Препарат құрылысы: Атауы: Бекітілген жасушалардыңпішіндері. Бояуы: Гематоксилин және эозин. Бояуына сипаттама



Pdf көрінісі
бет55/103
Дата02.11.2022
өлшемі6,09 Mb.
#46869
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   103
Байланысты:
ГИСТА ПРЕПАРАТТАР 2-СЕМ толық

IV . Құрылым ерекшеліктері:
1-борпылдақ дәнекер тінінің жұқа қабаты – атқаратын функциясы әртүрлі жасушалар мен жасушаарлық заттан 
тұрады, барлық органдардың құрамында болады;
2-эластин талшықтары – эластин және фибриллин ақуыздарынан тұрады;
3-дәнекер тіні жасушаларының ядролары. 
V. Орналасуы: Эластинді байламдар желке, көмей омыртқада кездеседі. Омыртқалар арасында сары байлам 
болады, көмейде олар дауыс байламын құрайды.
VI. Қызметі: Байламдардың негізгі функциясы сүйектерді бір-бірімен байланыстыру болып табылады.
 
 
№9-препарат
І. Препарат атауы: 
Эластинді дәнекер тіні. Желке байламының 
бойлық кесіндісі.  
ІІ. Бояуы: гематоксилин – пикрофуксин
ІІІ. Құрылымдардың боялу ерекшелігі:
IV. Құрылымы:
1-эластин талшықтар буданың бойлық кесіндісі; 
2-борпылдақ дәнекер тінінің қабатшалары(эндотеноний); 
3- май жасушалары; 
4- қан тамыры. 
Байламдар – тығыз талшықты қалыптасқан дәнекер тіндерінен 
құралған. Мұнда коллаген талшықтары мен эластин талшықтары 
бір реттілікпен орналсады, олардың арасында борпылдақ талшықты 
дәнекер тінінің өзге де жасушалары орналасады.
Желке байламында эластинді талшықтар басым болғанымен, коллаген талшықтары да 
кездеседі. Талшықтар будалар түзеді, бірінші реттік түзілген буданың сыртын борпылдақ 
дәнекер тіннен қалыптасқан эндотендений, екінші реттік буданы – перитендиний, үшінші 
реттік буданы – эпитендиний қаптайды. Эндотендиний мен перитендиний қабықтарынан 
қантамырлар мен нервтен өтеді. 
V. Орналасуы: Желке байламы – эластикалық талшықтарының саны басым тығыз талшықты 
қалыптасқан дәнекер тіннен түзілген, олар тағы көмейдегі дауыс байламы мен омыртқалар 
арасындағы сары байламдар да кездеседі.
VI. Қызметі: Байламдардың негізгі функциясы сүйектерді бір-бірімен байланыстыру болып 
табылады. 
 
7.Практика 


№1.Препарат. Лимфа түйінің ретикулярлы тініндегі ретикулярлы талшықтар 
1.Атауы: Лимфа түйінің ретикулярлы 
тініндегі ретикулярлы талшықтар. 
2.Бояуы: күміс импрегнациялы 
карминмен боялған х 280 
3.Құрылымдардың боялу ерекшелігі:

Бұл бояу күміс импрецаты ерітіндісін 
сіңіру арқылы тінді ерекшелейтін әдіс. 
Нәтижесінде ретикулярлы тін 
жасушалары анық көрінеді. 
4. Қызметі: Базальды қабаттың астында жұқа фибриллалардың нәзік торын 
құрайды. Сонымен қатар әртүрлі тіндер мен мүшелердің жасушалық 
компоненттерін бөліп, қолдайтын ерекше құрылымдық бірлікті құрайды. 
5.Құрылымы:
1-ретикулярлы талшықтар 
Ретикулярлы тінде ретикулярлы талшықтарың негізін коллаген 
құрайды,оның функциясы 
2-ретикулярлы жасушалармен лимфоциттердің ядролары. 
6.Ораналсуы: Лимфа түйіндерінде кең таралған. Эпителий ұлпасының 
жертөлесінде, май жасушаларының бетінде, бұлшықет жасушаларында, 
Швани жасушаларында кездеседі. 
№2.препарат.Мысық лимфа түйінінің торлы тіні 
1.Атауы:Мысық лимфа түйінінің 
торлы тіні
2.Бояуы: гемотоксилин- эозин х400 
3.Құрылымдардың боялу ерекшелігі: 
Бояуының Құрылысы: гемотоксилин 
эозин гистологияда кең таралған бояу 
әдісі. Гемотоксилинмен жасуша 
цитоплазмасын қызғылт түске 
бояйды.


4. Құрылымы:
1- Рестикулин жасушалары
2- Боз зат бауларының лимфоциттері
3- Қан тамырлары 
5.
Орналасуы: Бұл препарат мысық лимфа түйінінің торлы тіні д.а. 
құрылымға ие , өсінді торлы жасушадан және ретикулярлы талшықтардан 
тұратын дәнекер тінінің бір түрі. 
6.Қызметі: Бұл жасушалар ретикулярлы талшықтарды синтездейді 
ретикулярлы тін қан мүшелерінің стромасын түзеді. Бұл тіндерде 
тармақталған жасушалары бір-бірімен байланысып ттор түріндегі құрылым 
түзеді. 
№3.Препарат:Жаңа туған егеуқұйрықтың қоңыр май тінінің жасушасы 
1.Атауы: Жаңа туған егеуқұйрықтың қоңыр 
май тінінің жасушасы 
2.Бояуы:Электронды микросурет х23000 
3.Құрылымдардың боялу ерекшелігі: 
микросурет боялмайды 
4.Құрылымы:1-митохондриялар,2-липид 
қосындылары;3-ядро. 
Қоңыр май жасушаларының тотығу қабілеті ақ 
май жасушасынан шамамен 20 есе, жүрек бұлшықетінің тотығу қабілетінен 2 
еседей жоғары. Қоршаған орта температурасының төмендеуімен қоңыр май 
тіндеріндегі тотығу процестерінің белсенділігі артады. Сонымен бірге жылу 
энергиясы бөлініп шығады, ол қан капиллярларындағы қанды қыздырады. 
Жылу алмасуын реттеуде триглицеридтерді глицерин мен май 
қышқылдарына дейін ыдырататын тіндік липазаның белсенділігін 
ынталандыратын симпатикалық жүйке жүйесі мен бүйрек үсті милы затының 
гормондары - адреналин мен норадреналин бар. Бұл адипоциттер арасындағы 


көптеген капиллярларда ағып жатқан қанды қыздыратын жылу 
энергиясының бөлінуіне әкеледі. Ашығу кезінде қоңыр май тіні ақ май тініне 
қарағанда аз өзгереді. 
5.Орналасуы:жауырын аймағында,омыртқа бойында тері астында және 
бұлшықетте бекінеді. 
6.Қызметі:жылу өндіру процессіне қатысады 
№4.Препарат:Ақ май тіні.Шажырқай майы 
1.Атауы: Ақ май тіні.Шажырқай майы 
2.Бояуы:микросурет 
4.Қызметі:
5.Құрылымы: 
6.Орналасуы:
Адамдардағы ақ май тіндері тері астына, әсіресе құрсақ 
қабырғасының төменгі бөлігінде,бөкселер мен жамбастарда орналасады, ол 
тері астындағы май қабатын құрайды, шажырқай,мезентерия және 
ретроперитональды аймақта. Май тіндері борпылдақ талшықты дәнекер 
тіннің қабаттарымен әр түрлі мөлшерде және пішіндегі бөлікшелерге аз 
немесе көп мөлшерде айқын бөлінеді. Бөлікшелер ішіндегі май жасушалары 
бір-біріне өте жақын орналасқан. Олардың арасындағы тар кеңістікте 
фибробласттар, лимфоидты элементтер, толық жасушалар орналасады. Май 
жасушалары арасында жұқа коллаген талшықтары барлық бағытта 
бағытталған. Борпылдақ талшықты дәнекер тіннің қабаттарында орналасқан 
қан және лимфа капиллярлары өздерінің ілмектерімен май жасушаларының 
топтарын немесе май тінінің сегменттерін тығыз қоршайды. Май тіндерде 
май қышқылдарының,көмірсулардың алмасуының және көмірсулардан май 
түзілудің белсенді процестері жүреді. 
№5.Препарат: Егеуқұйрық шажырқайынан жасалған тотальді препарат. 
1.Атауы:Егеуқұйрық шажырқайынан жасалған 
тотальді препарат.
2.Бояуы. Пикросириус әдісімен бояу 


Бояуының құрылымы: Пикросириус әдісімен боялған кезде коллаген 
талшықтары сарғыш түске боялады 
3.Орналасуы:Шажырақай ақ май жасушаларында ғана болатын ерекше 
құрылым. Адамдарда ақ май тіндері көбіне тері астында құрсақ қарғасының 
төменгі жағынан,жанбастарда болады.
№6.Препарат:Адипоцит (май жасушасы) 
1.Атауы: Адипоцит (май жасушасы) 
2.Бояу әдісі 
3.Боялу ерекшелігі:Адипоциттің пішіні шар 
тәрізді болады.Цитоплазмасының ортаңғы 
басым бөлігін бір ірі май тамшысы алып 
жатады.Липидтер судан 3 бояуымен -қызғылт-
сары туске,ал осмийдің төрт тотығымен -қара 
түске боялады.Шетке қарай ығыстырылған цитоплазмасының басқа 
жасушаішілік құрылымдары май тамшысын енсіз жиек түрде жиек түрде 
қоршап тұрады.Гистологиялық препаратты жасау кезінде қолданған 
химиялық реактивтер әсерінен майсызданған адипоцит жүзікке 
ұқсайды.Цитоплазмасының қалыңдау жағында сопақ пішінді,пикнозды 
ядросы орналасқан.Электрондық микроскоп арқылы цитоплазмасының ядро 
жанындағы қалыңдау аймағында нащар дамыған органеллалары:бос 
рибосомдары,гр-,агр ЭПТ,Гольджи комлексі және де көптеген жіпше немесе 
таяқша тәрізді митохондриялары көрінеді. 
4.Орналасуы: май тінінде 
5.Құрылысы: 1) адипоциттер
2)қан тамырлары 
Функциялары: трофикалық жылуды сақтайды. Судың метаболизміне 
қатысады. 
№7.Препарат:Қоңыр майлы тіні 
1.Атауы: Қоңыр майлы тіні 
2.Бояуы:гематоксилин-эозин х600 


3.Бояуға толық түсінік:майға құрамында темірі бар пигмент-митохондрия 
цитохромдарықоңыр түс береді. 
4.Құрылымның ерекшелігі:құрамында темірі бар пигмент-цитохром болады. 
5.Орналасуы:Нәрестелерде жауырын аймағында,омыртқа бойында,тері асты 
және бұлшықет арасында кездеседі. 
6.Қызметі:денедегі жылуды сақтап,оны реттеп отырады. 
№8препарат 
1.Атауы:Май тіні шажырқай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет