Қызметі:
Іштегі нәрестеде – пішін қалыптастырушы,яғни олар кейін сүйек тіні дамуына негіз
болады.
Постнаталды кезеңде қабырғаның төспен байланысқан бөліктері, буын беттері, ауа
тасымалдау жолдарының қабырғаларын құрайды
Орналасуы (гиалинді шеміршек): Қабырғаның төспен байланысқан бөліктері, буын
беттері, ауа тасымалдау жолдарының қабырғалары, іштегі нәресте қаңқасының басым
бөлігі.
8 – практикалық сабақ:
Сүйектің мезенхимадан дамуы (ұрықтың төменгі жақ сүйегі).
Бояуы: гематоксилин-эозин.х400.
Боялуының сипаттамасы: Сүйек жасушалары негіздік бояулармен боялады, яғни
гемотоксилин мен, себебі олардың ядролары қышқылдық қасиетке ие. Ал ЖАЗ
қышқылдық бояумен боялады, яғни эозинмен. Гематоксилин-негізгі бояғыш және көк-
күлгін түсті ядроларды бояйды; эозин – қышқыл бояғыш және цитоплазманы қызғылт
және аз дәрежеде жасушадан тыс құрылымдармен бояйды
Құрылысы:1-мезенхима; 2-сүйек трабекулаларында орналасқан остеоциттер; 3-сүйек
трабекулаларының бетінде орналасқан остеобластар.
Достарыңызбен бөлісу: