Препарат құрылысы: Атауы: Бекітілген жасушалардыңпішіндері. Бояуы: Гематоксилин және эозин. Бояуына сипаттама



Pdf көрінісі
бет90/103
Дата02.11.2022
өлшемі6,09 Mb.
#46869
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   103
Байланысты:
ГИСТА ПРЕПАРАТТАР 2-СЕМ толық

 
13 ОБОЖ 
Атауы: Көздің артқы қабырғасы.  
Бояуы: гематоксилин эозин х600 
Боялу ерекшелігі: Гематоксилин – негізгі 
(базофильді) бояғышқа жатады. Ол жасуша ядросын 
күлгін түске бояйды. Эозин – қышқылды 
(оксофильді) бояғыш. Ол жасуша цитоплазмасын 
қызғылт түске бояйды. 
Құрылысы:
Көздің ішкі қабықшасы- торлы 
қабықша- көру анализаторының сенсорлык, 
рецепторлык. бөлігі, ол жерде сәуленің әсерінен 
көру пигменттерінің фотохимиялык айналысы- 
фототрасдукция, нейрондардың биоэлекгрлік 
белсенділігінің өзгеруі байқалады. Көздің артқы полюсінде аздаған ойпаңы- орталық 
шұңқыры бар сары түсті дақ орналасады. Торлы кабыкша радиалды орналаскан 
нейрондардың үш түрінен және синапстардың екі қабатынан кұралған. Нейрондардың 
бірінші түрі- сырт- тай орналасқан- таяқшалы және сауытшалы нейрондар, екінші түрі 
бірінші және екінші типті жасушалардың байланысын іске асыратын- биполярлы 
нейрондар, үшінші түрі-ганглиозды нейрондар. Олардан баска горизонталды 
байланыстарды қамтамасыз ететін- горизонталды және амакринді нейрондар аныкталады. 
А-склера. Б-қан тамырлы қабық.
1- пигментті жасуша;  
2- қан тамыры; торлы қабық;  
3- пигментті эпителий;  
4- таяқша және колба тәрізді нейрондар 
бар қабат;  
5- сыртқы шектеушілік мембрана;  
6- сыртқы дәнді қабат;  
7- сыртқы торлы қабат;  
8- ішкі дәнді қабат: а-екінші нейрон 
денесі; 
б-горизантальді нейрон; вамакринді 
нейрон;  
9- ішкі торлы қабат;  
10-  ганглиозды қабат;  
11- жүйке талшықтарының қабаты;  


12- ішкі шектеушілік мембрана;  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет