Правовое регулирование экологических платежей в Республики Казахстан



бет4/6
Дата21.11.2022
өлшемі256,5 Kb.
#51491
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
қылмыстық слайд

Қамау

  • Қамау - сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан катаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады.
  • Қамау бір айдан алты айға дейінгі мерзімге белгіленеді. Қамау – 18 жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдер мен кәмелетке толмаған балалары бар ейелдерге қолданылмайды.

Тәртіптік әскери бөлімде ұстау

  • Шақыру бойынша мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге, сондай-ақ қатардағы және сержанттық құрам қызметтерінде келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге, егер олар сот үкім шығарған кезде заңда белгіленген шақыру бойынша қызмет өткеру мерзімін бітірмесе, тәртіптік әскери бөлімде ұстау тағайындалады.

Бас бостандығынан айыру

  • Бас бостандығынан айыру сотталушыны колония-қонысқа жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады.
  • Өмір бойына бас бостандығынан айыру әйелдерге, сондай-ақ 18 жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және үкім шығарылу сәтіне 65 жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.

Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп танылады:

  • алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасау;
  • айыпкердің кәмелетке толмауы;
  • жүктілік;
  • айыпкердің жас балалары болуы;
  • қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыспен келтірілген зиянды жоюға бағытталған өзге де іс-әрекеттер;
  • жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан қылмыс жасау;
  • күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан себепті қылмыс жасау;
  • қажетті қорғанудың жағдайында қылмыс жасау;
  • кылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы;
  • шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу.
  • НАЗАР ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет