Практикум по возрастной и педагогической психологии / под ред. А. И. Щербакова / М.,1987


дәріс. Психологиядағы жас кезеңдеріне топтастыру мәселесі



бет9/28
Дата08.04.2023
өлшемі112,64 Kb.
#80581
түріПрактикум
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
5 дәріс. Психологиядағы жас кезеңдеріне топтастыру мәселесі


Дәрістің мақсаты: Студенттерге жас кезеңдер туралы түсінік беру, Ғалымдардың адамды жас кезеңдерге бөлуі жөніндегі ой пікірлеріне тоқталу, салыстыру. Іс әрекеттің түрлеріне түсінік беру.
Дәрістің жоспар:
1.Балалар жасын тиісті кезеңдерге бөлу мәселесі.
2.Жетекші іс-әрекет түсінігі.
3.Іс-әрекеттің жетекші түрі негізінде жасалған психикалық дамуды кезеңдерге бөлу(Д.Б.Эльконин).
4.Бұрынғы қазақ елінде баланың жасын кезеңдерге бөлу тарихынан.
Әдебиеттер тізімі:
1. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1975
2. Лисина М.И. Проблемы онтогенеза общения - М., 1986
3. Эльконин Д-Б. Избранные психологические труды - М., 1983
4. Нечаев А.П. Очерк психологии для воспитателей и учителей- Спб, 1915
5. Ушинский К.Д. Человек как предмет воспитания /Собр. соч. - М.,1976
6. Ярошевский М.Г., Анцыферова Л.Н. Развитие и современное состояние зарубежной психологии -М., 1974
7. Возрастные и индивидуальные особенности младших подростков/Под ред.Д.Б.Эльконина.-М.,1967.
8. Жарықбаев Қ.Б. Этнопсихология ұлт тәрбиесінің өзегі Алматы 1995
Бала туғаннан ересек кезеңге дейін бірнеше жастық кезеңдерден өтеді. Әрбір кезең өзінің психофизиологиялық ерекшеліктерімен, белгілі бір ұзақтығымен өтеді, бұл ерекшеліктерді әрбір ата-ана, мұғалім білуі керек.
Жастық кезеңдерге бөлу – бұл әрбір кезеңнің-айналадағылармен қарым-қатынас, жеке адамдардың психикалық құрылымы, анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жүргізіледі.
1.Нәрестелік кезең – туғаннан бір жасқа дейін. Жетекші іс-әрекеті – эмоциональды қатынас. Осының нәтижесінде балада бағдарлау және сенсорлы-манипулятивті әрекет, көру, есту, қимыл-қозғалыс әрекеттері жүзеге асады. Бұл кезеңде үлкендермен қарым-қатынас қалыптасады.
2. Сәбилік кезең – 1-3 жас. Алғашқы балалық, бөбектік кезең. Жетекші іс-әрекет-заттық іс-әрекет, үлкендердің қатысуымен заттық байланыс. Бұл уақытта баланың тілі шығып, сөйлейді. Көрнекі-іс-әрекетті ойлау қалыптасады.
3. Мектепке дейінгі кезең – 3-7 жас. Жетекші іс-әрекеті – рөльдік ойындар, баланың қимыл-қозғалысы ойын үстінде қалыптасады. Бұл уақыт мектепке дайындық кезеңі.
4. Кіші мектеп жас кезеңі – 7-10 жас. Жетекші іс-әрекеті – оқу. Оқу нәтижесінде, танымдық құбылыстары қалыптасып, заттар, айнала қоршаған орта туралы білімі қалыптасады.
5. Жеткіншектік кезең – 11-15 жас. Жетекші іс-әрекеті – қоғамдық пайдалы еңбекке араласуы. Басты ерекшелігі - өзін-өзі бағалау, айналадағыларға «сын» көзбен қарау, ересектерге еліктеу т.б.
6. Жасөспірімдік кезең – 15-18 жас. Жетекші іс-әрекеті – кәсіби бағдар. Осының нәтижесінде оның өмірге көзқарасы, мамандыққа қызығушылығы, өзіндік сана-сезім, арманы мен мұраты қалыптасады.
Жас кезеңдеріне бөлуді біле отырып, мұғалім мынаны білуі қажет: бала дамуы жай, бірқалыпты және дағдарысты, кризистік жағдайда өтеді. Зерттеушілер баланың кризистік кезеңдері – 3 жаста, жеткіншектік жаста күшті өтетінін анықтаған.
Мұғалім сондай-ақ, баланың әрбір жас кезеңінде психикасының белгілі бір жағының оптимальды даму жағдайда өтетінін атап өтеді. Бұндай кезеңді сензитивті (сезгіштік) кезең деп атады. Мысалы, 1-3 жасқа дейін баланың тіл үйрену кезеңі, яғни тіл дамуының сензитивтік кезеңі. Мектепке дейінгі кезең-мектепке оқуға бейімделу кезеңі т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет