Правовое регулирование экологических платежей в Республики Казахстан



бет3/6
Дата21.11.2022
өлшемі256,5 Kb.
#51491
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
қылмыстық слайд

Айыппұл

  • Айыппұл Қылмыстық кодексте көзделген шекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол кылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мелшерінде тағайындалатын ақша өндіріп алу

Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру

  • мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға, не белгілі бір кәсіптік немесе өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады, ол бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге және жазаның қосымша түрі ретінде алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.

Қоғамдық жұмыстарға тарту

  • Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның негізгі жұмыстан бос уақытта тегін коғамға пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады.
  • Қоғамдық жұмыстар 60 сағаттан 240 сағатқа дейін белгіленеді және күніне 4 сағаттан аспайтын уақытта өтеледі.

Түзеу жұмыстары

  • Түзеу жұмыстары 2 айдан - 2 жылға дейін мерзімге белгіленеді және сотталған адамның жұмыс орны бойынша өтеледі. Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкімімен белгіленген мөлшерде, 5 проценттен 20 процентке дейінгі шекте мемлекеттің кірісіне ұстап қалу жүргізіледі.

Әскери қызмет бойынша шектеу

  • Келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген, сотталған әскери қызметшілерге, сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызметін өтеп жүрген офицерлерге әскери қызметке қарсы кылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген, сотталған әскери қызметшілерге түзеу жұмысының орнына үш айдан екі жылға дейінгі мерзімге әскери қызмет бойынша шектеу тағайындалады.

Бас бостандығын шектеу

  • Бас бостандығын шектеу соттың сотталған адамға оның бас бостандығын шектейтін белгілі бір міндеттер жүктеуінен тұрады және қоғамнан оқшауламай 1 жылдан - 5 жылға дейінгі мерзімге мамандандырылған органның қадағалауымен оның тұрғылыкты жері бойынша өтеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет