Өндірістік тәжірибе есебі



Дата04.05.2023
өлшемі12,18 Kb.
#89674

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
Ш.Уалиханов атындағы
Көкшетау университеті КеАҚ
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
КОК-92 тобының студенті
Жүсіпбек Нарғыздың

Өндірістік тәжірибе
ЕСЕБІ

Көкшетау,2023


Мен Жүсіпбек Нарғыз Жанатқызы, 30.01-10.04.2023 жж. аралығында Көкшетау қаласы,Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында педагогикалық тәжірибеден өттім.10"б" сыныбына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және сынып жетекші ретінде бекітілдім.Маженова Арайлым Айдарбековна іс-тәжірибеде сынып жетекшім болып бекітілді. Практика 10 апта бойы жүргізілді. Мен осы 10 апта аралығында оқушыларға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп,тәрбие сағаты мен мектептен тыс іс-шараларды жүргіздім.
Практиканың алғашқы күнінде 30.01 студенттерге конференция болды.Бұл конференцияда студендер мектепте қалай киіну, бізге қажетті құжаттар жайлы,мектептің ішкі тәртібі жайлы сөз қозғалды. Мектеп әдіскері бізді өз жетекшілерімізбен таныстырды. Бұл конференцияда студенттер пратикада өздерін тек жақсы көрсете білуді және де өздерін болашақ ұстаздай ұстай білуі сияқты әр түрлі бағыттарды түсіндірді.Студентер практикадағы жетекшілерімен танысып, практикаға арналған кунделікті алып сыныптарға бөлінді. Конференция аяқталғаннан кейін бізді сыныптарға бөлді. Маған 10«Б» сыныбы берілді. Сыныпта негізінен 17 оқушы. Оның 10-ы қыз, 7-і ұл екен.10 «Б» сыныбы бірінші ауысымда оқиды.
Ең алғашқы апта бақылау, қадағалау аптасы болды. Оқушылармен танысып, білістік. Жақсы қарым-қатынас орнаттық. Ең алғашқы бақылау аптасында оқушылардың сабағына қатысып отырдым. Оқушыларды бақылап, талдау жасап, бақылағандарын арнайы күнделікке жазып, толтырып отырдым. Практиканың бірінші күні сынып жетекшіммен таныстым. Сынып жетекшім сынып құжаттарымен таныстырып, сыныпқа қатысты мәліметтерді берген болатын. Оның ішінде: сынып тізімі, мектеп төлқұжаты, қоңырау кестесі, сынып бұрышы, үйірмелерге қатысу тізімі, оқу белсенділері және оқушылардың сыныпта атқаратын қызметтері жайлы мәлімет табыстаған болатын. Мен бұл мәліметтермен танысып болғаннан кейін оларды күнделіктің алғашқы беттеріне жаза бастадым. Практиканың екінші, үшінші күні өткізілетін тәрбие сағаттарының тізімін алған болатынмын. Әрбір студент-практикантқа 2 тәрбие сағатын өткізу міндеттелді. Мен сынып жетекшіммен ақылдаса келе тәрбие сағаттарымды наурыз айында өткіземін деп келістік. Практиканың алғашқы бақылау аптасының 3-4 күндері мен өзім сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиет пәндерінде отырдым. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімімен таныстым. Пән мұғалімі:Даулеткалиева Толкын Болатбековна.Мұғаліммен өткізетін сабақтарым жайлы сөйлестім. Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша маған 24 сабақ өткізу керек болды.Оның ішінде қазақ тілі пәнінен 12 сабақ, қазақ әдебиеттен 12 сабақ.Сонымен қатар 2 ашық сабақ өткізу керек болды. Пән мұғалімімен ақылдаса келе сабақтарымды екінші аптадан бастап өткізетін болдым. Пән мұғалімі сабақ жоспарымен таныстырды. Сынып жайлы кішігірім мәлімет берді.
Ойымды қорыта келе, педагогикалық практика менің кәсіби қалыптасуымның негізі болып, болашақ мамандығыма деген ынта-ықласымды және қызығушылығымды арттырды, практиканың мәні мен маңызы өте зор болды.. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің қызықты әрі керек пән екенін оқушылардың көздерің жеткізуге тырыстым. Осы уақыт аралығында болашақ мұғалім ретінде біршама тәжірибе жинақтадым. Сынып жетекшім мен пән мұғалімі іс-тәжірибемді өте жақсы деп бағалап, жұмыстарыма алғысын білдіріп жатты. Менде сынып жетекшім және пән мұғаліміме, сондай-ақ мектеп ұжымына және оқушылармен осы іс-тәжірибемнің қызықты болғанын айтып алғысымды білдірдім. Бұл іс-тәжірибе маған көп нәрсе үйретті. Онда мен өзімді оқушылар алдында еркін ұстауды, сабақ жоспарларын жазуды, электронды мектеп журналымен және басқа да құжаттармен жұмыс істеуді үйрендім.
Ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынов былай деген екен «жақсы мұғалім деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп, соларды оқытуда қолдана білу арқылы ғана жетуге болады. Сонымен қатар, бірнеше әдісті меңгеріп қана қоймай, табанда өзі қажет әдісті тауып, пайдалана білу керек» деген екен. Болашақта өз мамандығымды әрі қарай ұштап, мектепті көркейтіп, оқушыларға жақсы білім беремін деген мақсатым бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет