Препарат құрылысы: Атауы: Бекітілген жасушалардыңпішіндері. Бояуы: Гематоксилин және эозин. Бояуына сипаттама


Орналасуы: мерокринді секреция –сілекей, өңеш, қарын, ішек, жатыр, ұйқы  бездері мен эндокринді бездерде болады.  Қызметі



Pdf көрінісі
бет14/103
Дата02.11.2022
өлшемі6,09 Mb.
#46869
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   103
Орналасуы: мерокринді секреция –сілекей, өңеш, қарын, ішек, жатыр, ұйқы 
бездері мен эндокринді бездерде болады. 
Қызметі: мерокринді секреция кезінде безді пиеткалар- гландулоциттердің 
бүтіндігі үзілмей, боялатын сөл жасуша плазмолеммасы арқылы диффузды 
жолмен сүзіліп шығады. 
 


 
4. Препарат. 
Сүт безі альвеолалары (секреция түрі апокринді). Бояуы: 
Гематоксилин–эозин. х400. 
Құрылысы: 1– лактацияланбаған безді альвеола: а– альвеола қуысы; б– 
төмен призма тәрізді безді жасуша; в– безді жасуша ядросы; г– дәнекер тіні 
(интерцистий); 
2– лактацияланған безді альвеола: а– альвеола қуысы; б– секреттеуші 
эпителий жасушасы; в– жасуша ядросы; г– цитоплазмадағы секрет 
тамшылары; д– жасушаның апикальды бөлігі ұштарымен секреттің бөлінуі
е– миоэпителий жасушасы; з– дәнекер тіні (интерцистий); 
Боялу себебі: Бояудың осы әдісі көп,жиі кездеседі. Препараттарды 
бояуға,түсіндіруге ыңғайлы. Негізгі және қышқыыл бояғыштарды біріктіреді. 
Сол себептен де барлық жасушаларды,жасушалық емес құрылымдарды 
анықтауға көп мүмкіндік береді. 
Орналасуы: Апокринді бездер- адамдарда негізінен қолтықта және 
перианальды аймақтарда орналасады. 
Қызметі: тер, сүт және қосымша жыныс бездері секреттерін апокринді 
секреция арқылы бөледі. 
 


 
5. Препарат. 
Адам терісіндегі қарапайым альвеоларлы тармақталған 
майбез. (секреция түрі голокринді). Бояуы: Гематоксилин–эозин. х120. 
Құрылысы: 1–эпидермис; 2–талшықты дәнекер тіні; 3–тербездің секрет 
шығарушы өзегі; 4–бездің тармақталған секреторлы бөлігі; 5–майды 
жинақтаған безді жасушалар; 6–безді жасушалардың ыдырауы және
секреттің пайда болуы; 7–шаш түбірі. 
Боялу себебі: Гематоксилин – негіздік бояу. Бояу қабілетін базофилия д.а. 
Ал эозин – қышқылдық бояу, бояу қабілетін оксифилия д.а. Бояуды сіңіріп 
қызыл не қызғалт түсті құрылымдар оксифильді не ацидофильді д.а. Жасуша 
цитоплазмасының оксифильді құрылымдары митохондрия сілтілі ақуыздың 
секреторлы гранулалар, эритроциттердің сілтілі ақуызы жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет