Пренатальды диагностика



бет4/7
Дата26.12.2023
өлшемі207,94 Kb.
#143470
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
КАЗ Информ. блок ПД

Амниоцентез (ұрық сұйықтығының пункциясы) 1970-ші жылдардың басынан бастап пренатальды диагностика үшін амнион сұйықтықтығынан амнион мен ұрықтың жасушаларын алу басталды. Процедура жүктіліктің 15-18 аптасында жүргізіледі.
Амнион сұйықтығын алу ультрадыбыстық бақылаумен құрсақтың алдыңғы қабырғасы тесу арқылы жүзеге асырылады (сирек жағдайда трансвагинальды жолмен алады).
Құрсақ қуысынан 3-30 мл сұйықтық алады. Бұрын ұсынылған амнион сұйықтықтығына жүргізілетін биохимиялық және вирусологиялық зерттеулер пренатальды диагностика үшін толық ақпаратты болмайды.

Негізгі зертелетін диагностикалық материала - ол жасуша. Жасуша жасанды ортада 2-4 апта бойы өсіріледі, содан кейін оған цитогенетикалық және биохимиялық зерттеулер жүргізіледі. Қазіргі кезде амниоцентез жүргізу барлық хромосомалық ауытқуларды, 60-тан астам тұқым қуалайтын метаболизмдік ауруларды, ана мен ұрықтың эритроциттердің антигендер сәйкессіздігін анықтау үшін қолданылады.
Кордоцентез – кіндіктен қан алу жүктіліктің 20-аптасынан бастап, УДЗ бақылауымен жүргізіледі. Қан үлгілерінен тұқым қуалайтын ауруларды анықтау үшін қанға цитогенетикалық (лимфоциттер өсіріледі), молекулалық-генетикалық және биохимиялық зерттеу әдістерін жүргізіеді.
Бұл зерттеу әдісі арқылы хромосомалық ауруларды, иммунитет тапшылығын, гематологиялық тұқым қуалайтын ауруларды анықтауға болады.

Кордоцентездің артықшылығы - амнион сұйықтығынан алынған жасушаларды зерттеуге қанды зерттеу өте ыңғайлы объект.


Лимфоциттер амниоциттерге қарағанда тез (2-3 күн) өседі. Кордоцентез кезінде асқынулардың жиілігі 2% -дан аспайды.
Ұрық ұлпасының биопсиясы диагностикалық процедурасы жүктіліктің екінші триместрінде ультрадыбыстық бақылаумен жүзеге асырылады.
Терінің зілді ауырулары (ихтиоз, эпидермолиз) диагностикалау үшін ұрық терісінің биопсия алады да оған патоморфологиялық зерттеу жүргізіледі.
Дюшенн дистрофиясын диагностикалау үшін ұрықтың бұлшықет биопсиясын алады. Биоптат иммунофлуоресцентті әдіс арқылы зерттеледі. Мұндай әдістер, осы және басқа да бірқатар жағдайларда, нақты диагноз қоюда дұрыс нәтижелер беретін немесе сенімді түрде бқл әдістен бас тартуға мүмкіндік береді.
Дегенмен, туа біткен ақауларды анықтау үшін ұрықты визуалды тексеру әдісі тек арнайы көрсеткіштер үшін қолданылады.
Дегенмен, туа біткен ақауларды анықтау үшін ұрықты визуалды тексеру әдісі тек арнайы көрсеткіштер үшін қолданылады, жүктіліктің 18-19 аптасында жүргізіледі.
Фетоскопия жүргізу үшін құрсақ қуысына эндоскоп енгізіледі, бұл жүктіліктің асқынуын тудыруы мүмкін. 7-8% жағдайда түсік түседі.
Фетоскопия көмегімен көрінетін туа біткен ақаулардың барлығы дерлік ультрадыбысты қолдану арқылы диагноз қойылады. Ультрадыбыстық процедура қарапайым және қауіпсіз.
Сонымен қатар, тұқым қуалайтын патологияның алдын алудың тағы бірқатар әдістерін айтуға болады:
Құрсақішілік терапия және ұрықтың хирургиясы. Екі әдіс те жүктіліктің екінші триместрінде жүргізіледі. Бұл тәсіл ұрық терісінің биопсиясын (эпидермолиз буллез) және плацентаның биопсиясын қамтиды. Сонымен қатар, бұл әдістер (гидронефроз және ұрықтың гидроцефалиясы үшін)препараттарды енгізу және декомпрессия жасау үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет