М.М. Мұқанов зерттеулерінде бұрынғы қазақ елінде баланың жасын кезеңдерге бөлу тарихынан: Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең-нәресте жас кезеңі. Нәресте жасы мынадай 2 кезеңге бөлінеді: а)бесік жасына /туғаннан 7 айға дейін/; б) еңбектеу жасына / 7 айдан 12 айға дейін/.
1-ден 3 жасқа дейінгі кезеңі-бөбектер жасы. Бұл кез баланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі. Бөбек өте мейірімді келеді. Малдардың төлдерін ұнататыны сондай, үстінен сипап, не солардың дауысына салып еліктейді. Ойын үстінде қыздар шешесіне, ұлы әкесіне еліктейді.
3-тен 7-ге дейін сәби жасы. Бұл жастағылар жұмыстың қарапайым түрлерін орындауға қатысады. Қыздар қазан-аяқ ұстап шешелеріне кемектеседі. Ұлдар бұзау бағып, тезек теріп, түйеге артады.
8-ден 11 жасқа дейін періште жасы. Психикалық және физикалық даму жағынан қыз бала ұл балаға қарағанда алда келеді. Бұл жас кезеңін періште жасы дейтін себебі әдет-ғұрыптарды сақтау міндеттеледі. Егер бұлар бұзақы іс жасай қалғанда соның кінә екені осы жастан соң есептелінеді. Демек, бұл жас әлі кішкентай болып есептелінеді.
12 жастан 15 жасқа дейін бозбала /қыз бала/ кезеңі. Бұл мезгіл ұл мен қыздардың есейіп қалған кезеңі. Үйге қонақ келгенде қыздар қонақтардың көзіне көрінбейді. Ұлдарды үлкендермен табақтас ететін, үлкендермен қатар атқа мініп, саяхат жасауға, аң аулауға қосатын.
15 жастан бастап үлкендер жасы. Бұл кез ұлдарды үйлендіріп, еншісін бөліп беріп, қыздарды ұзату мезгілі болатын.
4 Дәріс. Жас ерекшелік психодиагностикасы.
Дәрістің мақсаты: Студенттерге жас ерекшелік психодиагностикасынан түсінік беру.
Дәрістің жоспар:
Мектеп жасына дейінгі балалардың психодиагностикасы.
Мектеп жасындағы балалардың диагностикасы.
Әдебиеттер тізімі:
Большаков В.Ю. Психотренинг. Социодинамика, игры, упражнение – СПб., 1994.
Емельянов Ю.Н., Кузьмин Е.С. Теоретические и методические основы социально – психологического тренинга: Уч. Пособие. – Л., 1983.
Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбург, 1998.
Айви А.Е., Айви М.Б., Саймэн-Даунинг Л. Психологическое консультирование и психотерапия. Методы, теории и техники. Практическая руководство. М., 1999.
Основы возрастно – психологического консультирования. Уч. метод. пособие. – М., 1991.
Психологическая служба в школе / Под. ред. Э.М. Верник и др. – Таллин, 1983.
Тетенькин Б.С. Психологическая служба школы. – Киров, 1991.
Раттер К. Помощь трудным детям. – М., 1995.
Мектеп жасына дайінгі балалармен жүргізілетін диагностикалық жұмыстың коррекциялық, дамытушы əсері де оған пареллель болуы керек деп санаймыз. Ал мектеп жасына дейінгі кезеңдегі «бала-бала» жүйесі В. С. Мухина еңбектерінде сипатталады. Зерттеуші балалардың өзара қарым-қатынас құруы оның психикалық дамуына жағдай жасайтындығын атап көрсетеді. Онда негізгі үш жағдай баса көрсетіледі:
- баланың өзара қарым-қатынасы ересектермен қарым-қатынасы нəтижесінде қалыптасады.
- «Бала-бала» жүйесінде ғана кейбір іс-əрекет түрлерін меңгеруге болады, яғни топпен ересек адамдардың қатынасын бірлесіп қайта жаңғырта алады.
- Балалар тобында мінез-құлық, жүріс-тұрыс нормалары мен адамгершілік қасиеттерін меңгеріп, жаттығуға мүмкіндік алады.
Балалардың өз қатарластарымен қарым-қатынас құруы осы қарым-қатынасты қажетсінуімен анықталады (М. И. Лисина ). Бұл қажеттілік 3-жасқа келген балаларда қалыптаса бастайды (Л. Н. Галигузова ). 5-6 жастағы балалардың басқа балалармен қарым-қатынасты қажетсінуін А. И. Фукин 3 топқа бөледі:
1 - топқа қарым-қатынаста белсенді балалар жатады. Олардың басқа балалармен байланыс барысында жағымды эмоциялық реакция, жұптасуға қызығушылық танытып, сезімталдық көрсетуі,
жұптасының қарым-қатынас құруына түрткі болу сияқты қасиеттері бала мінез-құлығы мен жүріс-тұрысынан көрінеді.
2 - топқа қарым-қатынаста енжар балалар жатады. Олар өздерін топ ішінде ұстай алмай, беймаза күй кешеді, жағымсыз эмоция танытады.
3 - топ қарым-қатынаста тұрақсыз болатын балалармен сипатталады.
Оларға 1-ші жəне 2-ші топ балаларының тенденциялары тəн болады.
Ал Х. Т. Шерьязданова еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың ойын əрекетінде ересектер мен бала арасындағы қатынасқа құрымдылық-логикалық тұрғыдан сипаттама жасалады, ғалым оны сурет түрінде көрсетеді. Сонымен, баланың басқа балалармен қарым-қатынас құруында əрбір баланың ересектермен байланыс жасауындағы психологиялық жас ерекшеліктері айқын көрінеді (М. И. Лисина ). Олай болса, ұлттық салт-сана, біздің жағдайымызда қазақ отбасындағы əлеуметтік рөл мен жыныстық ерекшеліктер, қазақ халқының адамгершілік құндылықтары қарым-қатынаста ескерілуі
қажет деп пайымдаймыз. Мектеп жасына дейінгі балалардың психикасындағы жаңа
құрылым мотивтердің бір-біріне бағыныштылығы, ерікті əрекеттерінің негізгі түрлерінің бірлесе жүзеге асуы болып табылады. Сондықтан, балалармен зертханалық жұмыстарда
ұйымдастырылатын психодиагностикалық əдістемелердің бірнеше түрлерін ұсынуды жөн көрдік. Олар белгілі бір қағидаларды қатаң сақтауды қажет ететін психодиагностикалық жұмыстар.
Достарыңызбен бөлісу: |