Препарат құрылысы: Атауы: Бекітілген жасушалардыңпішіндері. Бояуы: Гематоксилин және эозин. Бояуына сипаттама



Pdf көрінісі
бет41/103
Дата02.11.2022
өлшемі6,09 Mb.
#46869
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   103
Байланысты:
ГИСТА ПРЕПАРАТТАР 2-СЕМ толық

VI. Қызметі: Гомеостазды қамтамасыз ету, биомеханикалық, регуляторлық, трофикалық, 
пластикалық және қорғаныштық.
 
№2-препарат
 
І. Препарат атауы
Борпылдақ қалыптаспаған дәнекер тіні. 
Макрофагтар. Фибробласттар 
ІІ. Бояуы: Темірлі гематоксилин  
ІІІ. Құрылымдардың боялу ерекшелігі: Гематоксилин – 
негіздік бояу, онымен боялатын құрылымдар базофильдік деп 
аталады. Препаратта макрофагтар мен фибробласттардың 
ядролары қоюлау көк түске, ал цитоплазма әлсіз күлгін түске 
боялған. Бұл жердегі базофильді құрылым аталған 
жасушалардың ядролары, ол онда ДНҚ болуына байланысты. 
Жәй гематоксилин тек жасуша мен ондағы ядроны бояса, темірлі гематоксилин жасушааралық затты 
да бояйды, бірақ әлсіз күйде.
IV. Құрылымы: 1-макрофагтар; 2-фибробласттар 
- Макрофагтар – қандағы моноциттерден дамиды, моноциттер өз кезегінде қанның бағаналы 
жасушаларына дамиды. Макрофагтарды дәнекер тінінің гистиоциттерді деп те атайды. Дәнекер 
тінінде олар саны бойынша фибриобласттан кейінгі орынды алады. Макрофагтардың синтездік 
аппараты нашар дамыған, олардың цитоплазмасында фаголизосомалары көп болады. 
Макрофагтардың синтездік аппараты нашар дамыған, олардың цитоплазмасында фаголизосомалары 
көп болады. 
- Фибробласттар - олардың ерекшелігі белоктарды синтездей алуы, осының арқасында ол аморфты 
затттағы талшықтарды өндіруге қабілетті болып келеді. Фибробласттардың жас және пісіп жетілген 
формалары кездеседі. Оның ішіндегі жас фибробласттар өзгеде жасушаларға дифференциялануға 


қабілетті. Жалпы, жасушалардың пішіні ұршық, жұлдызша тәріздес, цитоплазмасы базофильді 
боялады, синтездік органеллалары жақсы дамыған. 
V. Орналасауы: Борпылдақ талшықты дәнекер тіні адам ағзасының барлық мүшелерінде кездеседі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет