Эозинофильді гранулоцит Жалпы лейкоциттер санының 0,5-5 % құрайды. Жағындыда
d=12-14 мкм, ал тамшыда d= 9-10 мкм. Эозинофильдердің ядросы әдетте бір бірімен
байланысқан 2 сегменттен тұрады. Цитоплазмасында органеллалары бар- Гольджи
жиынтығы (ядро маңында), аздаған митохондриялар, актинді филаменттер және
плазмолемма астында гранулдар (200) орналасады. Функциясы: аллергиялық және
анафилактикалық реакцияларға қатысады, антипаразитарлық қызмет. Тіршілік ұзақтығы:
4-12 тәулік. Адамның қан жағындысы. Эозинофил. РомановскийГимза. х1000 1-
эозинофил Гранулдар арасында азурофильді (біріншілік) және эозинофильді (екіншілік)
түрлерін ажыратады, олар лизосомалардың модифицирленген түрі болып табылады. Олар
электронды-тығыз болып келеді, құрамында гидролитикалық ферменттер болады.
Спецификалық эозинофильді гранулдар цитоплазманың басым бӛлегін алып жатады,
кӛлемі 0,6-1 мкм. Гранулдың ортасында кристаллоид болады, құрамында негізгі ақыуыз
орналасады, ол антипаразиттік қызметті іске асыруға қатысады. Құрамында аргинині кӛп
(сондықтан гранулдар оксифильді), лизосомды гидролититтік ферменттер, гистаминаза,
эозинофильді катионды ақуыз, пероксидаза болады.
Базофильді гранулоцит Жалпы лейкоциттер санының 0-1 % құрайды. Жағындыда d=11-
12 мкм, ал тамшыда d= 9 мкм. Базофилдердіңядроларысегменттелген, 2-3 бӛліктентұрады;
цитоплазмасындаорганеллалары бар (ЭПТ, рибосомалар, Гольджижиынтығы,
митохондриялар, актиндіфиламенттер.
Құрамындаспецификалықіріметахроматикалықгранулдар бар (400),
әдеттебұлгранулдарядроныжауыптұрады, олардыңкӛлемі 0,5-1,2 мкм. Тіршілікұзақтығы:
4-12 тәулік. Спецификалықгранулдардыңқұрамындапероксидаза, гистамин, гепарин, АТФ,
нейтрофилдер мен эозинофилдердің хемотаксис факторы жәнет.б. бар.
Гранулдардыңбіртобылизосомалардыңмодифицирленгентүріболыптабылады.
Оданбӛлеказурофильдігранулдар (лизосомалар) да бар. Базофилдер,
дәнекертінніңлаброциттерісияқты, гепарин мен
гистаминдіӛңдіредіжәнеқанныңұюыпроцесстерінжәнеқантамырқабырғасыныңөткізгіштігі
нреттеугеқатысады. Базофилдерорганизмніңиммундықреакцияларға да қатысады.
Тромбоциттер, адам қанында ұсақ, түссіз денешіктер түрінде болады, пішіні екі жағы
дӛңес диск тәрізді немесе сопақша, ұршық тәрізді болып келген, ӛлшемі 2-4 мкм құрайды.
Тромбоциттер сүйектің қызыл кемігіндегі гигантты – мегакариоцит жасушаларының
цитоплазма фрагменттері (үзінділері) болып табылады. Қан жағындысын азур II-эозинмен
бояған кезде тромбоциттердің ашық түсті перифериялық бӛлігі -гиаломер және күңғірт
түсті, түйіршікті бӛлігі - грануломер анықталады, олардың құрылымы мен бояуы жетілу
дәрежелеріне байланысты түрлі болуы мүмкін. Тромбоциттердің 5 негізгі түрлерін
ажыратады: 1) жас (1-5 %); 2) пісіп жетілген (88 %); 3) ескі (4 %); 4) дегенеративті (до 2
%); 5) гигантты түрлері – ӛлшемі 4-6 мкм (2 %). Жас тромбоциттерде гиаломер кӛк түске
(базофильді), ал пісіп жетілгендерді – қызғылт түске (оксифильді)
боялады.Тромбоциттердің негізгі функциясы – қанның ұюына қатысу болып табылады,
яғни организмді зақымдалудан және қанкетуден сақтайды. Қантамыр қабырғасының
тұтастығының бұзылуы кезінде зақымдалған тіндерден қан ұйю факторлары бӛлінеді,
олар эндотелийдің базальді мембранасына және қантамыр қабырғасының коллагенді
талшықтарына тромбоциттердің жабысуын (адгезиясын) шақырады. Нәтижесінде
тромбоциттерден тығыз түйіршіктер босап шығып ұйіндінің –тромбтың түзілуіне әкеледі.
Саны : 2,0-4,0×109 /л (180-320×109 /л )