Преэклампсия. Эклампсия Орындаған: Қысмет Жансая


Жүктілік кезінде гипертензиялық бұзылыстардың клиникалық жіктелуі



бет3/4
Дата15.02.2023
өлшемі91,38 Kb.
#68030
1   2   3   4
Байланысты:
акушерия

Жүктілік кезінде гипертензиялық бұзылыстардың клиникалық жіктелуі.

  • Созылмалы АГ (жүктілікке дейін болған).
  • Гипертониялық ауру.
  • Екіншілік (симптоматикалық) АГ.
  • Гестациялық (жүктілікпен индуцирленген) АГ.
  • Созылмалы АГ фонындағы преэклампсия және эклампсия.
  • Преэклампсия (ПЭ) және эклампсия.

Созылмалы артериялық гипертензия – жүктілікке дейін болған немесе жүктіліктің 20-ші аптасына дейін анықталған гипертензия. Гипертензия босанғаннан кейін 6-ты аптаға созылады.

  • Созылмалы артериялық гипертензия – жүктілікке дейін болған немесе жүктіліктің 20-ші аптасына дейін анықталған гипертензия. Гипертензия босанғаннан кейін 6-ты аптаға созылады.
  • Гестациялық гипертензия– жүктіліктің 20-ші аптасынан кейін пайда болады, босанғаннан кейін 6-ты апта ішінде АҚқалыптасады. Гестациялық гипертензия преэклампсияға ауысуы мүмкін, сондықтан сәйкес мониторинг қажет.

Диагностика белгілері

  • Артериялық гипертензия (жеңіл)
  • Арасы 30 минуттан кем уақыттың ішінде екі рет өлшегенде систолалыққысым>140 мм с.б.б. және/немесе диастолалыққысым >90 мм с.б.б. болуы.
  • Ауырартериалық гипертензия
  • Арасы 30 минуттан кем уақыттың ішінде екі рет өлшегенде диастолалыққысым >110мм с.б.б. немесе систолалыққысым>160 мм с.б.б. болуы.
  • Протеинурия – > 0,3 г/тәу. немесе 0,3 г/л 4 сағаттан кейін екі рет алынған несеп талдауында болғанда.
  • Ісіктер– 50-80% жүкті әйелдерде қалыпты жүктілік ағымында аздаған ісіктер болады. Ісінумен болатын преэклампсияға қарағанда, ісінусіз жүретін преэклампсия ана мен нәрестеге қауіптірек екені анықталған. Тез өрлейтін жайылған ісіктер, әсіресе бел аймағындағы ісіктер болжамы нашар белгі болып табылады.

Негізгі және қосымша диагностикалық шаралардың тізімі

  • Алғашқы медико–санитарлық көмек (АМСК) деңгейінде:
  • – АҚөлшеу;
  • – жалпы несеп талдауы (нәруыз);
  • – жалпы қан анализы (гемоглобин, тромбоциттер).
  • Стационар деңгейінде:
  • – АҚөлшеу;
  • – ЭКГ;
  • – жалпы несеп талдауы, тәуліктік несептегі протеинурия;
  • – жалпы қан талдауы (гемоглобин, гематокрит, тромбоциттер, ұю уақыты);
  • – биохимиялыққан талдауы (жалпы нәруыз, креатинин, АлАТ, АсАТ,
  • мочевина, билирубин);
  • коагулограмма;
  • – нәрестеніңКТГ-сы;
  • – УДЗ;
  • – допплерометрия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет