Препарат құрылысы: Атауы: Бекітілген жасушалардыңпішіндері. Бояуы: Гематоксилин және эозин. Бояуына сипаттама



Pdf көрінісі
бет11/103
Дата02.11.2022
өлшемі6,09 Mb.
#46869
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   103
Экзокринді бездердің қызметі: экзокриндік бездер организмде әртүрлі 
мүшелер мен тіндерде таралғандықтан әртүрлі қызмет атқарады. Бұларда
май бездері өте көп болады және теріні үнемі майлайтын майлы немесе 
майлы сұйықтықтарды өндіруге жауап береді. 
Эндокринді бездердің орналасуы: өңеште, мида, бүйректің үстіңгі жағында 
және т.б мүшелерде орналасады. 
Экзокрин. без. орналасуы: әртүрлі мүшелер мен тіндерде орналасады. 
Мысалы: көз-жас бездерінде айтуымызға болады.
Эндокрин. Без. құрылыс ерекшелігі: безден шығатын өзектері болмайды. 
Сондықтан бездерден бөлінген гормондар тікелей қан мен лимфаға бөлінеді. 
Осыған байланысты эндокринді бездер қан тамырларымен тығыз қамтылған. 
Ішкі секреция бездері қызметін бірнеше арнаулы әдістермен зерттейді. 
Экзокринді бездердің эндокриндік бездерден айырмашылығы- олардың 
соңғысы өз арналарын жоғалтып, демек өз өнімдерін тікелей қанға немесе 
лимфа тамырларына бөліп, солар арқылы таралады және мақсатты 
мүшелеріне жетеді. 


2.Препарат. Тоқішек эпителийіндегі бокал тәрізді (біржасушалы без) 
жасуша. 
Бояуы: Гематоксилин–эозин. х600. 
Боялу себебі: Гематоксилин – негізгі (базофильді) бояғышқа жатады. Ол 
жасуша ядросын күлгін түске бояйды. Эозин – қышқылды (оксофильді) 
бояғыш. Ол жасуша цитоплазмасын қызғылт түске бояйды. 
Анықтама: Бездік жасушалар санына қарай бөлінеді: 
1. біржасушалы бездер – жеке бездік жасушалардан тұрады 
2. көпжасушалы бездер – көптеген бездік жасушалар жиынтықтарынан 
тұрады. 
Біржасушалы бездерге ішек эпителийінің бокалтүрлі жасушалары жатады. 
Бұл өзгерген эпителиалды жасушалар. Олар секретті жинаған кезде бокал 
пішінді болып өзгереді; 
ядро және органеллалары тарылған базалды бөлігіне ығыстырылады. Ішек 
қуысына шырыш бөлінгеннен кейін секретті жинақтау процессі қайтадан 
басталады. 
Қызметі: Бокалтүрлі жасушалардан бөлінетін шырыш ішектің сілемейлі 
қабықшасының беткейін ылғандандырады, сонымен тағам бөлшектерінің 
өтуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ шырыш эпителийді және төмен 
орналасқан тіндерді механикалық және химиялық әсерлерден қорғап тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет