыстырады. Олар болашақтағы жаңадан құрылатын элементтердің үлгісін қамтитын мінсіз қалыпты анықтайды. Орта шынымен дамудың бастауы болып табылады, алайда баланың əлеуметтік ортасының өзі ұзақ уақыт бойы аса өзгере қоймайды. Баланың ортаның əртүрлі элементтеріне сезімталдығы немесе сензитивтілігі өзгереді. Оны сөйлеу-тілі дамуының үлгісінде оңай түсіндіруге болады. Сіз бір жасқа толмаған немесе бес жастағы балаға сіз бар мейіріміңізбен: «Құлыншағым менің!» деп айтсаңыз, бірі күлсе, екіншісі қабағын түйіп, жаратпай қалады. Бірінші жағдайда бала мейірімді үнге бағдарланады. Ол үшін сіздің оны қалай атасаңыз да бəрібір. Мектеп жасына дейінгі жас шамасындағы бала семантикаға назар аударады, яғни ол үшін сөздің мəні маңызды (жетекші). Осы мысалдың негізінде салыстырмалы түрде тұрақты ортада дамудың əртүрлі жас шамаларында əрқилы жаңадан құрылған элементтердің қалыптасуына əкелетінін түсінуге болады. Яғни, жетекші іс-əрекет өзгереді – ортаның əртүрлі құраушыларына сезімталдық өзгереді. Іс-əрекет ортада ненің маңызды, ненің қосымша екендігін, баланың не нəрсеге бағдарланып, немен əрекетке түсетінін анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет