Препарат құрылысы: Атауы: Бекітілген жасушалардыңпішіндері. Бояуы: Гематоксилин және эозин. Бояуына сипаттама



Pdf көрінісі
бет44/103
Дата02.11.2022
өлшемі6,09 Mb.
#46869
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   103
Байланысты:
ГИСТА ПРЕПАРАТТАР 2-СЕМ толық

IV. Құрылымы: 1-негізгі зат;
2-макрофагтар;
3-фибробласттар;
4-коллаген талшықтары;
5-эластин талшықтары. 
- Макрофагтар – қандағы моноциттерден дамиды, моноциттер өз кезегінде қанның бағаналы 
жасушаларына дамиды. Макрофагтарды дәнекер тінінің гистиоциттерді деп те атайды. Дәнекер 
тінінде олар саны бойынша фибриобласттан кейінгі орынды алады. Макрофагтардың синтездік 
аппараты нашар дамыған, олардың цитоплазмасында фаголизосомалары көп болады. 
Макрофагтардың синтездік аппараты нашар дамыған, олардың цитоплазмасында фаголизосомалары 
көп болады. 
- Фибробласттар - олардың ерекшелігі белоктарды синтездей алуы, осының арқасында ол аморфты 
затттағы талшықтарды өндіруге қабілетті болып келеді. Фибробласттардың жас және пісіп жетілген 
формалары кездеседі. Оның ішіндегі жас фибробласттар өзгеде жасушаларға дифференциялануға 
қабілетті. Жалпы, жасушалардың пішіні ұршық, жұлдызша тәріздес, цитоплазмасы базофильді 
боялады, синтездік органеллалары жақсы дамыған. 
-Коллаген талшықтары – борпылдақ талшықты дәнекер тіннің аморфты затында жиі кездеседі. 
Олардың негізін коллаген ақуызы құрайды, бірігіп будалар түзеді. Олар үш реттік буда түзеді. 
Бірінші реттік будалар сыртын эндотендиний, екінші реттік будалардың сыртын перитендиний, 
үшінші реттік будалар сыртын эпитендиний қабығы қаптайды. Эндотендиний мен перитендиний 
қабықтарынан қантамырлар мен нервтен өтеді. Және эндотендиний борпылдақ дәнекер тінінен 
түзіледі.  
-Эластин талшықтары - будалар құрамайтын, жіңішке талшықтар. Олар созылғаннан кейін қайта 
қалпына келе алатын пластикалық қасиетке ие, осының арқасында дәнекер тінге серпімділік қасиет 
береді. Талшықтың негізгі құрамын – эластин және фибриллин белоктары құрайды. Эластикалық 
талшықтар дәнекер тінінің ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді және оларға серпімділік қасиет 
береді.
V. Орналасуы: Борпылдақ талшықты дәнекер тіні адам ағзасының барлық мүшелерінде кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет