Препарат құрылысы: Атауы: Бекітілген жасушалардыңпішіндері. Бояуы: Гематоксилин және эозин. Бояуына сипаттама



Pdf көрінісі
бет93/103
Дата02.11.2022
өлшемі6,09 Mb.
#46869
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   103
 
 
Атауы: Таяқша және сауытша 
фоторецепторлы нейрондардың 
ультрамикроскопиялық құрылысы 
Бояуы: Электронды микрофотография 
Боялу ерекшелігі: Микрофотография - бұл 
заттың үлкейтілген бейнесін көрсету үшін 
микроскоппен немесе соған ұқсас құрылғымен 
түсірілген фотосурет немесе сандық сурет. Бұл 
макрографқа немесе фотомакрографқа қарама-
қарсы, микроскоппен түсірілген, бірақ сәл ғана 
үлкейтілген, әдетте 10 еседен аспайтын кескін. 
Микрофотография - фотосуретке түсіру үшін 
микроскоптарды қолдану тәжірибесі немесе 
өнері. Электрондық микрофотография - бұл 
электронды микроскоптың көмегімен 
түсірілген микрограф 
Құрылысы: І-сыртқы сегменті; ІІ-байланыстырушы бөлігі; ІІІ-ішкі сегмент;ІV-денесі; V-
аксоны;
1- таяқшадағы дискілер; 
2- плазмолемма;
3- митохондриялар;
4- эндоплазмалық тор;
5- май тамшысы;
6- кірпікшелер;
7- ядро;
8- синапс. 
Фоторецепторлы нейрондар: таяқша мен колба тәрізді болып жіктеледі.Таяқша 
нейрондар- ымырт кезіндегі рецепторлары болса, ал колба тәрізді түрлері күндізгі 
мезгілдің рецепторлары болып табылады. Құрылысы жағынан фоторецепторлы 
нейрондардың пішіні цилиндр тәрізді, бірнеше бөліктері болатын; дистальді-сыртқы 
сегметінде фооторецепторлы мембраналары болады. Бұл мембраналар жарықты 
қабылдап, тітіркенеді. Сыртқы сегмент байланыстырушы цилий деп аталатын бөлігімен 
ішкі сегментпен байланысады. Ішкі сегментте көптеген митохондриялар, полисомалар, 
Гольджи комплекс т.б. болады. Бұл сегментінде белок синтезі өтеді. Нейронның 
проксимальды денесінен бір аксон шығып биполярлы, горизонтальды нейрондардың 
дендриттерімен синапс түзеді. 


Орналасуы: Адамда таяқша нейрондардың саны 130 млн-дай. Бұл нейрондар қараңғыда 
көретін рецепторлар. Таяқша нейрондардың құрамындағы родопсин-опсин белогі мен «А» 
витамині ретинальдан тұрады.Ал адамда колба тәрізді нейрондардың саны 6-7 млн. Бұлар 
заттың күндізгі кездегі түсін анықтайды. Құрамындағы пигмент иодопсин жарықта белок 
пен ретинальға ыдырайды. 
Функциясы: Таяқша нейрондар кешкі жарықты сезеді, ал сауытша нейрондар күндізгі 
мезгілдің рецепторлары болып табылады. Сауытша тәрізді нейрондардың көпшілігі сары 
дақта орналасқан. Сауытшалар негізі күндізгі көруді қамтамасыз етеді. Сауытшалардың 
туа бітті болмауы ол дальтонизм, яғни түстерді ажырата алмаумен сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет